Жаңалықтар

4 жасар ресейлік қандасымыз ушудан жеңімпаз атанды

Ресейлік қандасымыз 4 жасар Сәбина Бейсенгелдиева өзінен үлкен қарсыластарын ұтып, қала чемпионатын жеңіп алды,- деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі Мәскеудегі «Қазақ тілі» қоғамының сайтына сілтеме жасай отырып.   2006-2008 жылдар аралығында туылған бүлдіршіндер арасындағы турнир Саратов қаласында өтті. Қатысушылар арасындағы жасы ең кішкене Сәбина өз өміріндегі ең бірінші және жоғары медалін ұтып алды. Төрешілерді жас шебердің Шығыс жекпе-жегі Ушудан өнер көрсетудегі ержүректігі ғана емес, жеңіске деген еркін талпынысы таң қалдырды. Сәбина ойын басталарда тек 1-ші орын алатындығын мәлімдеген болатын. «Мен осы медальді аламын» деп дауыстап айтқанда қасындағы қарсыластары менсінбей күлген-ді. Жарыс соңында ол журналисттерге берген сұхпатында, Ушуға әкесі 1 жасында әкелгенін айтты. Жас спортшының әкесі Марат өз кезегінде Саратов облысы Александрово-Гайский ауданында ушудан тәлім береді. Қызының да осы спорт түрімен айналысуына себепкер болған әкесі екен.  Төрешілер Сәбинаның техникалық шеберлігін бағалай келе, бүлдіршін спортшыдан үлкен үміт күтуге болатынын айтты және олимпиадада жетістікке жетуі мүмкін деді.     Baq.kz
19.06.2013 11:14 2990

Ресейлік қандасымыз 4 жасар Сәбина Бейсенгелдиева өзінен үлкен қарсыластарын ұтып, қала чемпионатын жеңіп алды,- деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі Мәскеудегі «Қазақ тілі» қоғамының сайтына сілтеме жасай отырып.  

2006-2008 жылдар аралығында туылған бүлдіршіндер арасындағы турнир Саратов қаласында өтті. Қатысушылар арасындағы жасы ең кішкене Сәбина өз өміріндегі ең бірінші және жоғары медалін ұтып алды.
Төрешілерді жас шебердің Шығыс жекпе-жегі Ушудан өнер көрсетудегі ержүректігі ғана емес, жеңіске деген еркін талпынысы таң қалдырды. Сәбина ойын басталарда тек 1-ші орын алатындығын мәлімдеген болатын. «Мен осы медальді аламын» деп дауыстап айтқанда қасындағы қарсыластары менсінбей күлген-ді. Жарыс соңында ол журналисттерге берген сұхпатында, Ушуға әкесі 1 жасында әкелгенін айтты. Жас спортшының әкесі Марат өз кезегінде Саратов облысы Александрово-Гайский ауданында ушудан тәлім береді. Қызының да осы спорт түрімен айналысуына себепкер болған әкесі екен. 
Төрешілер Сәбинаның техникалық шеберлігін бағалай келе, бүлдіршін спортшыдан үлкен үміт күтуге болатынын айтты және олимпиадада жетістікке жетуі мүмкін деді. 
 

 Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға