Жаңалықтар

Елорда мерейтойы Елбасының ресми түрде Мемлекеттік Туды көтеруімен ашылады

Ел ордасының 15 жылдық мерейтойы барысында аталған аулалардың бәрінде мерекелік концерттер қойылып, түрлі шаралар өткізіледі, деді мерекені ұйымдастыру жөніндегі медиа-топтың жетекшісі Жанар Колбачаева ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген брифингте. Жалпы, Астан мерекесіне орай 70-тен астам шара белгіленген. Оның 50-і Биыл 70-ке жуық шара белгіленіп отыр. Олардың 50-і кемі 5-10 мың адамның қатысуымен кең алаңқайларда, ашық далада өтетін ірі-ірі іс-шаралар. Өзгелері концерттік бағдарламалар, әлеуметтік қолдау, т.б. «Биылғы барлық шаралар ұлттық нақышта ұйымдастырылады,– деп мәлімдеді Жанар Еділбекқызы. – Мереке 4 шілде күні Президент Н.Назарбаевтың Мемлекеттік Туды көтеруімен ашық деп жарияланады. Бес жылдан бері өтіп келе жатқан «Астана - мыңжылдықтар тоғысындағы» көшпелілер фестивалі, «Серпер» халық аспаптар оркестрінің фестивалі, «Астана самалы» түркі әуендерінің фестивалі өтеді. Қазақ елінде алтыншы шілдеден жетінші шілдеге дейін қала ішіндегі шаһар тұрғызылады. Сол шаһарда әрбір адам екі күн ішінде зергерлердің байқауын тамашалап, концерттік, ойын-сауық бағдарламаларын таңғы оннан кешкі он бірге дейін көре алады. 6 шілде – мерекелік отшашу».  Дәулетқали АСАУОВ
19.06.2013 08:45 2737

Ел ордасының 15 жылдық мерейтойы барысында аталған аулалардың бәрінде мерекелік концерттер қойылып, түрлі шаралар өткізіледі, деді мерекені ұйымдастыру жөніндегі медиа-топтың жетекшісі Жанар Колбачаева ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген брифингте.

Жалпы, Астан мерекесіне орай 70-тен астам шара белгіленген. Оның 50-і Биыл 70-ке жуық шара белгіленіп отыр. Олардың 50-і кемі 5-10 мың адамның қатысуымен кең алаңқайларда, ашық далада өтетін ірі-ірі іс-шаралар. Өзгелері концерттік бағдарламалар, әлеуметтік қолдау, т.б. «Биылғы барлық шаралар ұлттық нақышта ұйымдастырылады,– деп мәлімдеді Жанар Еділбекқызы. – Мереке 4 шілде күні Президент Н.Назарбаевтың Мемлекеттік Туды көтеруімен ашық деп жарияланады.
Бес жылдан бері өтіп келе жатқан «Астана - мыңжылдықтар тоғысындағы» көшпелілер фестивалі, «Серпер» халық аспаптар оркестрінің фестивалі, «Астана самалы» түркі әуендерінің фестивалі өтеді. Қазақ елінде алтыншы шілдеден жетінші шілдеге дейін қала ішіндегі шаһар тұрғызылады. Сол шаһарда әрбір адам екі күн ішінде зергерлердің байқауын тамашалап, концерттік, ойын-сауық бағдарламаларын таңғы оннан кешкі он бірге дейін көре алады. 6 шілде – мерекелік отшашу». 

Дәулетқали АСАУОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға