Жаңалықтар

Тәжікстан ұлттық саябағы ЮНЕСКО тізіміне енді

Тәжікстанның Памир таулы өлкесінде орын тепкен ұлттық саябақ ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енді. Мұндай шешім БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет комитетінің 37-ші сессиясында қабылданды.  Тәжікстанның шығысында орналасқан қорық 2,5 миллион гектарды алып жатыр. Ұланғайыр жерде 170 өзен, 400-ден аса көл, оған қоса Поляр шеңберінің сыртында орнасқан аса ірі мұздақ бар. Памир өлкесі биік таулы жүйе болып табылады. Оның кейбір шыңдарының биіктігі теңіз деңгейінен 7 мың метрден жоғары. ҚазАқпарат.
24.06.2013 03:20 3417

Тәжікстанның Памир таулы өлкесінде орын тепкен ұлттық саябақ ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енді.

Мұндай шешім БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет комитетінің 37-ші сессиясында қабылданды.

 Тәжікстанның шығысында орналасқан қорық 2,5 миллион гектарды алып жатыр. Ұланғайыр жерде 170 өзен, 400-ден аса көл, оған қоса Поляр шеңберінің сыртында орнасқан аса ірі мұздақ бар. Памир өлкесі биік таулы жүйе болып табылады. Оның кейбір шыңдарының биіктігі теңіз деңгейінен 7 мың метрден жоғары.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға