Жаңалықтар

LXXVII бөлім

Қазiргi кейбiр әдебиет зерттеушiлерi 1968-1990 жылдар аралығын кеңестiк қазақ әдебиетiнiң соңғы дәуiрi деп атап жұр. Жазушы Д.Исабеков әдебиетке осы кеңестiк қазақ әдебиетiнiң соңғы кезеңiнде, яғни 1966 жылы келдi. Аталған кезеңдегi әдеби жанр жүгiн көбiне осы аталған қаламгерлер көтердi. Олардың көпшiлiгi әдебиетке ауылдың өмiрi мен адамдардың тұрмыс-тiршiлiгiн суреттеудi алып келдi. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Д.Исабековтiң “Тiршiлiк”, “Сүйекшi”, “Гауһар тас”, “Дермене” және т.б. повестерi адамдардың характерлерiн жаңаша қырынан аша бiлуiмен, идеялық-көркемдiк iзденiстерiмен жоғары бағалануға әбден лайықты. Әсiресе, осы жылдары қоғамның әдiлетсiз қыспағына түскен адамдар тағдырына терең үңiлудегi жазушы Д.Исабековтiң сәттi де, жемiстi iзденiстерi ерекше байқалады. Д.Исабековтiң повестерiнде тағдыры ауыр адамдар көбiрек суреттеледi. Соған қарамастан оларды рухына тән оптимизм көтерiп, өз бетiнше, жасымай, жабықпай тiршiлiк етуге ұмтылдырады. Бұл, әсiресе, Д.Исабековтiң “Гауһар тас” повесiнен айқын танылады. “Гауһар тас”—әдеби сында жоғары бағаланған повесть. Д.Исабековтiң алғашқы туындылары дүниеге келе бастаған тұста Кеңестiк Одақ аясындағы әдебиетте, сондай-ақ қазақ прозасында да лирикалық-психологиялық бағыттағы шығармалар легi молайған болатын. Алайда, “Гауһар тасты” лирикалық сипатына қарап немесе әдеби сын атап көрсеткендей, “кейiпкер характерiнiң табиғилығы, оқиға дамуының, шиеленiсуiнiң нанымдылығына, қарапайым кейiпкерлерiнiң өмiрге құштарлығына”—демек автордың әдебиеттiң әлiп-би қағидаларын ойдағыдай меңгеруiне байланысты бағалау тым қораштық етер едi,”[1]— дейдi сыншы, мәдениеттанушы Әлия Бөпежанова. Д.Исабеков шығармаларында жақсылық пен жамандықтың күресiн лирикалық-психологиялық тұрғыдан нәзiк қайырып жеткiзедi. Ол “Гауһар тас” повесiнде жамандық пен жақсылықтың, тұрпайылық пен әсемдiктiң арасындағы қағыс-қайырымды iшкi иiрiммен суреттеп берген-дi. “Гауһар тас”—ән аты. Сұлу әннiң, тым нәзiк қайырымның, ерке сезiмнiң, шерлi саздық әнi. “Гауһар тасты” екiнiң бiрi түгiл, жүздiң бiрi, тiптi мыңның бiрi нәшiне келтiрiп шырқай алмайды. Асық мейiрiм, асыл мұрат, таусылмас тағат кебiн шерткен өзгеше әсем нақыш”[2]. [1] Бөпежанова Ә. Болмыспен бетпе-бет // Егемен Қазақстан, 2002, 16 қазан, N243, 3-б. [2] Тоқбергенов Т. Iшкi иiрiмдер // Қазақ әдебиетi, 1973, 4 мамыр, 3-б.  
20.06.2013 06:08 2711

Қазiргi кейбiр әдебиет зерттеушiлерi 1968-1990 жылдар аралығын кеңестiк қазақ әдебиетiнiң соңғы дәуiрi деп атап жұр. Жазушы Д.Исабеков әдебиетке осы кеңестiк қазақ әдебиетiнiң соңғы кезеңiнде, яғни 1966 жылы келдi.

Аталған кезеңдегi әдеби жанр жүгiн көбiне осы аталған қаламгерлер көтердi. Олардың көпшiлiгi әдебиетке ауылдың өмiрi мен адамдардың тұрмыс-тiршiлiгiн суреттеудi алып келдi. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Д.Исабековтiң “Тiршiлiк”, “Сүйекшi”, “Гауһар тас”, “Дермене” және т.б. повестерi адамдардың характерлерiн жаңаша қырынан аша бiлуiмен, идеялық-көркемдiк iзденiстерiмен жоғары бағалануға әбден лайықты.

Әсiресе, осы жылдары қоғамның әдiлетсiз қыспағына түскен адамдар тағдырына терең үңiлудегi жазушы Д.Исабековтiң сәттi де, жемiстi iзденiстерi ерекше байқалады. Д.Исабековтiң повестерiнде тағдыры ауыр адамдар көбiрек суреттеледi. Соған қарамастан оларды рухына тән оптимизм көтерiп, өз бетiнше, жасымай, жабықпай тiршiлiк етуге ұмтылдырады. Бұл, әсiресе, Д.Исабековтiң “Гауһар тас” повесiнен айқын танылады.

“Гауһар тас”—әдеби сында жоғары бағаланған повесть. Д.Исабековтiң алғашқы туындылары дүниеге келе бастаған тұста Кеңестiк Одақ аясындағы әдебиетте, сондай-ақ қазақ прозасында да лирикалық-психологиялық бағыттағы шығармалар легi молайған болатын. Алайда, “Гауһар тасты” лирикалық сипатына қарап немесе әдеби сын атап көрсеткендей, “кейiпкер характерiнiң табиғилығы, оқиға дамуының, шиеленiсуiнiң нанымдылығына, қарапайым кейiпкерлерiнiң өмiрге құштарлығына”—демек автордың әдебиеттiң әлiп-би қағидаларын ойдағыдай меңгеруiне байланысты бағалау тым қораштық етер едi,”[1]— дейдi сыншы, мәдениеттанушы Әлия Бөпежанова.

Д.Исабеков шығармаларында жақсылық пен жамандықтың күресiн лирикалық-психологиялық тұрғыдан нәзiк қайырып жеткiзедi. Ол “Гауһар тас” повесiнде жамандық пен жақсылықтың, тұрпайылық пен әсемдiктiң арасындағы қағыс-қайырымды iшкi иiрiммен суреттеп берген-дi.

“Гауһар тас”—ән аты. Сұлу әннiң, тым нәзiк қайырымның, ерке сезiмнiң, шерлi саздық әнi. “Гауһар тасты” екiнiң бiрi түгiл, жүздiң бiрi, тiптi мыңның бiрi нәшiне келтiрiп шырқай алмайды. Асық мейiрiм, асыл мұрат, таусылмас тағат кебiн шерткен өзгеше әсем нақыш”[2].



[1] Бөпежанова Ә. Болмыспен бетпе-бет // Егемен Қазақстан, 2002, 16 қазан, N243, 3-б.

[2] Тоқбергенов Т. Iшкi иiрiмдер // Қазақ әдебиетi, 1973, 4 мамыр, 3-б.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға