Жаңалықтар

Астана күніне рекордтық ұзындықтағы сырмақ тігілуде

Астана күніне арнайы 73 метрлік қарала сырмақ тігілуде. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин Фейсбуктегі жеке парақшасында хабарлады.  «Жақында осы фейсбук арқылы бір журналист інім, Алматы облысының Текелі қаласында тұрып жатқан, өзі кезінде Қытайдан келген Жұман Зада есімді апамыздың Астана күніне арнайы 73 метрлік қарала сырмақ тігіп жатқанын хабарлап еді», деп жариялады Е.Қарин. Ұзындығы бойынша рекордтық көрсеткіштегі сырмақ 25 маусымда дайын болады екен. «Бұл сырмақты сосын Астанада жаңадан салынып жатқан, 9 қабатты Ұлттық тарих мұражайына тапсырмаса, басқа сақтайтын жердің өзін табу қиын шығар», деген ұсыныс жасап отыр Ерлан Тынымбайұлы. Уикипедияның қазақша нұсқасында сырмақ - киізден жасалып, өрнектелген қазақтың төсеніштері, деп көрсетілген. Көбіне үйдің қабырғалары мен еденін сәндеу үшін қолданылатын қолдан жасалған, арнайы тоқу технологиялары бар бұйымдар.  BNEWS
21.06.2013 06:40 4631

Астана күніне арнайы 73 метрлік қарала сырмақ тігілуде. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин Фейсбуктегі жеке парақшасында хабарлады. 

«Жақында осы фейсбук арқылы бір журналист інім, Алматы облысының Текелі қаласында тұрып жатқан, өзі кезінде Қытайдан келген Жұман Зада есімді апамыздың Астана күніне арнайы 73 метрлік қарала сырмақ тігіп жатқанын хабарлап еді», деп жариялады Е.Қарин.
Ұзындығы бойынша рекордтық көрсеткіштегі сырмақ 25 маусымда дайын болады екен.
«Бұл сырмақты сосын Астанада жаңадан салынып жатқан, 9 қабатты Ұлттық тарих мұражайына тапсырмаса, басқа сақтайтын жердің өзін табу қиын шығар», деген ұсыныс жасап отыр Ерлан Тынымбайұлы.
Уикипедияның қазақша нұсқасында сырмақ - киізден жасалып, өрнектелген қазақтың төсеніштері, деп көрсетілген. Көбіне үйдің қабырғалары мен еденін сәндеу үшін қолданылатын қолдан жасалған, арнайы тоқу технологиялары бар бұйымдар. 

BNEWS

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға