Жаңалықтар

LXXXVI бөлім

Мiне, осы аралықта Тұңғыштың характер өзгерiсi ашылып отырады. Характер сапасына қараңыз. Ұрылар қол аяғын байлап, ат артына бөктерiп, жапан далаға апарып аударып тастап кеткенде ол ешқандай қарсылық көрсеткен жоқ. Итке таланып, ұрыға жем болып диуанашылық еттi. Өз тағдыры үшiн күрескен жоқ. Көр қазып, сүйекшi болды. Өз болашағын ойлау былай тұрсын, тек тәңiрiден иман тiледi. Ол болашағы үшiн күрескен жоқ. Ол үшiн ендi күрестiң мәнi де жоқ едi. Өйткенi онда жан алып, жан берiп күресерлiк, тырмысарлық болашақ қалмаған болатын. Тұңғышты езiп, оның болашағын тонаған әлеуметтiк жағдай. Әлеуметтiк жағдай атын жамылған адамдар. Тұңғышты нақты характер ретiнде талдағанда осыған көз жеткiземiз. Характер – сонымен бiрге жалпылық мәнге ие. Тұңғышты өз тағдыры үшiн, зорлық-зомбылыққа қарсы күреседi деймiз. Бұл жерде бiр Тұңғышқа тiрелiп жатқан мәселе жоқ. Бар мәселе – Тұңғыштар тағдырының әлеуметтiк шындығында жатыр. Тұңғыш мәңгүрт хал кешiп, дүниеден өтiп кеттi. Характер өзгерiсiнде жазушы шеберлiгiне қатысты саналы әрекет бар. Жоғарыда Д.Исабековтiң характер ашуда тиiмдi пайдаланар тәсiлiң бiрi—контраст дедiк. Ол қарама-қарсы мiнездердi әрекетке салады. Кейiпкердiң тағдырын қарама-қайшылықта шиеленiстiрiп тұлғалайды. Яғни Тұңғыш (“Сүйекшi”), Молдаәрсiл мен Қыжымкүл (“Тiршiлiк”) секiлдi кейiпкерлерде тағдыр қарама-қайшылығы бар. “Сүйекшiдегi” Тұңғышты оқытып, қара танытсам, балам ғұлама болса деген әке арманы қандай тәттi едi? Өзiме болмаған ұрпағыма болса, өзiм шықпаған биiкке ұрпағым шықса деген арманды тiлек. Өкiнiшке орай, әке құныкер болып, Тұңғыш аманатқа кiсi қолына өттi. Бай есiгiнде аманат бала атана жүрiп, ол қарапайым адамдық сезiмдерден жұрдай болып тоналды. Киеван атанып кететiн Молдарәсiл тағдыры да осыған ұқсас. Қыжымкұл – байдың оң босағасында бұлаңдап, толысып отырған қыз едi. Тағдыры тәлкекке түстi. Шерменде күй кештi. Тiптi өзi дүниеге әкелген перзентiнiң бар-жоғын, ертең ұрпағының жалғасар-жалғаспасын ойлаудан қалған. Бұл – тағдыр қаталдығынан туған қарама-қайшылық. “Сүйекшiдегi” Тұңғыш пен “Тiршiлiктегi” Молдарәсiлдiң тайқы маңдайларына тап келген қисық тағдырды түзету үшiн екi дәуiрлiк кеңiстiктiң өзi дәрменсiз. Дүниеге Тұңғыш атымен келiп, содан кейiн Аманат, Кеңкелес атанған, одан соң диуана шапанын киiп, ақыры Сүйекшi кебiнiмен көрге енген бiр бейшараның қақпақылға түскен тағдырын оңға бұру үшiн Ұлы Қазан төңкерiсi секiлдi дәуiрлiк төңкерiстiң тiптi де қажетi жоқ-ты. Оған екi аяғы, екi қолы, бiр басы бар адамдардың мейiрiмi мен қамқорлығы болса, оның еншiсiне бұйырған қоңторғай тiршiлiктi жүрегiмен ұғынарлық жәй ғана адами сана табылса болатын. Бiрақ оған соның өзi кезiкпей кеттi. Кезiксе кеш, ақтық сапар алдында ғана тапты. Неге бұлай? Неге адамдар бiр-бiрiне сонша мейiрiмсiз, сонша қатыгез, безбүйрек? Бұл сауал бiр “Сүйекшiде” ғана емес, Дулаттың аталған повестерiнiң барлығында дерлiк ұдайы қойылып отырады.
20.06.2013 06:15 2903

Мiне, осы аралықта Тұңғыштың характер өзгерiсi ашылып отырады. Характер сапасына қараңыз. Ұрылар қол аяғын байлап, ат артына бөктерiп, жапан далаға апарып аударып тастап кеткенде ол ешқандай қарсылық көрсеткен жоқ. Итке таланып, ұрыға жем болып диуанашылық еттi. Өз тағдыры үшiн күрескен жоқ. Көр қазып, сүйекшi болды. Өз болашағын ойлау былай тұрсын, тек тәңiрiден иман тiледi. Ол болашағы үшiн күрескен жоқ. Ол үшiн ендi күрестiң мәнi де жоқ едi. Өйткенi онда жан алып, жан берiп күресерлiк, тырмысарлық болашақ қалмаған болатын. Тұңғышты езiп, оның болашағын тонаған әлеуметтiк жағдай. Әлеуметтiк жағдай атын жамылған адамдар.

Тұңғышты нақты характер ретiнде талдағанда осыған көз жеткiземiз.

Характер – сонымен бiрге жалпылық мәнге ие. Тұңғышты өз тағдыры үшiн, зорлық-зомбылыққа қарсы күреседi деймiз. Бұл жерде бiр Тұңғышқа тiрелiп жатқан мәселе жоқ. Бар мәселе – Тұңғыштар тағдырының әлеуметтiк шындығында жатыр.

Тұңғыш мәңгүрт хал кешiп, дүниеден өтiп кеттi. Характер өзгерiсiнде жазушы шеберлiгiне қатысты саналы әрекет бар.

Жоғарыда Д.Исабековтiң характер ашуда тиiмдi пайдаланар тәсiлiң бiрi—контраст дедiк. Ол қарама-қарсы мiнездердi әрекетке салады. Кейiпкердiң тағдырын қарама-қайшылықта шиеленiстiрiп тұлғалайды.

Яғни Тұңғыш (“Сүйекшi”), Молдаәрсiл мен Қыжымкүл (“Тiршiлiк”) секiлдi кейiпкерлерде тағдыр қарама-қайшылығы бар. “Сүйекшiдегi” Тұңғышты оқытып, қара танытсам, балам ғұлама болса деген әке арманы қандай тәттi едi? Өзiме болмаған ұрпағыма болса, өзiм шықпаған биiкке ұрпағым шықса деген арманды тiлек. Өкiнiшке орай, әке құныкер болып, Тұңғыш аманатқа кiсi қолына өттi. Бай есiгiнде аманат бала атана жүрiп, ол қарапайым адамдық сезiмдерден жұрдай болып тоналды. Киеван атанып кететiн Молдарәсiл тағдыры да осыған ұқсас. Қыжымкұл – байдың оң босағасында бұлаңдап, толысып отырған қыз едi. Тағдыры тәлкекке түстi. Шерменде күй кештi. Тiптi өзi дүниеге әкелген перзентiнiң бар-жоғын, ертең ұрпағының жалғасар-жалғаспасын ойлаудан қалған. Бұл – тағдыр қаталдығынан туған қарама-қайшылық.

“Сүйекшiдегi” Тұңғыш пен “Тiршiлiктегi” Молдарәсiлдiң тайқы маңдайларына тап келген қисық тағдырды түзету үшiн екi дәуiрлiк кеңiстiктiң өзi дәрменсiз. Дүниеге Тұңғыш атымен келiп, содан кейiн Аманат, Кеңкелес атанған, одан соң диуана шапанын киiп, ақыры Сүйекшi кебiнiмен көрге енген бiр бейшараның қақпақылға түскен тағдырын оңға бұру үшiн Ұлы Қазан төңкерiсi секiлдi дәуiрлiк төңкерiстiң тiптi де қажетi жоқ-ты. Оған екi аяғы, екi қолы, бiр басы бар адамдардың мейiрiмi мен қамқорлығы болса, оның еншiсiне бұйырған қоңторғай тiршiлiктi жүрегiмен ұғынарлық жәй ғана адами сана табылса болатын. Бiрақ оған соның өзi кезiкпей кеттi. Кезiксе кеш, ақтық сапар алдында ғана тапты.

Неге бұлай? Неге адамдар бiр-бiрiне сонша мейiрiмсiз, сонша қатыгез, безбүйрек? Бұл сауал бiр “Сүйекшiде” ғана емес, Дулаттың аталған повестерiнiң барлығында дерлiк ұдайы қойылып отырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға