Жаңалықтар

LXXXVIII бөлім

Қарабайырлау болып көрiнетiн теңеулер шығармаларын ұлттық тiршiлiктен жаратып, ұлттық характерлер арқылы ой айтатын автор үшiн тұрмыстық детальға айналады екен. Сонымен қатар, жоғарыда айтып өткенiмiздей, Д.Исабековтiң стильдiк мәнерiн—шығарманың басталуы аңғартады. Яғни автордың айтар ойының шақыртқысы секiлдi. “Желтоқсанның ызғарлы күндерi де басталды мiне”. “Сүйекшi” повесiнiң алғашқы сөйлемi. Повестiң әрi қарай суық тағдыр баяндалар оқиғасының фоны – табиғат құбылысы. Әрi осынау суық ызғар Тұңғыштың трагедиясы. Әрi осынау жолдар шығарманың көңiл-күйi. “Он ойланып, тоғыз толғаныстан туғандықтан ба, Дулаттың әр шығармасының басталуы мәндi, белгiлi бiр мақсатты аңғартарлық болып шығады. Ал аяқталуы жайлы дәл осылай кесiп-пiшiп айту қиын. Шығарма финалы көбiне өмiрдiң өзiндей табиғи. Қарапайым. Кейде композициялық шешiм, автордың түйiндi ойына лайықталатынын да жоққа шығармайық. Дегенмен шығарма финалы авторды дәл бастауындай қиналмас. Шығарма логикасы, шабыт инерциясы қалай аяқтауды анықтап берер авторға”[1]. Түптеп келгенде, “Сүйекшi” мен “Тiршiлiк” повестерiнен жазушы қаламының қырағылығына, сергектiгiне көз жеткiземiз: көбiмiздiң көзiмiз көрсе де көңiлiмiз көрмеген жайлар көркемдiк тұрғыдан игерiлiп, тиiстi шешiмiн тапқанда барып, жазушы шеберлiгi туралы ойға берiлетiнiмiз рас қой. Д.Исабеков повестерiне де сондай қасиет тән. Жазушы Д.Исабеков шығармаларын ыждағатпен оқу шарт. Оның шығармалары көркемдiк образы айқын, құрылымы қарапайым екенiне, жалпы шығармашылығының демократиялық сипатына қарамастан көркемдiк әлем лабиринттерiнен жол табу – оқырманның жан еңбегiн қажет етедi. Бүкiладамзаттық мәселелердi ұлттық кеңiстiкте қарастыратын жазушы шығармашылығының күрделiлiгi де осы көз алдар қарапайымдылығында, өмiр – болмыспен бетпе-бет келе отырып рухани тынысты, рухани процестердi зерделер-зерделетер зиялы бастауында. Осы бiр орайдан қарастырғанда жазушы шығармашылығы ойланамын деген жанға бiрталай ырыздық бередi. Оның қай жанрдағы туындыларында да адамға, бейкемел өмiрге деген үлкен сүйiспеншiлiк сезiлер едi. Өз танымында Д.Исабеков – мәңгiлiк толғақ қысқан әрi уыстан шығып кете беретiн өмiр – болмыспен бетпе-бет келiп, оған зиялы қарсылық жасайтын суреткер, гуманист. Шеберлiкте шек болмайды. Д.Исабеков – тоқтаған жазушы емес. Iзденiс үстiнде жүрген, әлi әр қырынан жаңаланар, творчестволық түлеуге тиiстi жазушы. Шама-шарқымызша талдаған шығармалар бiр-бiрiне ұқсамайды. Ұқсамас сәт, творчестволық сан тұлеу әлi алда жатқан шығар. Ол соңына қайырылып қарағанымен өзiн қайталамауға, алдағы асуы алған биiгiне, жеткен шеберлiгiне Ұқсамауға тиiстi.   Дулат Исабеков шығармашылығы туралы еңбектер:   1.      Сөзстан. Жас қаламгерлер кiтапханасы. Алматы, Жалын, 1985. 2.      Тоқбергенов Т. Тоғыз тарау. Алматы, Жазушы, 1974. 3.      Тоқбергенов Т. Үш тоғыс.  Әдеби сын. Алматы, Жазушы, 1977. 4.      Ыбырайымов Б. Көркемдiк көкжиегi. Әдеби сын. Алматы, Жазушы, 1981. 5.      Ергөбеков Қ. Баянғұмыр. Алматы, Жазушы, 1991. 6.      Уақыт және қаламгер. Бiрiншi кiтап. Құрастырған Ә.Жәмiшев. Алматы, Жазушы, 1973. 7.      Елеукенов Ш. Замандас парасаты. Алматы, Жазушы, 1977. 8.      Әшiмбаев С: Шындыққа сүйiспеншiлiк. Алматы, Жазушы, 1993. 9.      Әшiмбаев С. Талантқа тағзым. Алматы, Жазушы, 1992. 10.  Сыдықов Т. Мұрат пен мiндет. Алматы, Жазушы, 1987. 11.  Уақыт және қаламгер. Жетiншi кiтап. Алматы, Жазушы, 1980. 12.  Бөпежанова Ә. Болмыспен бетпе-бет. // Егемен Қазақстан. 16 қазан, 2002. 13.  Нұржекеұлы Бексұлтан Дулаттың ой азабы. // Жас алаш. 19 қазан, 2002. 14.  Нұрғали О. Бәрiмiздi жылытқан оттың күлi (Жазушы Дулат Исабеков 60 жаста). // Ақжелкен, №  8. 15.  Кекiлбайұлы Ә. Талантты Ұрпақтың тағылымды келбетi. // Егемен Қазақстан, 29 қараша, 2002. 16.  Жұмабаев Б. Дуалы ауыз Дулатым. // Оңтүстiк Қазақстан. №  73-74, 1999. [1] Ергјбек І. µлтын сѕйген жѕрек ѕнi // Іазає ёдебиетi, 1992, 23 єазан, 3-б.  
20.06.2013 06:16 4201

Қарабайырлау болып көрiнетiн теңеулер шығармаларын ұлттық тiршiлiктен жаратып, ұлттық характерлер арқылы ой айтатын автор үшiн тұрмыстық детальға айналады екен.

Сонымен қатар, жоғарыда айтып өткенiмiздей, Д.Исабековтiң стильдiк мәнерiн—шығарманың басталуы аңғартады. Яғни автордың айтар ойының шақыртқысы секiлдi.

“Желтоқсанның ызғарлы күндерi де басталды мiне”.

“Сүйекшi” повесiнiң алғашқы сөйлемi. Повестiң әрi қарай суық тағдыр баяндалар оқиғасының фоны – табиғат құбылысы. Әрi осынау суық ызғар Тұңғыштың трагедиясы. Әрi осынау жолдар шығарманың көңiл-күйi.

“Он ойланып, тоғыз толғаныстан туғандықтан ба, Дулаттың әр шығармасының басталуы мәндi, белгiлi бiр мақсатты аңғартарлық болып шығады. Ал аяқталуы жайлы дәл осылай кесiп-пiшiп айту қиын. Шығарма финалы көбiне өмiрдiң өзiндей табиғи. Қарапайым. Кейде композициялық шешiм, автордың түйiндi ойына лайықталатынын да жоққа шығармайық. Дегенмен шығарма финалы авторды дәл бастауындай қиналмас. Шығарма логикасы, шабыт инерциясы қалай аяқтауды анықтап берер авторға”[1].

Түптеп келгенде, “Сүйекшi” мен “Тiршiлiк” повестерiнен жазушы қаламының қырағылығына, сергектiгiне көз жеткiземiз: көбiмiздiң көзiмiз көрсе де көңiлiмiз көрмеген жайлар көркемдiк тұрғыдан игерiлiп, тиiстi шешiмiн тапқанда барып, жазушы шеберлiгi туралы ойға берiлетiнiмiз рас қой. Д.Исабеков повестерiне де сондай қасиет тән.

Жазушы Д.Исабеков шығармаларын ыждағатпен оқу шарт. Оның шығармалары көркемдiк образы айқын, құрылымы қарапайым екенiне, жалпы шығармашылығының демократиялық сипатына қарамастан көркемдiк әлем лабиринттерiнен жол табу – оқырманның жан еңбегiн қажет етедi. Бүкiладамзаттық мәселелердi ұлттық кеңiстiкте қарастыратын жазушы шығармашылығының күрделiлiгi де осы көз алдар қарапайымдылығында, өмiр – болмыспен бетпе-бет келе отырып рухани тынысты, рухани процестердi зерделер-зерделетер зиялы бастауында. Осы бiр орайдан қарастырғанда жазушы шығармашылығы ойланамын деген жанға бiрталай ырыздық бередi. Оның қай жанрдағы туындыларында да адамға, бейкемел өмiрге деген үлкен сүйiспеншiлiк сезiлер едi. Өз танымында Д.Исабеков – мәңгiлiк толғақ қысқан әрi уыстан шығып кете беретiн өмiр – болмыспен бетпе-бет келiп, оған зиялы қарсылық жасайтын суреткер, гуманист.

Шеберлiкте шек болмайды.

Д.Исабеков – тоқтаған жазушы емес. Iзденiс үстiнде жүрген, әлi әр қырынан жаңаланар, творчестволық түлеуге тиiстi жазушы. Шама-шарқымызша талдаған шығармалар бiр-бiрiне ұқсамайды. Ұқсамас сәт, творчестволық сан тұлеу әлi алда жатқан шығар. Ол соңына қайырылып қарағанымен өзiн қайталамауға, алдағы асуы алған биiгiне, жеткен шеберлiгiне Ұқсамауға тиiстi.

 

Дулат Исабеков шығармашылығы туралы еңбектер:

 

1.      Сөзстан. Жас қаламгерлер кiтапханасы. Алматы, Жалын, 1985.

2.      Тоқбергенов Т. Тоғыз тарау. Алматы, Жазушы, 1974.

3.      Тоқбергенов Т. Үш тоғыс.  Әдеби сын. Алматы, Жазушы, 1977.

4.      Ыбырайымов Б. Көркемдiк көкжиегi. Әдеби сын. Алматы, Жазушы, 1981.

5.      Ергөбеков Қ. Баянғұмыр. Алматы, Жазушы, 1991.

6.      Уақыт және қаламгер. Бiрiншi кiтап. Құрастырған Ә.Жәмiшев. Алматы, Жазушы, 1973.

7.      Елеукенов Ш. Замандас парасаты. Алматы, Жазушы, 1977.

8.      Әшiмбаев С: Шындыққа сүйiспеншiлiк. Алматы, Жазушы, 1993.

9.      Әшiмбаев С. Талантқа тағзым. Алматы, Жазушы, 1992.

10.  Сыдықов Т. Мұрат пен мiндет. Алматы, Жазушы, 1987.

11.  Уақыт және қаламгер. Жетiншi кiтап. Алматы, Жазушы, 1980.

12.  Бөпежанова Ә. Болмыспен бетпе-бет. // Егемен Қазақстан. 16 қазан, 2002.

13.  Нұржекеұлы Бексұлтан Дулаттың ой азабы. // Жас алаш. 19 қазан, 2002.

14.  Нұрғали О. Бәрiмiздi жылытқан оттың күлi (Жазушы Дулат Исабеков 60 жаста). // Ақжелкен, №  8.

15.  Кекiлбайұлы Ә. Талантты Ұрпақтың тағылымды келбетi. // Егемен Қазақстан, 29 қараша, 2002.

16.  Жұмабаев Б. Дуалы ауыз Дулатым. // Оңтүстiк Қазақстан.

№  73-74, 1999.



[1] Ергјбек І. µлтын сѕйген жѕрек ѕнi // Іазає ёдебиетi, 1992, 23 єазан, 3-б.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға