Жаңалықтар

LXXXIII бөлім

“Қуарған екi бұтақтай бiр-бiрiне сүйеу боп, тiршiлiк кешiп жатқан кемпiр мен шалдың ағайын-туысы бар ма-ау, жоқ па-ау, бар болса қай жақта, өздерi не қорек қып, қалай ғұмыр кешiп жатыр, өзгенi бiлмейдi, өз басы бұл сауалды еске алмаған, еске алайын деп те ниет қылмаған”[1]. Бұл почташыға ғана емес, ауылдың басқа да көптеген адамдарына ортақ. “Тiршiлiктi” оқып отырғанда, Ш.Айтматовтың “Алғашқы мұғалiм” повесiнiң соңғы бетiндегi: “Бiз қарапайым адамды көсем құрметтегендей сыйлайтын қасиетiмiздi қашан жоғалтып алғамыз,”—деген жолдары еске түседi. Қуанарлығы – Дулат Исабековтiң осы тектес идеяны тағдырлар арқылы соны қырынан ұсынуы. Моральдық-этикалық қатынастың тамыр тарту, қалыптасу сырларын ашуды нысанаға алып суреттеуi автор концепциясын аңғартады. “Адамдардың ала қолдығы мен ұшқарылығынан ылғи көз түрткiге ұшырап, көкнәршiл болып кетсе де, жер бетiнде өзiн әке тұтатын бiр шарананың барлығын кездейсоқ естiп, төбесi көкке жете қуанған Молдарәсiл, жасында ел ақтатып жiберген қайырымсыз ағайын, туыстың қартайғанда қастарына шақырғанына барғысы келмей бетiнен басып, күнiне тiрiлей көрге түсiп, күнкөрiс айырып жүрген сүйекгi кәсiбiн қимай қиналатын Тұңғыш тағдырлары ешкiмдi де енжар қалдыра алмастай. Олар өзгелерден қанша қатыгездiк көрсе де, көкiрегiндегi мейiрiмдi түгел сарқып үлгере алмай, ақтық демдерi бiткенше адамдық пен адамгершiлiкке деген сенiмдерiн жоғалтпай өтедi”[2]. Жазушының адам баласының, тiптi мына күрделi өмiрдiң өз бастау негiзiндегi бейкемелдiлiктi терең сезiнуден, сондықтан да адамға жаны ашығандығынан, түптеп келгенде, үлкен гуманизмiнен туындайды. Алайда адамның, кеңiрек аядан алғанда өмiрдiң бейкемел-кетiктiгi мен осы кетiптiктi жалау етер имансыздықтың ара жiгiн ажыратуда жазушы позициясы айқын (мысалы, “Тiршiлiктегi” Дәлетбай, “Сүйекшiдегi” Үкiтай). Жалпы, Д.Исабеков шығармаларының қай-қайсысында да “қағанағы қарқ, сағанағы сарқ” кейiпкерлердi тым аз кездестiремiз. Оның “Сүйекшi”, “Тiршiлiк” повестерiнде өмiрлерi қара күшке, әлеуметтiк жағдайға тәуелдiлiкпен өткен адамдардың тағдырлары суреттеледi. Жазушының “Тiршiлiк” атты кiтабына енген шығармаларының негiзгi пафосы – трагизм,”—деп өте орынды атап көрсеттi кезiнде сыншы-ғалым Р.НҰрғалиев. “Адамдар тағдырларындағы трагизм – арман-мұрат пен кешкен ғұмыр арасындағы, адамның өз еркiнен тыс шығып жатар сәйкессiздiк, адам баласының “жатыр түнек пен көр түнек арасында” (А.Сүлейменов) шырқырап жүрiп бастан өткеретiн азабы – әдебиеттiң ұлы сюжетi дегенге қол қояр болсақ, бұл сюжеттi шығармашылығының көкөзек идеясына айналдыру – жазушының жазушысының ғана қолынан келер шаруасы,”[3]—деген баға бередi сыншы Ә.Бөпежанова.   [1] Исабеков Д. Таңдамалы. 1-том. Алматы: Жазушы, 1993, 381-б. [2] Кекiлбайұлы Ә. Талантты ұрпаєтың тағылымды келбетi // Егемен Қазақстан. 29 қараша, 2002 ж. 5-б. [3] Бөпежанова Ә. Болмыспен бетпе-бет // Егемен Қазақстан, 2002, 16 қазан, N243, 3-б.  
20.06.2013 06:12 2605

“Қуарған екi бұтақтай бiр-бiрiне сүйеу боп, тiршiлiк кешiп жатқан кемпiр мен шалдың ағайын-туысы бар ма-ау, жоқ па-ау, бар болса қай жақта, өздерi не қорек қып, қалай ғұмыр кешiп жатыр, өзгенi бiлмейдi, өз басы бұл сауалды еске алмаған, еске алайын деп те ниет қылмаған”[1]. Бұл почташыға ғана емес, ауылдың басқа да көптеген адамдарына ортақ. “Тiршiлiктi” оқып отырғанда, Ш.Айтматовтың “Алғашқы мұғалiм” повесiнiң соңғы бетiндегi: “Бiз қарапайым адамды көсем құрметтегендей сыйлайтын қасиетiмiздi қашан жоғалтып алғамыз,”—деген жолдары еске түседi. Қуанарлығы – Дулат Исабековтiң осы тектес идеяны тағдырлар арқылы соны қырынан ұсынуы. Моральдық-этикалық қатынастың тамыр тарту, қалыптасу сырларын ашуды нысанаға алып суреттеуi автор концепциясын аңғартады.

“Адамдардың ала қолдығы мен ұшқарылығынан ылғи көз түрткiге ұшырап, көкнәршiл болып кетсе де, жер бетiнде өзiн әке тұтатын бiр шарананың барлығын кездейсоқ естiп, төбесi көкке жете қуанған Молдарәсiл, жасында ел ақтатып жiберген қайырымсыз ағайын, туыстың қартайғанда қастарына шақырғанына барғысы келмей бетiнен басып, күнiне тiрiлей көрге түсiп, күнкөрiс айырып жүрген сүйекгi кәсiбiн қимай қиналатын Тұңғыш тағдырлары ешкiмдi де енжар қалдыра алмастай. Олар өзгелерден қанша қатыгездiк көрсе де, көкiрегiндегi мейiрiмдi түгел сарқып үлгере алмай, ақтық демдерi бiткенше адамдық пен адамгершiлiкке деген сенiмдерiн жоғалтпай өтедi”[2].

Жазушының адам баласының, тiптi мына күрделi өмiрдiң өз бастау негiзiндегi бейкемелдiлiктi терең сезiнуден, сондықтан да адамға жаны ашығандығынан, түптеп келгенде, үлкен гуманизмiнен туындайды. Алайда адамның, кеңiрек аядан алғанда өмiрдiң бейкемел-кетiктiгi мен осы кетiптiктi жалау етер имансыздықтың ара жiгiн ажыратуда жазушы позициясы айқын (мысалы, “Тiршiлiктегi” Дәлетбай, “Сүйекшiдегi” Үкiтай).

Жалпы, Д.Исабеков шығармаларының қай-қайсысында да “қағанағы қарқ, сағанағы сарқ” кейiпкерлердi тым аз кездестiремiз. Оның “Сүйекшi”, “Тiршiлiк” повестерiнде өмiрлерi қара күшке, әлеуметтiк жағдайға тәуелдiлiкпен өткен адамдардың тағдырлары суреттеледi. Жазушының “Тiршiлiк” атты кiтабына енген шығармаларының негiзгi пафосы – трагизм,”—деп өте орынды атап көрсеттi кезiнде сыншы-ғалым Р.НҰрғалиев.

“Адамдар тағдырларындағы трагизм – арман-мұрат пен кешкен ғұмыр арасындағы, адамның өз еркiнен тыс шығып жатар сәйкессiздiк, адам баласының “жатыр түнек пен көр түнек арасында” (А.Сүлейменов) шырқырап жүрiп бастан өткеретiн азабы – әдебиеттiң ұлы сюжетi дегенге қол қояр болсақ, бұл сюжеттi шығармашылығының көкөзек идеясына айналдыру – жазушының жазушысының ғана қолынан келер шаруасы,”[3]—деген баға бередi сыншы Ә.Бөпежанова.

 



[1] Исабеков Д. Таңдамалы. 1-том. Алматы: Жазушы, 1993, 381-б.

[2] Кекiлбайұлы Ә. Талантты ұрпаєтың тағылымды келбетi // Егемен Қазақстан. 29 қараша, 2002 ж. 5-б.

[3] Бөпежанова Ә. Болмыспен бетпе-бет // Егемен Қазақстан, 2002, 16 қазан, N243, 3-б.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға