Жаңалықтар

Назарбаев Университеті «Майкрософт» корпорациясымен белсенді ынтымақтаспақ

Назарбаев Университетінде «Майкрософт» корпорациясымен білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісімге университет ректоры Шигео Катсу мен «Майкрософт» корпорациясының Қазақстандағы өкілдігінің бас менеджері Мартин Квирк қол қойды. Қол қою рәсіміне ҚР вице-премьері Ербол Орынбаев, «Майкрософт Интернэшнл» президенті Жан-Филипп Куртуа және басқа да ресми адамдар қатысты. Құжат оқытушылар құрамының білімдерін жетілдіру, университет студенттерінің жоғарыкласты электрондық ресурстарға қол жетімділігін қамтамасыз ету, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштерін жақсарту, инновациялық білім беру мен зерттеу қызметін дамыту сияқты салаларда ынтымақтастықты күшейтуді көздейді. Келісім ауқымындағы жоспарланған бастамалардың ішінде интерактивтік курстарға және студенттердің еңбек нарығына тиімді даярлануына мүмкіндік беретін «Майкрософт» кітапханасына қолжетімділікті қамтамасыз ететін «Майкрософт Дримспарк» бағдарламасын іске қосу қарастырылған. ҚазАқпарат.
19.06.2013 10:26 3104

Назарбаев Университетінде «Майкрософт» корпорациясымен білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісімге университет ректоры Шигео Катсу мен «Майкрософт» корпорациясының Қазақстандағы өкілдігінің бас менеджері Мартин Квирк қол қойды. Қол қою рәсіміне ҚР вице-премьері Ербол Орынбаев, «Майкрософт Интернэшнл» президенті Жан-Филипп Куртуа және басқа да ресми адамдар қатысты.

Құжат оқытушылар құрамының білімдерін жетілдіру, университет студенттерінің жоғарыкласты электрондық ресурстарға қол жетімділігін қамтамасыз ету, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштерін жақсарту, инновациялық білім беру мен зерттеу қызметін дамыту сияқты салаларда ынтымақтастықты күшейтуді көздейді.

Келісім ауқымындағы жоспарланған бастамалардың ішінде интерактивтік курстарға және студенттердің еңбек нарығына тиімді даярлануына мүмкіндік беретін «Майкрософт» кітапханасына қолжетімділікті қамтамасыз ететін «Майкрософт Дримспарк» бағдарламасын іске қосу қарастырылған.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға