Жаңалықтар

Тарих жазу үшін жағдай жасау керек

Тарих ғылымына мемлекеттік тұрғыдан бірінші рет назар аударылып отырған жоқ. Мұның алдарындағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу», «Мәдениетті қолдау» жылдарының арқасында төл тарихымыз бойынша түбегейлі зерттеулер жүргізіліп келген болатын. Аталған тақырыпқа орай «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Данагүл Махат өз пікірін білдірді. Академик Манаш Қозыбаевтың жетекшілігімен Тарих институты 1995 жылы ұлттық тарих тұжырымдамасын жасап шықты. Міне, Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің баяндамасына байланысты ел тарихын ұлттық тұрғыдан зерделеу барысында осы тұжырымдама ескерілуі тиіс.  Тарих жазу үшін оның методологиясы неғұрлым мықты болғаны маңызды. Монография, зерттеу жұмыстары ғылыми әдістемелікке сүйеніп жазылғаны дұрыс. Қазақ тарихының әр кезеңдері жеке-жеке терең зертелуі тиіс. Мәселен, 20 ғасырды зерттеп жүрген ғалымның отыра қалып, мысал үшін Қыпшақтар тарихын сапалы жазып тастайды дегеніне өз басым сенбеймін. Сондықтан әр кезеңнің тарихын жазатын өз тарихшылары белгіленіп, бекітілуі тиіс. Ең бір ескеретіні, ғалымдарымыздың еңбегі еленіп, әлеуметтік жағдайын да жасап беру керек. Тарихшы тұрмыстың басқа ауыртпалықтарына алаңдамай, тек ғылыммен ғана шұғылдануы тиіс. Сондай-ақ, тарих жазушыларға жеткілікті көлемде гранд бөлінуі керек. Қазір мемлекет тарапынан ғылым-білімге оң бетбұрыс байқалып келеді. Сондықтан көтеріліп отырған мәселелер оң шешіледі деп сенеміз. Жазып алған Дәулетқали АСАУОВ, Baq.kz
24.06.2013 05:20 2780

Тарих ғылымына мемлекеттік тұрғыдан бірінші рет назар аударылып отырған жоқ. Мұның алдарындағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу», «Мәдениетті қолдау» жылдарының арқасында төл тарихымыз бойынша түбегейлі зерттеулер жүргізіліп келген болатын. Аталған тақырыпқа орай «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Данагүл Махат өз пікірін білдірді.

Академик Манаш Қозыбаевтың жетекшілігімен Тарих институты 1995 жылы ұлттық тарих тұжырымдамасын жасап шықты. Міне, Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің баяндамасына байланысты ел тарихын ұлттық тұрғыдан зерделеу барысында осы тұжырымдама ескерілуі тиіс. 
Тарих жазу үшін оның методологиясы неғұрлым мықты болғаны маңызды. Монография, зерттеу жұмыстары ғылыми әдістемелікке сүйеніп жазылғаны дұрыс. Қазақ тарихының әр кезеңдері жеке-жеке терең зертелуі тиіс. Мәселен, 20 ғасырды зерттеп жүрген ғалымның отыра қалып, мысал үшін Қыпшақтар тарихын сапалы жазып тастайды дегеніне өз басым сенбеймін. Сондықтан әр кезеңнің тарихын жазатын өз тарихшылары белгіленіп, бекітілуі тиіс. Ең бір ескеретіні, ғалымдарымыздың еңбегі еленіп, әлеуметтік жағдайын да жасап беру керек. Тарихшы тұрмыстың басқа ауыртпалықтарына алаңдамай, тек ғылыммен ғана шұғылдануы тиіс. Сондай-ақ, тарих жазушыларға жеткілікті көлемде гранд бөлінуі керек. Қазір мемлекет тарапынан ғылым-білімге оң бетбұрыс байқалып келеді. Сондықтан көтеріліп отырған мәселелер оң шешіледі деп сенеміз.

Жазып алған Дәулетқали АСАУОВ, Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға