Жаңалықтар

2030 жылдары Алматының тұрғындар саны шегіне жетеді

2030 жылдары Алматы мен қаламаңы кентінің тұрғындар саны шегіне жетеді, бұл туралы Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын талқылау барысында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның Астана филиалы директорының орынбасары Аманжол Чиканаев жария етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «Егер 1990 жылы Алматы тұрғыны 1 млн 160 мың болса 2013 жылы бл көрсеткіш 1 475 579 жетті, 2030 халық саны шегіне жетеді», - деді А.Чиканаев. Оның айтуына қарағанда, ауылдық жерлерден ірі қалаларға жаппай көшуді тоқтату үшін ауыл және қала халқына тең жағдай жасалуы керек. «Тұрғындарды қоныстандыру жүйесі бізде кеңес кезінен бері қалыптасқан, қазір бір екі қарама қайшы тенденцияны көріп отырмыз. Бір жағынан халық саны өсіп келе жатқан қалалар, және ауыл тұрғындарының қалаға келуі. Біз ірі тауар өндірісі кентті құрайтын жаңа елдімекендердің пайда болуына әкелетін негіз екенін айтудамыз. Тартымды әрі жайлы ірі ауылдар халықтың орнығуына мүмкіндік береді. Тұрғындарымыз ауылда тұрса да қалада тұрса да тең жайлы өмір жағдайы болуы тиіс», - деп мәлімдеді А.Чиканаев. Ол сондай-ақ жайлы жағдай жасалған кенттерді агроқалалар деп атауды ұсынды. Естеріңізге сала кетейін, бүгін Алматыда жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі баптарын келісу және талқылауы өтті.   BNEWS  
20.06.2013 10:05 3032

2030 жылдары Алматы мен қаламаңы кентінің тұрғындар саны шегіне жетеді, бұл туралы Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын талқылау барысында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның Астана филиалы директорының орынбасары Аманжол Чиканаев жария етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Егер 1990 жылы Алматы тұрғыны 1 млн 160 мың болса 2013 жылы бл көрсеткіш 1 475 579 жетті, 2030 халық саны шегіне жетеді», - деді А.Чиканаев.

Оның айтуына қарағанда, ауылдық жерлерден ірі қалаларға жаппай көшуді тоқтату үшін ауыл және қала халқына тең жағдай жасалуы керек.

«Тұрғындарды қоныстандыру жүйесі бізде кеңес кезінен бері қалыптасқан, қазір бір екі қарама қайшы тенденцияны көріп отырмыз. Бір жағынан халық саны өсіп келе жатқан қалалар, және ауыл тұрғындарының қалаға келуі. Біз ірі тауар өндірісі кентті құрайтын жаңа елдімекендердің пайда болуына әкелетін негіз екенін айтудамыз. Тартымды әрі жайлы ірі ауылдар халықтың орнығуына мүмкіндік береді. Тұрғындарымыз ауылда тұрса да қалада тұрса да тең жайлы өмір жағдайы болуы тиіс», - деп мәлімдеді А.Чиканаев.
Ол сондай-ақ жайлы жағдай жасалған кенттерді агроқалалар деп атауды ұсынды.

Естеріңізге сала кетейін, бүгін Алматыда жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі баптарын келісу және талқылауы өтті.  

BNEWS

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға