Жаңалықтар

'Baq.kz' порталының байқауларынан шет қалмаңыз

Құрметті жырсүйер қауым, ардақты ағайын! Астананың 15 жылдық мерейтойына арналған "Мүшайра" байқауынан шет қалмай, Сіз де атсалысыңыз! Жазба ақындардың жыр мерекесіне айналған Мүшәйраның халық әдебиетінен алар өзіндік орны бар. Ал, біздің мақсат Елордамыздың төл мерекесін ұлықтай отырып, қазақ ақындарының шеберлігін ұштау. Бүгінгі таңда қатысушылардан жиырмаға жуық өлең жолдары келіп түсті (http://www.baq.kz/kk/news/bannerpost2). Байқау қызу жүріп жатыр. Қатысушылар арасында қазақтың жас дарынды ақындары Тоқтарәлі Таңжарық пен Алмас Алтай да бар. Ендеше сайыстан шет қалмай, Сіз де Астананың мерейтойына өз үлесіңізді қосыңыз. Сондай-ақ, Baq.kz ақпараттық порталы қазақтың ару қыздарына да "Бұрымды қыз" деген айдармен байқау жариялап отыр. Әзірге байқаудың талабына сай келген 7 бұрымды арудың суреті портал бетінде жарияланды (http://www.baq.kz/kk/news/bannerpost). Ал, күнделікті осынау қатысушылардың қатары да арта беретініне сенімдіміз. Жеңімпаздар болса алдағы уақытта оқырмандардың дауыс беруі арқылы таңдалып алынбақ.   Айта кетейік, қос байқаудың жеңімпаздарын да "Қазконтент" АҚ-нан бағалы сыйлықтар күтіп тұр. Уақыт тығыз, сыйлықтарымыздың да саны шектеулі. Ендеше іске сәт!
18.06.2013 16:31 2718

Құрметті жырсүйер қауым, ардақты ағайын! Астананың 15 жылдық мерейтойына арналған "Мүшайра" байқауынан шет қалмай, Сіз де атсалысыңыз!

Жазба ақындардың жыр мерекесіне айналған Мүшәйраның халық әдебиетінен алар өзіндік орны бар. Ал, біздің мақсат Елордамыздың төл мерекесін ұлықтай отырып, қазақ ақындарының шеберлігін ұштау.

Бүгінгі таңда қатысушылардан жиырмаға жуық өлең жолдары келіп түсті (http://www.baq.kz/kk/news/bannerpost2). Байқау қызу жүріп жатыр. Қатысушылар арасында қазақтың жас дарынды ақындары Тоқтарәлі Таңжарық пен Алмас Алтай да бар. Ендеше сайыстан шет қалмай, Сіз де Астананың мерейтойына өз үлесіңізді қосыңыз.

Сондай-ақ, Baq.kz ақпараттық порталы қазақтың ару қыздарына да "Бұрымды қыз" деген айдармен байқау жариялап отыр. Әзірге байқаудың талабына сай келген 7 бұрымды арудың суреті портал бетінде жарияланды (http://www.baq.kz/kk/news/bannerpost). Ал, күнделікті осынау қатысушылардың қатары да арта беретініне сенімдіміз. Жеңімпаздар болса алдағы уақытта оқырмандардың дауыс беруі арқылы таңдалып алынбақ.
 
Айта кетейік, қос байқаудың жеңімпаздарын да "Қазконтент" АҚ-нан бағалы сыйлықтар күтіп тұр. Уақыт тығыз, сыйлықтарымыздың да саны шектеулі. Ендеше іске сәт!
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға