Жаңалықтар

Алматыда байдарка мен каноэда есуден жастар ойындары өтті

Алматы қаласында байдарка мен каноэда есуден Қазақстан жастары ойындары өтті. Онда батысқазақстандық ескекшілер табысты өнер көрсете алды. Әсіресе, 1 мың метр қашықтықта №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Андрей Ергучевтің бағы жанды. Ол биылғы наурызда өткен Қазақстан біріншілігінде байдаркамен жалғыз жарысуда 500 метрден - бірінші, 1 мың метрден екінші орынды иеленген болатын. Жастар ойындарында байдаркамен жұптасып өнер көрсетуде А.Ергучев облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебіндегі әріптесі Владислав Глазковпен бірге шымкенттік қарсыластарынан тағы да басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Сонымен қатар байдаркамен төрт адамдық сайыста батысқазақстандықтар шымкенттік ескекшілерді сәл ғана алға жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Бұл олимпиадалық қашықтықта (1 мың метр) №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен Алексей Новозенко мен Виталий Астафьевтің шәкірттері А.Ергучев пен Даниил Владимирский, сондай-ақ В.Глазков, спортқа дарынды балалар спорт-интернатынан Николай Сапаров (бапкерлері Григорий Дименштейн мен Елена Бровкова) өнер көрсетті. А.Ергучев 500 метр қашықтықта байдаркамен жалғыз өнер көрсетуде қола, В.Глазковпен бірге жұптық сында күміс жүлдеге ие болды. Аталмыш спорт мектебінен түскен мәліметке қарағанда, №1 БЖСМ директоры Қанат Дүйсенов ескек есу, жеңіл атлетика сынды олимпиадалық ойын түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. ҚазАқпарат.
19.06.2013 03:15 3046

Алматы қаласында байдарка мен каноэда есуден Қазақстан жастары ойындары өтті.

Онда батысқазақстандық ескекшілер табысты өнер көрсете алды. Әсіресе, 1 мың метр қашықтықта №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Андрей Ергучевтің бағы жанды. Ол биылғы наурызда өткен Қазақстан біріншілігінде байдаркамен жалғыз жарысуда 500 метрден - бірінші, 1 мың метрден екінші орынды иеленген болатын. Жастар ойындарында байдаркамен жұптасып өнер көрсетуде А.Ергучев облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебіндегі әріптесі Владислав Глазковпен бірге шымкенттік қарсыластарынан тағы да басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Сонымен қатар байдаркамен төрт адамдық сайыста батысқазақстандықтар шымкенттік ескекшілерді сәл ғана алға жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Бұл олимпиадалық қашықтықта (1 мың метр) №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен Алексей Новозенко мен Виталий Астафьевтің шәкірттері А.Ергучев пен Даниил Владимирский, сондай-ақ В.Глазков, спортқа дарынды балалар спорт-интернатынан Николай Сапаров (бапкерлері Григорий Дименштейн мен Елена Бровкова) өнер көрсетті.

А.Ергучев 500 метр қашықтықта байдаркамен жалғыз өнер көрсетуде қола, В.Глазковпен бірге жұптық сында күміс жүлдеге ие болды.

Аталмыш спорт мектебінен түскен мәліметке қарағанда, №1 БЖСМ директоры Қанат Дүйсенов ескек есу, жеңіл атлетика сынды олимпиадалық ойын түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға