Денсаулық пойыздары 180 мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсетті
18.06.2013 12:30
2900
Оның атап өтуінше, медициналық пойыздардың вагондары заманауи клиникалық диагностикалық аспаптармен, рентгенологиялық және қосалқы құрал-саймандармен жабдықталған. Сонымен қатар 18 жоғары білікті дәрігер медициналық көмек көрсетеді.
С.Ашғалиевтің сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы «Саламатты Қазақстан» пойызының дәрігерлері Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарының 36 стансасында 59 күн жұмыс істеп, 9027 тұрғынды тексерді. «Денсаулық» пойызының дәрігерлері 97 күнде Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарының 72 стансасына барып, 13463 тұрғынды қарады. Ал «Жәрдем» пойызы 85 күн бойы Маңғыстаудың 43 стансасында тұратын 11474 тұрғынды тексеруден өткізді.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға