Жаңалықтар

Бүгін ел мектептерінде түлектер кеші өтеді

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде жалпы орта білім туралы аттестат салтанатты түрде табысталып, түлектердің кештері өтеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. ҚР БҒМ өкілдері күннің алғашқы жартысында елордадағы бірқатар білім ошақтарының салтанатты іс-шараларына қатысатын болады. Астаналық мектеп бітірушілер үшін жалпы қалалық салтанатты шара «Қазақ елі» алаңында сағат 17.00 басталады деп күтілуде. ҚазАқпарат.
21.06.2013 03:41 2879

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде жалпы орта білім туралы аттестат салтанатты түрде табысталып, түлектердің кештері өтеді.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР БҒМ өкілдері күннің алғашқы жартысында елордадағы бірқатар білім ошақтарының салтанатты іс-шараларына қатысатын болады.

Астаналық мектеп бітірушілер үшін жалпы қалалық салтанатты шара «Қазақ елі» алаңында сағат 17.00 басталады деп күтілуде.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға