Жаңалықтар

Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды

Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды. Құрлықтық бәсекенің алғашқы жеңімпаздары 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер арасында анықталды.  Бұл туралы Sports.kz. жазады. Ең жеңіл салмақ дәрежесінде ел намысын Галина Мамотова қорғады. Алғашқы жаттығуда спортшы 77 келілік зілтемірді көтерді, ал жұлқа көтеруде 90 келіні бағындыра алды, жалпы - 167 келі. Тізімнің 4-інші сатысында болған Мамотова байрақты доданың нәтижесі бойынша бесінші орынға сырғыды. Солтүстік Кореяның өкілі Рян Чунь Хва алтыннан алқа тағынса, индонезиялық Сирл Шагуани екінші орынды иеленді. Кола жүлде вьетнамдық Хуан До Хуайға бұйырды. ҚазАқпарат.
21.06.2013 09:25 2831

Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды. Құрлықтық бәсекенің алғашқы жеңімпаздары 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер арасында анықталды. 

Бұл туралы Sports.kz. жазады.

Ең жеңіл салмақ дәрежесінде ел намысын Галина Мамотова қорғады. Алғашқы жаттығуда спортшы 77 келілік зілтемірді көтерді, ал жұлқа көтеруде 90 келіні бағындыра алды, жалпы - 167 келі. Тізімнің 4-інші сатысында болған Мамотова байрақты доданың нәтижесі бойынша бесінші орынға сырғыды.

Солтүстік Кореяның өкілі Рян Чунь Хва алтыннан алқа тағынса, индонезиялық Сирл Шагуани екінші орынды иеленді. Кола жүлде вьетнамдық Хуан До Хуайға бұйырды.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға