Жаңалықтар

ХС бөлім

Повестегi “Жолбарыс сүрлеуi” аңыз-оқиғасы да шығарманың идеялық-эстетикалық самағын арттыра түскен. Жолбарыс – шындық – символ. Д.Досжановтың “Күмiс керуен” повесiндегi керуен оқиғасы да символ үшiн алынған. Жазушы жерi тозып, құты қаша бастаған Қызылқұм тағдырын осы күмiс керуенмен салыстыра отырып ишаралап көрсетедi. Повестiң негiзгi кейiпкерi – Досмағамбет түйешi. Оның күндiз-түнi ойлайтыны бүгiнде тұқымы құруға айналған аз түйенi сақтап қалу. Бiрақ осы қасиеттi түлiкке шаруашылық басшыларының да, басқаларының да немқұрайды қарайтындары қинайды оны. Тiптi түйе түлiгiн мал екен деп, елеп, ескерiп жүрген бiр пенде жоқ. Ең әуелi ауыл маңын таза сақтаймыз, парк ашамыз деп түйелердi қырға қуды. “Қырдағы қарасораны, тiкендi, шеңгелдi жесе де өлмейдi,”—дестi. Ол ол ма? Бiресе совхоз директоры: “Әйелiм түйенiң кiртiлдеген майлы өркешiне жерiк болып жүр, жас тайлақты қарақұрт тидi деп актiден шығарамыз, сойып кешкiлiкте үйге жеткiзiп тастаңдар”,—дейдi. Бiресе ферма бастық: “Ойбай, түйенiң желкiлдеген шудасын тауып бер, белiме басайын, көрпе-жастық жасайын, құяңым ұстап тегi көтертпей жүр”,—деп зар-мұңын айта келедi. “Бұларың не?!”—деген Досмағамбетке олар: “Бастық бiз бе, әлде сен бе?”—деп әкiреңдеп шыға келедi. Қарап тұрсақ, Досмағамбеттен басқа ешкiмнiң түйеге жаны ашымайды. Бас-бух пен ферма меңгерушiсi Барыпкелдiң ойлайтыны – өз бастарының қамы. Автор осылайша повесте түйешi Досмағамбет, оның баласы Кемеңгер, Барыпкел, Бас-Бух, оның әйелi, геолог сияқты кейiпкерлер бейнесiн жасаған. Бұл бейнелер құм өңiрiнiң тiршiлiк-тынысын жан-жақты таныта түседi. Дегенмен, шығарманың негiзгi айтпақ идеясы Досмағамбет пен Кемеңгер айналасында ашылады. Екеуi бiрiн-бiрi толықтырып отыратын бейнелер. Кемеңгердi де осы Қызылқұм өңiрiнiң тозып бара жатқаны, сусыған құмның көгiлдiр ойпат ентелей жалмап, қит етсе, бет қаратпайтын дүлейi борап, аңы мен сексеуiлi сиреп кеткенi қинайды. Сондықтан да бұл Досмағамбет ойының жалғасы, оны алға дамытушы. Құм өңiрiнiң болашағы да осындай жастардың қолында деген ойға келесiң. Осыған байланысты автор Күмiс керуен елес-аңызын символ үшiн алып отыр. Күмiс керуен—Қызылқұмның иесi, болашағы. Бұл туралы ел аңызы: “°р жердiң қасиет-қадiрiн арқалап жұретiн керуенi болады, ол керуен iлуде ғана бейкұнә, адал адамның көзiне шалынады дейдi екен. Ендеше Кемеңгер бұл Күмiс керуендi күнде көредi. Әйтсе де Кемеңгердi жатса да, тұрса да жадынан қалмай, жанын мазалап, ұятын түрткiлеп оятып жүрген бiр қиял бар. Осынау аңызақ аптабы мол, желi азынаған, күнi күйдiрген, құмы көшкен мазаң өлкенiң әлi де қасиетi жоғала қоймаса, ырзығы таусылып бiтпесе, жер иесi – Күмiс керуен – тастап кетуге қимай шырқ айналып шерулеп жүрсе—Қызылқұмның төсiнен ел неге ауып жатыр? Түйе түлiгi күрт азайып кеткенi қалай?” Осы сан сауал Кемеңгердiң санасын әрi-берiден аш масаша талағанда басы ауған жағына безiп кеткiсi келедi. Бiрақ, туған жерiн қимайды. Ойлап-ойлап бұл тiршiлiкте кiсiнi қияли қып аздыратын да, берекесiз етiп тоздыратын да, күш-қуат берiп оздыратын да бойына сiңген туған жер қасиет-қадiрiнiң иә аз, иә көптiгiне байланысты екенiн шындап ұғына түседi. Осылай Кемеңгер ойы мен Күмiс керуен аңыз-елесi астасып, тұтасып шығарманың идеялық-эстетикалық салмағын арттыра түскен.[1] [1] Мәмесейiтов Т. Замандастың жан сыры. Кiтапта: Уақыт және қаламгер. 12-кiтап. Алматы: Жазушы, 1986.—33-36 беттер.  
20.06.2013 09:30 3028

Повестегi “Жолбарыс сүрлеуi” аңыз-оқиғасы да шығарманың идеялық-эстетикалық самағын арттыра түскен. Жолбарыс – шындық – символ.

Д.Досжановтың “Күмiс керуен” повесiндегi керуен оқиғасы да символ үшiн алынған. Жазушы жерi тозып, құты қаша бастаған Қызылқұм тағдырын осы күмiс керуенмен салыстыра отырып ишаралап көрсетедi.

Повестiң негiзгi кейiпкерi – Досмағамбет түйешi. Оның күндiз-түнi ойлайтыны бүгiнде тұқымы құруға айналған аз түйенi сақтап қалу. Бiрақ осы қасиеттi түлiкке шаруашылық басшыларының да, басқаларының да немқұрайды қарайтындары қинайды оны. Тiптi түйе түлiгiн мал екен деп, елеп, ескерiп жүрген бiр пенде жоқ. Ең әуелi ауыл маңын таза сақтаймыз, парк ашамыз деп түйелердi қырға қуды. “Қырдағы қарасораны, тiкендi, шеңгелдi жесе де өлмейдi,”—дестi. Ол ол ма? Бiресе совхоз директоры: “Әйелiм түйенiң кiртiлдеген майлы өркешiне жерiк болып жүр, жас тайлақты қарақұрт тидi деп актiден шығарамыз, сойып кешкiлiкте үйге жеткiзiп тастаңдар”,—дейдi. Бiресе ферма бастық: “Ойбай, түйенiң желкiлдеген шудасын тауып бер, белiме басайын, көрпе-жастық жасайын, құяңым ұстап тегi көтертпей жүр”,—деп зар-мұңын айта келедi. “Бұларың не?!”—деген Досмағамбетке олар: “Бастық бiз бе, әлде сен бе?”—деп әкiреңдеп шыға келедi. Қарап тұрсақ, Досмағамбеттен басқа ешкiмнiң түйеге жаны ашымайды. Бас-бух пен ферма меңгерушiсi Барыпкелдiң ойлайтыны – өз бастарының қамы. Автор осылайша повесте түйешi Досмағамбет, оның баласы Кемеңгер, Барыпкел, Бас-Бух, оның әйелi, геолог сияқты кейiпкерлер бейнесiн жасаған. Бұл бейнелер құм өңiрiнiң тiршiлiк-тынысын жан-жақты таныта түседi.

Дегенмен, шығарманың негiзгi айтпақ идеясы Досмағамбет пен Кемеңгер айналасында ашылады. Екеуi бiрiн-бiрi толықтырып отыратын бейнелер. Кемеңгердi де осы Қызылқұм өңiрiнiң тозып бара жатқаны, сусыған құмның көгiлдiр ойпат ентелей жалмап, қит етсе, бет қаратпайтын дүлейi борап, аңы мен сексеуiлi сиреп кеткенi қинайды. Сондықтан да бұл Досмағамбет ойының жалғасы, оны алға дамытушы. Құм өңiрiнiң болашағы да осындай жастардың қолында деген ойға келесiң. Осыған байланысты автор Күмiс керуен елес-аңызын символ үшiн алып отыр. Күмiс керуен—Қызылқұмның иесi, болашағы. Бұл туралы ел аңызы: “°р жердiң қасиет-қадiрiн арқалап жұретiн керуенi болады, ол керуен iлуде ғана бейкұнә, адал адамның көзiне шалынады дейдi екен. Ендеше Кемеңгер бұл Күмiс керуендi күнде көредi. Әйтсе де Кемеңгердi жатса да, тұрса да жадынан қалмай, жанын мазалап, ұятын түрткiлеп оятып жүрген бiр қиял бар. Осынау аңызақ аптабы мол, желi азынаған, күнi күйдiрген, құмы көшкен мазаң өлкенiң әлi де қасиетi жоғала қоймаса, ырзығы таусылып бiтпесе, жер иесi – Күмiс керуен – тастап кетуге қимай шырқ айналып шерулеп жүрсе—Қызылқұмның төсiнен ел неге ауып жатыр? Түйе түлiгi күрт азайып кеткенi қалай?” Осы сан сауал Кемеңгердiң санасын әрi-берiден аш масаша талағанда басы ауған жағына безiп кеткiсi келедi. Бiрақ, туған жерiн қимайды. Ойлап-ойлап бұл тiршiлiкте кiсiнi қияли қып аздыратын да, берекесiз етiп тоздыратын да, күш-қуат берiп оздыратын да бойына сiңген туған жер қасиет-қадiрiнiң иә аз, иә көптiгiне байланысты екенiн шындап ұғына түседi.

Осылай Кемеңгер ойы мен Күмiс керуен аңыз-елесi астасып, тұтасып шығарманың идеялық-эстетикалық салмағын арттыра түскен.[1]



[1] Мәмесейiтов Т. Замандастың жан сыры. Кiтапта: Уақыт және қаламгер. 12-кiтап. Алматы: Жазушы, 1986.—33-36 беттер.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға