Жаңалықтар

LXVI бөлім

Повесте туған жердiң, халықтың өткенiне құрметпен қарау, тарихи фактiлердi бұрмалау қажеттiгi мәселесi көтерiлген. Үндiстанның ескi ұлы мәдениетiн көрген Жомарт әрдайым өзiнiң елiндегi көне шаһарлар туралы ойлап жұредi. Әсiресе, қазақтың көне қаласы Отырардың көркеюі мен қирау тарихы оған көп сауалға жауап беретiндей болады да тұрады. Қаһарман аузымен де, автор атынан да Отырарға небiр тамаша тебiренiстi сөздер арналған… Сонымен Ә.Әлiмжановтың бiрсыпыра шығармалары заман мен замандастың өмiрiндегi өте қызықты, ғибратты жайларға арналғанын байқаймыз[1]. Жазушының шығармашылық тәжiрибесiнде тарихи тақырыптың үлесi күрделi орынға ие. Реализм тәсiлi қаламгер атаулыға өз икемiне, аңғарына қарай түрлi мәнерде жазуына мүмкiндiк беретiндiгiнiң мысалын Ә.Әлiмжанов шығармашылығы да сипаттай түседi. Оның тарихи тақырыпты алғашқы үлкен туындысы—“Махамбеттiң жебесi” романы республикалық, одақтық, әлемдiк әдеби сында ұнамды бағаланғаны белгiлi. Бұл күнде аталған роман шетелдердiң бiрталай тiлiне аударылып басылған. Романның танытқыш және тәрбиелiк мәнi күштiлiгiн әдеби жұртшылық таныды деп айта аламыз. Ал осы шығарма арқылы жазушының әдебиетiмiзге қандай сонылық әкелгенiн жинақтап көрсету де қажет. Бiздiңше, “Махамбеттiң жебесi” Ә.Әлiмжанов қаламына тән бiрнеше ерекшелiктi айқын аңғартатын секiлдi. Ең алдымен бұл шығарма автордың публицист жазушы екендiгiн көрсетедi. Ойын кернеген идеяларды төтелей өз сөзiмен немесе кейiпкер лебiзiмен айтып тастағыштық, суреттеуден гөрi ақылмен сендiру жағына баса көңiл бөлушiлiк, тенденциялылық, насихатшылдық, пiкiр таласына да әзiрлiк—мұның бәрi публицистикалық әдебиетке хас белгiлер болатын. Осы қасиеттi бiз “Махамбеттiң жебесiнен” кең көлемде және жүйелi кездестiремiз. Романды талдағанда және бағалағанда шығарманың осындай жанрлық ерекшелiктерiн ескеру керек. Әдебиет үшiн басы артық немесе тасада тұратын, екiншi сорт жанр жоқ. Барлық гәп қаламгердiң таңдаған жанр, тақырып үдесiнен шығып, шығарманы құрылысы жағынан тұтас, мазмұнын өмiрге үйлесiмдi, барлық нышанын сәйкес етiп жасай бiлуiне байланысты. Орыс әдебиетi тарихында суреткер психолог Л.Толстой да, публицист жазушы А.Герцен де бағалы. Ешбiр сауатты, зиялы адам бұлардың тарихтағы өз орнын, қайталанбас ерекшелiгiн шатастырмайды, екеуiне өз iлтипатын қатар бiлдiредi. Қазақ әдебиетi сынында iшiнара болса да кездесiп қалып жүрген бiр сарын—шығарма атаулыға теп-тегiс әлеуметтiк-психологиялық туындыларға қойылатын талаппен, өлшеммен келушiлiк. Бiздiңше, белгiлi бiр шығарманы сөз еткенде алдын ала құрастырылған априорлық түсiнiктi көлденең тартпай, туындының өз басындағы қасиеттердi, өзгешелiктердi ашуға зер салған жөн. Өз жанрында түр мен мазмұны қабысқан, оқырманға берер нәрi бар туындылар туралы да әдiл таразы болу шарт. [1] Р.Бердiбай. Тарихи роман.—Алматы, Санат, 1997.—145-150 беттер.  
19.06.2013 05:00 2848

Повесте туған жердiң, халықтың өткенiне құрметпен қарау, тарихи фактiлердi бұрмалау қажеттiгi мәселесi көтерiлген. Үндiстанның ескi ұлы мәдениетiн көрген Жомарт әрдайым өзiнiң елiндегi көне шаһарлар туралы ойлап жұредi. Әсiресе, қазақтың көне қаласы Отырардың көркеюі мен қирау тарихы оған көп сауалға жауап беретiндей болады да тұрады. Қаһарман аузымен де, автор атынан да Отырарға небiр тамаша тебiренiстi сөздер арналған…

Сонымен Ә.Әлiмжановтың бiрсыпыра шығармалары заман мен замандастың өмiрiндегi өте қызықты, ғибратты жайларға арналғанын байқаймыз[1].

Жазушының шығармашылық тәжiрибесiнде тарихи тақырыптың үлесi күрделi орынға ие. Реализм тәсiлi қаламгер атаулыға өз икемiне, аңғарына қарай түрлi мәнерде жазуына мүмкiндiк беретiндiгiнiң мысалын Ә.Әлiмжанов шығармашылығы да сипаттай түседi. Оның тарихи тақырыпты алғашқы үлкен туындысы—“Махамбеттiң жебесi” романы республикалық, одақтық, әлемдiк әдеби сында ұнамды бағаланғаны белгiлi. Бұл күнде аталған роман шетелдердiң бiрталай тiлiне аударылып басылған. Романның танытқыш және тәрбиелiк мәнi күштiлiгiн әдеби жұртшылық таныды деп айта аламыз. Ал осы шығарма арқылы жазушының әдебиетiмiзге қандай сонылық әкелгенiн жинақтап көрсету де қажет. Бiздiңше, “Махамбеттiң жебесi” Ә.Әлiмжанов қаламына тән бiрнеше ерекшелiктi айқын аңғартатын секiлдi.

Ең алдымен бұл шығарма автордың публицист жазушы екендiгiн көрсетедi. Ойын кернеген идеяларды төтелей өз сөзiмен немесе кейiпкер лебiзiмен айтып тастағыштық, суреттеуден гөрi ақылмен сендiру жағына баса көңiл бөлушiлiк, тенденциялылық, насихатшылдық, пiкiр таласына да әзiрлiк—мұның бәрi публицистикалық әдебиетке хас белгiлер болатын. Осы қасиеттi бiз “Махамбеттiң жебесiнен” кең көлемде және жүйелi кездестiремiз.

Романды талдағанда және бағалағанда шығарманың осындай жанрлық ерекшелiктерiн ескеру керек. Әдебиет үшiн басы артық немесе тасада тұратын, екiншi сорт жанр жоқ. Барлық гәп қаламгердiң таңдаған жанр, тақырып үдесiнен шығып, шығарманы құрылысы жағынан тұтас, мазмұнын өмiрге үйлесiмдi, барлық нышанын сәйкес етiп жасай бiлуiне байланысты. Орыс әдебиетi тарихында суреткер психолог Л.Толстой да, публицист жазушы А.Герцен де бағалы. Ешбiр сауатты, зиялы адам бұлардың тарихтағы өз орнын, қайталанбас ерекшелiгiн шатастырмайды, екеуiне өз iлтипатын қатар бiлдiредi.

Қазақ әдебиетi сынында iшiнара болса да кездесiп қалып жүрген бiр сарын—шығарма атаулыға теп-тегiс әлеуметтiк-психологиялық туындыларға қойылатын талаппен, өлшеммен келушiлiк. Бiздiңше, белгiлi бiр шығарманы сөз еткенде алдын ала құрастырылған априорлық түсiнiктi көлденең тартпай, туындының өз басындағы қасиеттердi, өзгешелiктердi ашуға зер салған жөн. Өз жанрында түр мен мазмұны қабысқан, оқырманға берер нәрi бар туындылар туралы да әдiл таразы болу шарт.



[1] Р.Бердiбай. Тарихи роман.—Алматы, Санат, 1997.—145-150 беттер.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға