Жаңалықтар

LXXVI бөлім

Кейiнгi шығармаларында жазушы оқушысын ойға қалдырып, түйiндi шешудi, қорытынды жасауды да соның еншiсiне қалдырып келедi. Барлық шығармаларында жазушы өмiрдiң көлеңкелi жақтарын ашып көрсетедi, әр алуан характерлердi, өмiрде кездесетiн трагедиялық тағдырларды сөз етедi,”[1] – дейдi Сұлушаш Төретаева өзiнiң мақаласында. Жақсылық Түменбаев: “Д.Исабеков повестерiнен байқалатын бiр ерекшелiк – ол адам – табиғат – қоғам аталатын көркемөнердегi ажыратылмас ұғымдардың соңғысына көп мән бермейтiндей көрiнетiн. Оны қызықтыратын, алдымен—Адам. Осы құдыреттiң қазынасын игерсем, ол өмiр сүрген орта, қоғам өз-өзiнен танылады деп есептейтiн ол. Жазушы тiптi кейiпкерлерiнiң қоғамдағы орнын, нақты жағдайын әдейi елеусiз қалдыратындай, яки ол әуел бастан-ақ елеусiздеу жағдайдағы кейiпкердi таңдап алады,”[2]—дейдi. Сонымен, тiршiлiк, адам өмiрiнiң мәнi, оның қоғамдағы орны, сан-қилы адам тағдыры, оның сенiмi, сезiмi, ақыл-ойы, күрес тартысы – Дулат шығармаларының негiзгi тақырыбы. Жазушы Д.Исабеков шығармаларының барлығында да өзiнiң негiзгi кейiпкерлерiнiң қоғамдағы нақты орнына, яғни өмiрбаяндық нақты мәлiметтерге, тiптi олардың бастарындағы дәуiрлiк өзгерiстерге пәлендей мән де бермейдi. Жазушыға ең бiр қажет—жұмыр басты қарапайым ғана адам, сол “адам өмiрiнiң қырық қатпар қыры” болып табылады. Жазушы Д.Исабеков шығармаларының негiзгi идеясы – кейiпкерлерiнiң қоғамдағы нақты орнына, яғни өмiрбаяндық нақты мәлiметтерге, тiптi олардың бастарындағы дәуiрлiк өзгерiстерге пәлендей мән де бермейдi. Жазушы ең бiр қажетi – жұмыс басты қарапайым ғана адам, сол “адам өмiрiнiң қырық қатпар қыры” болып табылады. Жазушы “кiшкентай адамдардың”, “қор болғандардың” тағдырын көркем әдебиет арқылы суреттеп, оқырманға жеткiзу. Дулат Исабеков үшiн кейiпкерi, яғни қандай да адам, әлеуметтiк иерархиясына қарамастан нақты болмыстағы жеке тұлға. Жазушы шығармашылығының батыл да еркiн көрiнетiн жанры – повесть деп айтуға болады. Әдебиет сыншылары Дулаттың повестерiнен оның жазушы ретiндегi iзденiстерi, ойының өсiп, жетiлуi айқын аңғарылады деп жүр. Егер осы пiкiрге байыппен, тереңiрек үңiлiп қарасақ, расында да солай екендiгiне көз жеткiзгендей боламыз. Белгiлi әдебиет сыншысы Қ.Ергөбек: “Бекет” пен “Гауһар тас” – лирикалық проза үлгiсi. “Мазасыз күндер” және “Перi мен перiште” – психологиялық повестер. “Сүйекшi” мен “Тiршiлiк” – философиялық туындылар. Лирикалық саз, психологиялық талдау, философиялық ойдың әдемi бiрлiк тапқан тұсы – “Дермене”. Осы жанрдағы әзргi соңғы повесi—“Бiз соғысты көрген жоқпыз” – публицистикалық-философиялық шығарма,”[3]—деп көрсетедi. [1] Төретаева С. Iзгiлiкке тұнып тұрған туынды // Оңтүстiк Қазақстан, 15 желтоқсан, 1992 ж. [2] Түменбаев Ж. Тоқырау және түлеу // Социалистiк Қазақстан, 1991, 12 ақпан, 3-б. [3] Ергөбек І. Баянғұмыр.—Алматы: Жазушы, 1991, 203-б.  
20.06.2013 06:07 3926

Кейiнгi шығармаларында жазушы оқушысын ойға қалдырып, түйiндi шешудi, қорытынды жасауды да соның еншiсiне қалдырып келедi. Барлық шығармаларында жазушы өмiрдiң көлеңкелi жақтарын ашып көрсетедi, әр алуан характерлердi, өмiрде кездесетiн трагедиялық тағдырларды сөз етедi,”[1] – дейдi Сұлушаш Төретаева өзiнiң мақаласында.

Жақсылық Түменбаев: “Д.Исабеков повестерiнен байқалатын бiр ерекшелiк – ол адам – табиғат – қоғам аталатын көркемөнердегi ажыратылмас ұғымдардың соңғысына көп мән бермейтiндей көрiнетiн. Оны қызықтыратын, алдымен—Адам. Осы құдыреттiң қазынасын игерсем, ол өмiр сүрген орта, қоғам өз-өзiнен танылады деп есептейтiн ол. Жазушы тiптi кейiпкерлерiнiң қоғамдағы орнын, нақты жағдайын әдейi елеусiз қалдыратындай, яки ол әуел бастан-ақ елеусiздеу жағдайдағы кейiпкердi таңдап алады,”[2]—дейдi.

Сонымен, тiршiлiк, адам өмiрiнiң мәнi, оның қоғамдағы орны, сан-қилы адам тағдыры, оның сенiмi, сезiмi, ақыл-ойы, күрес тартысы – Дулат шығармаларының негiзгi тақырыбы.

Жазушы Д.Исабеков шығармаларының барлығында да өзiнiң негiзгi кейiпкерлерiнiң қоғамдағы нақты орнына, яғни өмiрбаяндық нақты мәлiметтерге, тiптi олардың бастарындағы дәуiрлiк өзгерiстерге пәлендей мән де бермейдi. Жазушыға ең бiр қажет—жұмыр басты қарапайым ғана адам, сол “адам өмiрiнiң қырық қатпар қыры” болып табылады.

Жазушы Д.Исабеков шығармаларының негiзгi идеясы – кейiпкерлерiнiң қоғамдағы нақты орнына, яғни өмiрбаяндық нақты мәлiметтерге, тiптi олардың бастарындағы дәуiрлiк өзгерiстерге пәлендей мән де бермейдi. Жазушы ең бiр қажетi – жұмыс басты қарапайым ғана адам, сол “адам өмiрiнiң қырық қатпар қыры” болып табылады. Жазушы “кiшкентай адамдардың”, “қор болғандардың” тағдырын көркем әдебиет арқылы суреттеп, оқырманға жеткiзу. Дулат Исабеков үшiн кейiпкерi, яғни қандай да адам, әлеуметтiк иерархиясына қарамастан нақты болмыстағы жеке тұлға.

Жазушы шығармашылығының батыл да еркiн көрiнетiн жанры – повесть деп айтуға болады.

Әдебиет сыншылары Дулаттың повестерiнен оның жазушы ретiндегi iзденiстерi, ойының өсiп, жетiлуi айқын аңғарылады деп жүр. Егер осы пiкiрге байыппен, тереңiрек үңiлiп қарасақ, расында да солай екендiгiне көз жеткiзгендей боламыз.

Белгiлi әдебиет сыншысы Қ.Ергөбек: “Бекет” пен “Гауһар тас” – лирикалық проза үлгiсi. “Мазасыз күндер” және “Перi мен перiште” – психологиялық повестер. “Сүйекшi” мен “Тiршiлiк” – философиялық туындылар. Лирикалық саз, психологиялық талдау, философиялық ойдың әдемi бiрлiк тапқан тұсы – “Дермене”. Осы жанрдағы әзргi соңғы повесi—“Бiз соғысты көрген жоқпыз” – публицистикалық-философиялық шығарма,”[3]—деп көрсетедi.



[1] Төретаева С. Iзгiлiкке тұнып тұрған туынды // Оңтүстiк Қазақстан, 15 желтоқсан, 1992 ж.

[2] Түменбаев Ж. Тоқырау және түлеу // Социалистiк Қазақстан, 1991, 12 ақпан, 3-б.

[3] Ергөбек І. Баянғұмыр.—Алматы: Жазушы, 1991, 203-б.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға