Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Павлодардағы жаңа емханада болды
Павлодарға жұмыс сапарымен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев №4 емханаға ат басын бұрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Президент емхананы аралап шығып, жетекші дәрігерлермен және медбикелермен әңгімелесті. Олар Елбасына озық медициналық техникалар және медицина кадрларын оқытуға бөлініп отырған назар үшін алғыстарын білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық медицина жедел болуы қажеттігін атап өтті, соның ішінде науқастарды шұғыл тасымалдау үшін тікұшақтарды қолдануда. Әлеуметтік нысан болашағы мол Усолка ықшамауданында бой көтерген және оның тұрғындарының медициналық қызметтерге деген барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып отыр. Заманауи үш қабатты медициналық кешен күніне 150 баланы және 350 ересек науқасты қабылдауға лайықталған. Емхана тың медициналық құрылғылармен жарақтандырылған. Мәселен, экспресс-зертханада талдауларға бір сағаттан аз уақыт жұмсалады. Сондай-ақ құны 30 млн.теңгені құрайтын заманауи рентген аппараты жұмыс істейді. Денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іргесі қаланған жаңа медициналық мекеме «Электрондық тіркеу» тәсілі бойынша қызмет етеді. Дәрігерге қабылдауға Онлайн режімінде немесе Ғаламтор арқылы жазылуға болады.
Бақ.кз