Жаңалықтар

LXXXII бөлім

“Тiршiлiк” повесiнде жақсылық пен жамандықтың тың сырын басқан қырынан түйедi. Туысы да, қарекет-мiнезi де көптiң бiрi Киеван қарт, оның үндемес кемпiрi бiздi әуелде селт еткiзбейдi. Тiптi Киеван қарт көкнәршiл кейпiмен, қырыс мiнез, терiс қылығымен аздап та болса бiздi өзiнен сырттатып, сын айтқызып тұрғандай. Бiрақ, тiршiлiк – бұл адамдардың атадан балаға тарап, ұласып жатқан тарихы, әулеттiң, ұрпақтардың үздiксiз жалғасы екен. Сол кәсiпшiл Киеван (Молдарәсiл) қарт пен Қыжымкұл кемпiрдiң дүниеден өтер кезде, ұрпақтан үмiт үзген шақтарында қайта лып етiп көрiнген тiршiлiк нышанын—өшкеннiң жанғанын көрген қуанышына куә боламыз. Бұл қуаныш – тiршiлiктiң мәнi де, сәнi де сол екен. Бiр кездегi баласының баласы қырық-елу жылдан соң табылған сәтте қайта тұтанған үмiт, қайта жанған қуаныш – Дулат повесiнiң үлкен идеясы осында. “Тiршiлiк” повесi де “Сүйекшiмен” сарындас, бағыттас. Мұнда көкнәршi Киеван аталып кеткен Молдарәсiл мен оның кемпiрi төңiрегiнде әңгiме қозғалады. Автор әуелi шал, сосын оның кемпiрi жайында суреттеп, екi сюжеттiк желiнi қатар тарта келiп, бiр арнаға салған. Сөйтiп, көлемi жағынан көп ұтқан. Композиция тұтастығына екi сюжеттiк желiнiң қанаттаса, қатарласа тартылуы нұқсан келтiрмеген. Бұл жазушы қаламының едәуiр төселiп, тәжiрибе жинақтап қалғанын көрсетедi. Повестегi Киеван да, Қыжымкүл де дараланған характерлер. Д.Исабековтiң “Сүйекшi” мен “Тiршiлiк” повестерiндегi басты кейiпкерлер де шетiнен дәрменсiз, шетiнен бейшара. Күрескерлiк жiгерлi рух жоқ, оның орнына өшуге айналған шырақтың әлсiз жарығындай әсер етедi. Уақыт ағымын жiтi барлай алмаған шалдың күлкiлi халi, әрекетi мен сөздерi мұңды тұрмысты көрiп отырған оқушыны сергiтiп алады. Автор екi қарттың бiр-бiрiне сай тiрлiгiн, болмысын тұспалдарлықтай ұтымды детальдар тауып, пайдалана алған. Мысалы, бiрде ауыл-ауылды жан таппай кезiп жұрiп қолы жеткен көкнәрiн ептеп езiп iшiп алған Киеванның рақатты кәйiпiн кемпiрi абайсызда бұзып алады. “Былтыр да дәл осылай кәйiпiн бұзып едi. Онда қолына оңтайлылау, ауырлау нәрсе түсе қоймай әкесi шалы керзi етiкпен ұрған. Төрт рет жауырынынан соққан. Иманды болғыр қанша ашу қысса да бастан ұрмайды, әйтеуiр. Бұл жолы Киеван үш дүркiн оқтау сiлтедi. “Төрт рет ұрушы едi ғой,—дедй iштей кемпiрi.—Неғып үш рет боп қалды?” Ойын аяқтаймын дегенше оқтау тағы тарс ете түстi. –        Ойбай! Айттым ғой… –         Ненi айттың, нәлетi-ау, ненi айтып ең… –        Төрт рет ұрады деп…”[1] Бiр қарағанда пәлендей маңызы жоқ сияқты детальдан аңдасақ, шалдың кемпiрге үстемдiгiн, кемпiрдiң көнбiстiгiн көремiз. Зорланып, күшпен әкелген елес, характерлердiң болмысына сәйкес солардың әрекетiнен туған шынайы қылық. [1] Исабеков Д. Таңдамалы. 1-том. Алматы: Жазушы, 1993, 319-б.  
20.06.2013 06:12 3640

“Тiршiлiк” повесiнде жақсылық пен жамандықтың тың сырын басқан қырынан түйедi. Туысы да, қарекет-мiнезi де көптiң бiрi Киеван қарт, оның үндемес кемпiрi бiздi әуелде селт еткiзбейдi. Тiптi Киеван қарт көкнәршiл кейпiмен, қырыс мiнез, терiс қылығымен аздап та болса бiздi өзiнен сырттатып, сын айтқызып тұрғандай. Бiрақ, тiршiлiк – бұл адамдардың атадан балаға тарап, ұласып жатқан тарихы, әулеттiң, ұрпақтардың үздiксiз жалғасы екен. Сол кәсiпшiл Киеван (Молдарәсiл) қарт пен Қыжымкұл кемпiрдiң дүниеден өтер кезде, ұрпақтан үмiт үзген шақтарында қайта лып етiп көрiнген тiршiлiк нышанын—өшкеннiң жанғанын көрген қуанышына куә боламыз. Бұл қуаныш – тiршiлiктiң мәнi де, сәнi де сол екен. Бiр кездегi баласының баласы қырық-елу жылдан соң табылған сәтте қайта тұтанған үмiт, қайта жанған қуаныш – Дулат повесiнiң үлкен идеясы осында.

“Тiршiлiк” повесi де “Сүйекшiмен” сарындас, бағыттас. Мұнда көкнәршi Киеван аталып кеткен Молдарәсiл мен оның кемпiрi төңiрегiнде әңгiме қозғалады. Автор әуелi шал, сосын оның кемпiрi жайында суреттеп, екi сюжеттiк желiнi қатар тарта келiп, бiр арнаға салған. Сөйтiп, көлемi жағынан көп ұтқан. Композиция тұтастығына екi сюжеттiк желiнiң қанаттаса, қатарласа тартылуы нұқсан келтiрмеген. Бұл жазушы қаламының едәуiр төселiп, тәжiрибе жинақтап қалғанын көрсетедi. Повестегi Киеван да, Қыжымкүл де дараланған характерлер.

Д.Исабековтiң “Сүйекшi” мен “Тiршiлiк” повестерiндегi басты кейiпкерлер де шетiнен дәрменсiз, шетiнен бейшара. Күрескерлiк жiгерлi рух жоқ, оның орнына өшуге айналған шырақтың әлсiз жарығындай әсер етедi.

Уақыт ағымын жiтi барлай алмаған шалдың күлкiлi халi, әрекетi мен сөздерi мұңды тұрмысты көрiп отырған оқушыны сергiтiп алады. Автор екi қарттың бiр-бiрiне сай тiрлiгiн, болмысын тұспалдарлықтай ұтымды детальдар тауып, пайдалана алған. Мысалы, бiрде ауыл-ауылды жан таппай кезiп жұрiп қолы жеткен көкнәрiн ептеп езiп iшiп алған Киеванның рақатты кәйiпiн кемпiрi абайсызда бұзып алады. “Былтыр да дәл осылай кәйiпiн бұзып едi. Онда қолына оңтайлылау, ауырлау нәрсе түсе қоймай әкесi шалы керзi етiкпен ұрған. Төрт рет жауырынынан соққан. Иманды болғыр қанша ашу қысса да бастан ұрмайды, әйтеуiр. Бұл жолы Киеван үш дүркiн оқтау сiлтедi. “Төрт рет ұрушы едi ғой,—дедй iштей кемпiрi.—Неғып үш рет боп қалды?” Ойын аяқтаймын дегенше оқтау тағы тарс ете түстi.

–        Ойбай! Айттым ғой…

–         Ненi айттың, нәлетi-ау, ненi айтып ең…

–        Төрт рет ұрады деп…”[1]

Бiр қарағанда пәлендей маңызы жоқ сияқты детальдан аңдасақ, шалдың кемпiрге үстемдiгiн, кемпiрдiң көнбiстiгiн көремiз. Зорланып, күшпен әкелген елес, характерлердiң болмысына сәйкес солардың әрекетiнен туған шынайы қылық.



[1] Исабеков Д. Таңдамалы. 1-том. Алматы: Жазушы, 1993, 319-б.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға