Жаңалықтар

LXXІ бөлім

Софы Сматаев /1941/ (24.12.1941 ж.т., Жезқазған қ., Ақадыр ауд., Киiк ст.)—жазушы, драматург, Абай атындағы Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты, Халықаралық “Алаш” сыйлығының иегерi. Мәскеудiң болат және қорытпалар институтын бiтiрген (1965). Мәскеудегi “Серп и молот” заводында слесарь, құюшы (1960-62), ҚР ҒА-ның Металлургия және кен байыту институтында инженер, аға инженер, 1968-84 ж. “Жұлдыз” журналында бөлiм меңгерушiсi, 1984-87 ж. Қазақстан Компартиясы ҚР Мемлекеттiк кiтап палатасының директоры. “Астана оттары” атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1968 ж. жарық көрдi. Кейiн “Армысың, ана” (1970), “Алау” (1974), “Алғашқы ару” (1982), “Ғарышқа көз тiккен жер” (1985) атты әңгiмелер мен повестер жинағы, “Елiм-ай” (1978 ж. 1-кiтап, 1980 ж. 2-кiтап), “Ақжелең” (1979), “Бұлақ” (1983), “Песнь моя—боль моя” (М., 1983 ж. 1-кiтап, 1988 ж. 2-кiтап), “Мәңгiлiк бастауы” (1987), “Қобыланды батыр” (1981, 1983, 1995), “Алғашқы асу” (1982), “Ғарышқа көз тiккен жер” (1985) повестер жинақтары; “Әзiл-әзәзiл” (1988) пьесалар жинағы, “Үш пайғамбар” (1992) тарихи-публицистикасы, “Ой маржандары” (1984), “Бiз құлмыз ба, кiмбiз?” (1999) романдары жарық көрген. “Елiм-ай” жоңғар шапқыншылығына қарсы кұреске, Отан қорғау, патриоттық тақырыпқа арналған тарихи дилогия. Сматаевтың “Тағдырлар” (1976), “Сен кiмсiң” (1977), “Әзiл-әзәзiл” (1978), “Жұлдызым менiң жоғары” (1985) пьесалары республикалық, облыстық театрларда қойылды. Ол “Жұмбақ қыз”, “Жаяу Мұса” операларының либреттосын жазды. В.Г.Короленко, В.В.Иванов, В.А.Солоухин, Х.Абдуллин, Ю.Муслихов, сондай-ақ У.Шекспир, И.Добози шығармаларын қазақ тiлiне аударды. Өскен ортасы, бiлiм алған мектептерi, еңбек жолы, қызметi. Софы Сматаев Қалыбекұлы 1941 жылдың 12 желтоқсанында Жезқазған облысы, Ақадыр ауданындағы, Киiк станциясында дұниеге келген. Қазақ жазушысы Мәскеудiң болат және қорытпалар инстиутын 1966 жылы бiтiрген. Қазақстан  Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында инженер, аға инженер болып жұмыс iстеген. «Жұлдыз» журналында 1968 бен 1984 жылдар аралығында бөлiм меңгерушiсi, 1989 жылдан Қазақ Мемлекеттiк кiтап палатасының директоры. «Астана оттары» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1968 жылы,  «Армысың, ана» атты кiтабы 1970 жылы жарық көрген.  «Елiм-ай» атты жоңғар шапқыншылығына  қарсы күрестi суреттеген романы екi кiтаптан тұрады. Бiрiншi бөлiмi 1978 жылы жарық көрдi. Екiншi бөлiмi 1980 жылы жарық көрдi. Жоңғар шапқыншылығы кезiндегi қазақ тарихындағы шындықты дилогияда ашып көрсеткен. Жазушы тарихта болған Қуат батыр мен Жомарт батырдың отбасыларын ала отырып, бүкiл қазақ даласындағы жағдайды нақты суреттеп, сол дәуiрдегi шындықты аша бiлген. «Ақтабан шұбырынды» кезiнде «Елiм-ай» жыры елдiң намысын, жiгерiн, жауға деген қайраттылығын көрсете бiлген насихат шығарма болды. Софы Сматаевтың «Елiм-ай» тарихи романының өн бойында халық өлеңi-«Елiм-айдың» мазмұндық идеялық тыныс-лебi жатыр (кейiн бұл жырдың иесi Қожаберген жырау  екендiгi анықталған). Сонымен қатар, дилогияның басты сюжеттiк желiлерi де халық творчествосы үлгiлерiне негiзделген.
19.06.2013 09:53 4073

Софы Сматаев /1941/

(24.12.1941 ж.т., Жезқазған қ., Ақадыр ауд., Киiк ст.)—жазушы, драматург, Абай атындағы Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты, Халықаралық “Алаш” сыйлығының иегерi. Мәскеудiң болат және қорытпалар институтын бiтiрген (1965). Мәскеудегi “Серп и молот” заводында слесарь, құюшы (1960-62), ҚР ҒА-ның Металлургия және кен байыту институтында инженер, аға инженер, 1968-84 ж. “Жұлдыз” журналында бөлiм меңгерушiсi, 1984-87 ж. Қазақстан Компартиясы ҚР Мемлекеттiк кiтап палатасының директоры. “Астана оттары” атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1968 ж. жарық көрдi. Кейiн “Армысың, ана” (1970), “Алау” (1974), “Алғашқы ару” (1982), “Ғарышқа көз тiккен жер” (1985) атты әңгiмелер мен повестер жинағы, “Елiм-ай” (1978 ж. 1-кiтап, 1980 ж. 2-кiтап), “Ақжелең” (1979), “Бұлақ” (1983), “Песнь моя—боль моя” (М., 1983 ж. 1-кiтап, 1988 ж. 2-кiтап), “Мәңгiлiк бастауы” (1987), “Қобыланды батыр” (1981, 1983, 1995), “Алғашқы асу” (1982), “Ғарышқа көз тiккен жер” (1985) повестер жинақтары; “Әзiл-әзәзiл” (1988) пьесалар жинағы, “Үш пайғамбар” (1992) тарихи-публицистикасы, “Ой маржандары” (1984), “Бiз құлмыз ба, кiмбiз?” (1999) романдары жарық көрген. “Елiм-ай” жоңғар шапқыншылығына қарсы кұреске, Отан қорғау, патриоттық тақырыпқа арналған тарихи дилогия. Сматаевтың “Тағдырлар” (1976), “Сен кiмсiң” (1977), “Әзiл-әзәзiл” (1978), “Жұлдызым менiң жоғары” (1985) пьесалары республикалық, облыстық театрларда қойылды. Ол “Жұмбақ қыз”, “Жаяу Мұса” операларының либреттосын жазды. В.Г.Короленко, В.В.Иванов, В.А.Солоухин, Х.Абдуллин, Ю.Муслихов, сондай-ақ У.Шекспир, И.Добози шығармаларын қазақ тiлiне аударды.

Өскен ортасы, бiлiм алған мектептерi, еңбек жолы, қызметi.

Софы Сматаев Қалыбекұлы 1941 жылдың 12 желтоқсанында Жезқазған облысы, Ақадыр ауданындағы, Киiк станциясында дұниеге келген. Қазақ жазушысы Мәскеудiң болат және қорытпалар инстиутын 1966 жылы бiтiрген. Қазақстан  Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында инженер, аға инженер болып жұмыс iстеген. «Жұлдыз» журналында 1968 бен 1984 жылдар аралығында бөлiм меңгерушiсi, 1989 жылдан Қазақ Мемлекеттiк кiтап палатасының директоры.

«Астана оттары» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1968 жылы,  «Армысың, ана» атты кiтабы 1970 жылы жарық көрген. 

«Елiм-ай» атты жоңғар шапқыншылығына  қарсы күрестi суреттеген романы екi кiтаптан тұрады. Бiрiншi бөлiмi 1978 жылы жарық көрдi. Екiншi бөлiмi 1980 жылы жарық көрдi. Жоңғар шапқыншылығы кезiндегi қазақ тарихындағы шындықты дилогияда ашып көрсеткен. Жазушы тарихта болған Қуат батыр мен Жомарт батырдың отбасыларын ала отырып, бүкiл қазақ даласындағы жағдайды нақты суреттеп, сол дәуiрдегi шындықты аша бiлген. «Ақтабан шұбырынды» кезiнде «Елiм-ай» жыры елдiң намысын, жiгерiн, жауға деген қайраттылығын көрсете бiлген насихат шығарма болды. Софы Сматаевтың «Елiм-ай» тарихи романының өн бойында халық өлеңi-«Елiм-айдың» мазмұндық идеялық тыныс-лебi жатыр (кейiн бұл жырдың иесi Қожаберген жырау  екендiгi анықталған). Сонымен қатар, дилогияның басты сюжеттiк желiлерi де халық творчествосы үлгiлерiне негiзделген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға