«Жаужүрек мың бала» мен «Шал» Венаға аттанды
18.06.2013 12:09
2830
Ақан Сатаевтың "Жаужүрек мың бала" мен "Шал" фильмі Венада көрсетіледі деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.
Көрсетілім "Венадағы Қазақстан киносы күндерінің" аясында өткізілмек. Мәдени шара Австриядағы Қазақстан елшілігі мен Қазақстан студенттері одағының қолға алуымен ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, жиын барысында церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсетіледі.
Сондай-ақ, Ерлан Сағыновтың "Болашақ үшін", Ерлан Нұрмұхамбетовтің "Аңшы бала" туындылары да көрермен назарына ұсынылады. Киносүйер қауым отандық фильмдерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тамашалай алады.
Baq.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ресейлік футболшы - Қазақстанның ең қымбат ойыншысы