Жаңалықтар

LXXVIII бөлім

Осындай сұлу ән Салтанаттың сүйiп айтар әнi екен. Салтанат деп отырғанымыз – Д.Исабековтiң “Гауһар тас” повесiнiң кейiпкерi. Салтанат сезiмтал, сергек, арманшыл, асық жастың кейпi. Ол – еркiн даланың ерке жаны. Салтанатты Ыбыштай көр кеудеге қосақтаған – жоқшылық. “Ендi ақталып қайтейiн, алғашқы кезде бiртүрлi жылы көрiндi және оның бойында ерге тән қаталдық, батылдық, жiгерлiлiк жатқан секiлдi едi. Бiрақ, оның бойында бiрiншiсi ғана бар екен… Мiне, Қайыркен, солай-ай! Әйтсе де, мен ендi басқа жақтан бақыт iздемеймiн,”[1] – дейдi Салтанат қайнысына. Бұл сөздерден сезiмтал жанға лайық сыршылдық сезiмдi, күйеуi Ыбыштың жан дүниесiн селт еткiземiн бе деп анда-санда шымшып айтқан жеңiл, сыпайы әзiлдерiнiң өзi неге тұрады десеңiзшi. Сосын, Салтанат айтқан әлгi сөздерде қанға сiңген салт-сана, әдет-ғұрып жатқан жоқ па! Ұлттық характердiң бояу нақысы келiскен тұс осындай жерде жарқ берiп, жақсы көрiнген. Әдептен озбау, ибалы болу деген ұғым түсiнiктердiң ыңғайынан бiр сәт ауып көрмеген жанның саналы сабыры нанымды шыққан. Бiз Д.Исабековтi психолог жазушы дейтiнiмiз содан. “Д.Исабеков “Гауһар тас” повесiнде өзiнiң баста көздеген мақсатына реалистiк тұрғыдан келген. Әдетте психологизмге бой ұрған кейбiр жазушылар сезiм шырғалаңын қызықтап отырып, ұсақ драмалық құбылыстарға, жылауық, күйреуiк сезiмге тым берiлiп кететiн. Сөйтiп реализмнiң ту сыртына шығып ап, психологизмнiң жарамсыз жағын күйттейтiн. Д.Исабеков психологизм деген кереметтiң жалынан ұстағанда оның осы iштен тебер тұсын жақсы аңғарған”[2]. Сондықтан ол повесть жанрындағы жолын лирикалық прозадан бастады. Д.Исабеков лирикалық, психологиялық, философиялық шығармаларын жазды. Соған қарамастан кейбiр сыншылар Д.Исабековтi Айтматов көлеңкесiнде қалып қойған жазушы деп қарағысы келетiн секiлдi. Мәселен, сыншы Павел Ульямов “Литературная газетада”[3] жариялаған “Обретение” атты мақаласында жазушының “Гауһар тас” повесiн сентиментальды және қайталау (вторична) дедi. Ол Д.Исабековтiң “Дермене” повесiндегi Омашты Айтматовтың Аубәкiрiне, Тоқсанбайды “Ақ кемедегi” Момынға телiгiсi келдi. Д.Исабеков әуел баста Айтматов әсерiнде тәрбиеленген болуы да мұмкiн. Творчестволық жолдың алғашқы кезеңiндегi кейбiр iзденiс сапарларының ұқсас шығып жатуы да кәдiк. Бiрақ, қайталау, екiншi (вторична) деген пiкiрге қосылғымыз келмейдi. Ол үшiн “Жәмилә” мен “Гауһар тасқа” салыстырулар жасайық. Алдымен “Гауһар тастың” жазылу тарихына үңiлсек. [1] Исабеков Д. Таңдамалы. 1-том. Алматы: Жазушы, 1993, 207-б. [2] Тоқбергенов Т. Iшкi иiрiмдер // Қазақ әдебиетi, 1973, 4 мамыр, 3-б. [3] Ульянов П. Обретение // Литературная газета. 1984, N13(4975).  
20.06.2013 06:08 3081

Осындай сұлу ән Салтанаттың сүйiп айтар әнi екен. Салтанат деп отырғанымыз – Д.Исабековтiң “Гауһар тас” повесiнiң кейiпкерi. Салтанат сезiмтал, сергек, арманшыл, асық жастың кейпi. Ол – еркiн даланың ерке жаны. Салтанатты Ыбыштай көр кеудеге қосақтаған – жоқшылық. “Ендi ақталып қайтейiн, алғашқы кезде бiртүрлi жылы көрiндi және оның бойында ерге тән қаталдық, батылдық, жiгерлiлiк жатқан секiлдi едi. Бiрақ, оның бойында бiрiншiсi ғана бар екен… Мiне, Қайыркен, солай-ай! Әйтсе де, мен ендi басқа жақтан бақыт iздемеймiн,”[1] – дейдi Салтанат қайнысына. Бұл сөздерден сезiмтал жанға лайық сыршылдық сезiмдi, күйеуi Ыбыштың жан дүниесiн селт еткiземiн бе деп анда-санда шымшып айтқан жеңiл, сыпайы әзiлдерiнiң өзi неге тұрады десеңiзшi. Сосын, Салтанат айтқан әлгi сөздерде қанға сiңген салт-сана, әдет-ғұрып жатқан жоқ па! Ұлттық характердiң бояу нақысы келiскен тұс осындай жерде жарқ берiп, жақсы көрiнген. Әдептен озбау, ибалы болу деген ұғым түсiнiктердiң ыңғайынан бiр сәт ауып көрмеген жанның саналы сабыры нанымды шыққан. Бiз Д.Исабековтi психолог жазушы дейтiнiмiз содан.

“Д.Исабеков “Гауһар тас” повесiнде өзiнiң баста көздеген мақсатына реалистiк тұрғыдан келген. Әдетте психологизмге бой ұрған кейбiр жазушылар сезiм шырғалаңын қызықтап отырып, ұсақ драмалық құбылыстарға, жылауық, күйреуiк сезiмге тым берiлiп кететiн. Сөйтiп реализмнiң ту сыртына шығып ап, психологизмнiң жарамсыз жағын күйттейтiн. Д.Исабеков психологизм деген кереметтiң жалынан ұстағанда оның осы iштен тебер тұсын жақсы аңғарған”[2]. Сондықтан ол повесть жанрындағы жолын лирикалық прозадан бастады.

Д.Исабеков лирикалық, психологиялық, философиялық шығармаларын жазды. Соған қарамастан кейбiр сыншылар Д.Исабековтi Айтматов көлеңкесiнде қалып қойған жазушы деп қарағысы келетiн секiлдi. Мәселен, сыншы Павел Ульямов “Литературная газетада”[3] жариялаған “Обретение” атты мақаласында жазушының “Гауһар тас” повесiн сентиментальды және қайталау (вторична) дедi. Ол Д.Исабековтiң “Дермене” повесiндегi Омашты Айтматовтың Аубәкiрiне, Тоқсанбайды “Ақ кемедегi” Момынға телiгiсi келдi.

Д.Исабеков әуел баста Айтматов әсерiнде тәрбиеленген болуы да мұмкiн. Творчестволық жолдың алғашқы кезеңiндегi кейбiр iзденiс сапарларының ұқсас шығып жатуы да кәдiк. Бiрақ, қайталау, екiншi (вторична) деген пiкiрге қосылғымыз келмейдi. Ол үшiн “Жәмилә” мен “Гауһар тасқа” салыстырулар жасайық. Алдымен “Гауһар тастың” жазылу тарихына үңiлсек.



[1] Исабеков Д. Таңдамалы. 1-том. Алматы: Жазушы, 1993, 207-б.

[2] Тоқбергенов Т. Iшкi иiрiмдер // Қазақ әдебиетi, 1973, 4 мамыр, 3-б.

[3] Ульянов П. Обретение // Литературная газета. 1984, N13(4975).

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға