Жаңалықтар

LXXІІI бөлім

Дулат Исабеков /1942/ (20.12.1942 ж.т., Шымкент облысы, Арыс ауданы, “Ленин жолы” колхозы)—жазушы, драматург, ҚР мемлекеттiк сыйлығының иегерi (1992). Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiн бiтiрген (1966). ҚР Теливизия және радио хабарын тарату жөнiндегi мемлекеттiк комитетте аға редактор (1967-68), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-70), “Жұлдыз” журналында бөлiм меңгерушiсi (1971-76), “Жалын” баспасында редакция меңгерушiсi (1976-80), ҚР Мәдениет министрлiгi репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы (1980-88), 1988-97 ж. Қазақ теледидарының бас редакторы, “Жазушы” баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы. 1997 жылдан ҚР мәдениеттану ғылыми зерттеу институтының директоры. Алғашқы әңгiмесi “Жолда”, “Замандастар” атты жинақта 1963 ж. жарияланды. Кейiн “Бекет” (1966), “Ащы бал” (1969), “Мазасыз күндер” (1970), “Қара шаңырақ” (1973), “Тiршiлiк” (1975) повестер мен әңгiмелер жинақтары, “Қарғын” (1980) романы басылды. Таңдамалы повестерi “Екi жиырма” (1983) деген атпен жарық көрдi. Бiрқатар шығармалары орыс тiлiне аударылып, “Полынь” (1978), “Отчий дом” (1979), “Смятение” (1986), “Новоселье в старом доме” (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, немiс, поляк, чех тiлдерiнде жарияланды. Исабековтiң “Ректордың қабылдау кұндерi” (1975), “Әпке” (1977), “Ертеңгi күту” (1979), “Мұрагерлер” (1982), “Алыстан келген ананас” (1984), “Кiшкентай ауыл” (1986) т.б. пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылды. Таңдаулы пьесалары “Жетi желкен” 1987 жылы жарық көрдi. Жекелеген туындылары бойынша “Гауһар тас” (реж. Ш.Бейсембаев, 1975), “Дермене” (реж. А.Әшiмов, 1986) көркем фильмдерi тұсiрiлдi. “Мұрагерлер” пьесасы үшiн жазушы Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлығының иегерi атанды (1985). Қазiргi бiздiң әдебиеттегi ерекше көзге тұсер бiр талант – Дулат Исабеков. Қазаққа Д.Исабековты талантты, өзгеше жазушы ретiнде танытқан негiзiнен повестерi. Оның қаламынан туған “Бекет”, “Мазасыз кұндер”, “Перi мен перiште”, “Гауһартас”, “Сүйекшi”, “Тiршiлiк”, “Дермене”, “Бiз соғысты көрген жоқпыз”, “Өкпек жолаушы”, “Тыныштық күзетшiсi” атты бiрiнен-бiрi өткен тамаша повестер – қазақ әдебиетiнiң мақтаныш тұтар қазынасы. Оларда қаншама кейiпкердiң қаншалық мiнез-құлқы, болмыс-бiтiмi, қазақы артықшылығы мен қазақы кемшiлiгi суреттелген.
20.06.2013 06:05 3807

Дулат Исабеков /1942/

(20.12.1942 ж.т., Шымкент облысы, Арыс ауданы, “Ленин жолы” колхозы)—жазушы, драматург, ҚР мемлекеттiк сыйлығының иегерi (1992). Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiн бiтiрген (1966). ҚР Теливизия және радио хабарын тарату жөнiндегi мемлекеттiк комитетте аға редактор (1967-68), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-70), “Жұлдыз” журналында бөлiм меңгерушiсi (1971-76), “Жалын” баспасында редакция меңгерушiсi (1976-80), ҚР Мәдениет министрлiгi репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы (1980-88), 1988-97 ж. Қазақ теледидарының бас редакторы, “Жазушы” баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы. 1997 жылдан ҚР мәдениеттану ғылыми зерттеу институтының директоры. Алғашқы әңгiмесi “Жолда”, “Замандастар” атты жинақта 1963 ж. жарияланды. Кейiн “Бекет” (1966), “Ащы бал” (1969), “Мазасыз күндер” (1970), “Қара шаңырақ” (1973), “Тiршiлiк” (1975) повестер мен әңгiмелер жинақтары, “Қарғын” (1980) романы басылды. Таңдамалы повестерi “Екi жиырма” (1983) деген атпен жарық көрдi. Бiрқатар шығармалары орыс тiлiне аударылып, “Полынь” (1978), “Отчий дом” (1979), “Смятение” (1986), “Новоселье в старом доме” (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, немiс, поляк, чех тiлдерiнде жарияланды. Исабековтiң “Ректордың қабылдау кұндерi” (1975), “Әпке” (1977), “Ертеңгi күту” (1979), “Мұрагерлер” (1982), “Алыстан келген ананас” (1984), “Кiшкентай ауыл” (1986) т.б. пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылды. Таңдаулы пьесалары “Жетi желкен” 1987 жылы жарық көрдi. Жекелеген туындылары бойынша “Гауһар тас” (реж. Ш.Бейсембаев, 1975), “Дермене” (реж. А.Әшiмов, 1986) көркем фильмдерi тұсiрiлдi. “Мұрагерлер” пьесасы үшiн жазушы Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлығының иегерi атанды (1985).

Қазiргi бiздiң әдебиеттегi ерекше көзге тұсер бiр талант – Дулат Исабеков. Қазаққа Д.Исабековты талантты, өзгеше жазушы ретiнде танытқан негiзiнен повестерi. Оның қаламынан туған “Бекет”, “Мазасыз кұндер”, “Перi мен перiште”, “Гауһартас”, “Сүйекшi”, “Тiршiлiк”, “Дермене”, “Бiз соғысты көрген жоқпыз”, “Өкпек жолаушы”, “Тыныштық күзетшiсi” атты бiрiнен-бiрi өткен тамаша повестер – қазақ әдебиетiнiң мақтаныш тұтар қазынасы. Оларда қаншама кейiпкердiң қаншалық мiнез-құлқы, болмыс-бiтiмi, қазақы артықшылығы мен қазақы кемшiлiгi суреттелген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға