Жаңалықтар

LXІ бөлім

Жалпы алғанда, Ә.Кекiлбаевтың “Аңыздың ақыры” романы қазақ прозасының жанрлық өрiсiн, реалистiк кемелденуiн танытарлықтай қызғылықты құбылыстың бiрi[1]. Ә. Кекiлбаев романының бiрден қалың оқырман назарын аударуының үлкен бiр себебi – оның қазақ халқы тарихының бетбұрысты кезеңiнiң оқиғаларын тақырып етiп алуында ғана емес, орыс-қазақ халықтарының ынтымақтасуы, бiрiгу жолының шытырман шындығын нақты деректерге сүйене отырып, көркем образда арқылы жарқын аша бiлуiнде. Романның тарихилық сипаты (историзмi) күштi. Ол халықтар тарихының даму бағытында әлеуметтiк өзгерiстер негiзiнде қарайды. Адамдардың қай дәуiрде болса да үмiттi болашақтан күткенiн, өзара қарым-қатынасқа, материалдық және рухани байланысқа ұмтылғанын ол жақсы түсiнедi. Көршi елдердiң жан-жақты қыспағына түсiп, көшпелi өмiр кешкен қазақтың да ендiгi жерде томаға-тұйық, оқшау өмiр сүруi мүмкiн емес едi. Дүние жүзiлiк әлеуметтiк тiршiлiктiң iрi қозғалысқа түсуi, жаңа жерлердiң ашылып, халықтар арасында байланыстың күшеюi, басып алу, бағыну шындықтары қазақ халқын да бұрынғы күйден қозғап, iзденiс жолына бағыттады. Осы жолда оның iздеп тапқаны—орыс халқы. Осы бiр тарихи құбылыстың заңдылығын жазушы “Үркерде” үлкен суреткерлiкпен және ойшылдықпен бейнелейдi. Үркер—маңдай алдыңнан туып, жолыңа нұр берiп тұрған, адастырмайтын жарық жұлдыз немесе жұлдыздар шоғыры. Орысқа қосылу арқылы қазақ тапқан жол да романда осылай ұғынылады. Ұзақ көшпелi өмiр кешкен, көп жауласқан қазақ та адаспайтын жолға шықты. Оның төбесiнде үркер жанып тұр. Үркердiң қарсы алдынан туғанын қазақ қашанда жақсылыққа жорыған, халық бойын билеген үмiт оты осыған жетектейдi. “Романдағы бұкiл оқиға дамуы, әрекет, өмiр құбылыстары—бәрi де оның негiзгi қаһарманы Әбiлқайырдың көзқарасымен байланысты дамиды, соның ой-елегiнен өте көрсетiледi. Осы тұрғыдан Әбiлқайыр есiмi романның екiншi аты болуға да лайық”[2],—дейдi ғалым С.Қирабаев.   Әбiш Кекiлбаев шығармашылығы туралы еңбектер:   1.      Бердiбаев Р. Қазақ тарихи романы. Ғылым. Алматы, 1979. 2.      Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры: Жыр туралы кiтап. Алматы, Жазушы, 1982. 3.      Бердiбаев Р. Замана сазы: Зерттеу.-Алматы: Жазушы, 1985. 4.      Бердiбаев Р. Тарихи роман. Алматы: 1997. 5.      Тоқбергенов Т. Үш тоғыс. Әдеби сын. Алматы, Жазушы, 1977. 6.      Әшiмбаев С: Ақиқатқа iңкәрлiк. Әдебиет пен өнер жайлы толғау. Алматы, Ана тiлi, 1997. 7.      Исмакова А.С. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль (начало ХХ века и современность).-Алматы, Ғылым, 1998. 8.      Дәдебаев Ж. Шымырлап бойға жайылған. Әдеби сын. Алматы, Жазушы, 1988. 9.      Сыдықов Т. Парасат безбенi немесе Ә.Кекiлбаевтың көркемдiк әлемi. // Қазақ тiлi мен әдебиетi, 2002, № 2. 10.  Мағазбекқызы С. Ә.Кекiлбаев шығармасындағы тарихи фабула және көркемдiк шешiм. // Қазақ тiлi мен әдебиетi. 1995, № 7. 11.  Елеукенов Ш. От фольклора до романа-эпопеи (Идейне-эстетическое и жанровое своеобразие казахского романа), Алма-ата, Жазушы, 1987. 12.  Әшiмбаев С. Шындыққа сүйiспеншiлiк. Алматы, 1993. 13.  Дүйсенбаева Ж. Ә.Кекiлбаевпен сұхбат. // Ұлт тағлымы, 2001, № 3 14.  Байбосынова Е. Әбiш Кекiлбаевтың публицистикасындағы қоғамдық-саяси  лексика. // ХҚТУ Хабаршысы, 2001, № 4-5. 15.  Оразалин Н. Аңыз бен ақиқаттың алып кеңiстiгi. // Қазақ әдебиетi. 1999, 3 желтоқсан. 16.  Отарәлиев М. Ә.Кекiлбаев-ғұлама ойшыл. // Ұлт тағлымы. 2001, № 3.   [1] Р.Бердiбай. Тарихи роман. Алматы, Санат, 1997. 194-201 беттер. [2] Іирабаев С. “¶ркер” романы. Кiтапта: Уаєыт жёне єаламгер. 12-кiтап. Алматы: Жазушы, 1986.—69-бет.  
18.06.2013 11:26 3755

Жалпы алғанда, Ә.Кекiлбаевтың “Аңыздың ақыры” романы қазақ прозасының жанрлық өрiсiн, реалистiк кемелденуiн танытарлықтай қызғылықты құбылыстың бiрi[1].

Ә. Кекiлбаев романының бiрден қалың оқырман назарын аударуының үлкен бiр себебi – оның қазақ халқы тарихының бетбұрысты кезеңiнiң оқиғаларын тақырып етiп алуында ғана емес, орыс-қазақ халықтарының ынтымақтасуы, бiрiгу жолының шытырман шындығын нақты деректерге сүйене отырып, көркем образда арқылы жарқын аша бiлуiнде.

Романның тарихилық сипаты (историзмi) күштi. Ол халықтар тарихының даму бағытында әлеуметтiк өзгерiстер негiзiнде қарайды. Адамдардың қай дәуiрде болса да үмiттi болашақтан күткенiн, өзара қарым-қатынасқа, материалдық және рухани байланысқа ұмтылғанын ол жақсы түсiнедi. Көршi елдердiң жан-жақты қыспағына түсiп, көшпелi өмiр кешкен қазақтың да ендiгi жерде томаға-тұйық, оқшау өмiр сүруi мүмкiн емес едi. Дүние жүзiлiк әлеуметтiк тiршiлiктiң iрi қозғалысқа түсуi, жаңа жерлердiң ашылып, халықтар арасында байланыстың күшеюi, басып алу, бағыну шындықтары қазақ халқын да бұрынғы күйден қозғап, iзденiс жолына бағыттады. Осы жолда оның iздеп тапқаны—орыс халқы. Осы бiр тарихи құбылыстың заңдылығын жазушы “Үркерде” үлкен суреткерлiкпен және ойшылдықпен бейнелейдi. Үркер—маңдай алдыңнан туып, жолыңа нұр берiп тұрған, адастырмайтын жарық жұлдыз немесе жұлдыздар шоғыры. Орысқа қосылу арқылы қазақ тапқан жол да романда осылай ұғынылады. Ұзақ көшпелi өмiр кешкен, көп жауласқан қазақ та адаспайтын жолға шықты. Оның төбесiнде үркер жанып тұр. Үркердiң қарсы алдынан туғанын қазақ қашанда жақсылыққа жорыған, халық бойын билеген үмiт оты осыған жетектейдi.

“Романдағы бұкiл оқиға дамуы, әрекет, өмiр құбылыстары—бәрi де оның негiзгi қаһарманы Әбiлқайырдың көзқарасымен байланысты дамиды, соның ой-елегiнен өте көрсетiледi. Осы тұрғыдан Әбiлқайыр есiмi романның екiншi аты болуға да лайық”[2],—дейдi ғалым С.Қирабаев.

 

Әбiш Кекiлбаев шығармашылығы туралы еңбектер:

 

1.      Бердiбаев Р. Қазақ тарихи романы. Ғылым. Алматы, 1979.

2.      Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры: Жыр туралы кiтап. Алматы, Жазушы, 1982.

3.      Бердiбаев Р. Замана сазы: Зерттеу.-Алматы: Жазушы, 1985.

4.      Бердiбаев Р. Тарихи роман. Алматы: 1997.

5.      Тоқбергенов Т. Үш тоғыс. Әдеби сын. Алматы, Жазушы, 1977.

6.      Әшiмбаев С: Ақиқатқа iңкәрлiк. Әдебиет пен өнер жайлы толғау. Алматы, Ана тiлi, 1997.

7.      Исмакова А.С. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль (начало ХХ века и современность).-Алматы, Ғылым, 1998.

8.      Дәдебаев Ж. Шымырлап бойға жайылған. Әдеби сын. Алматы, Жазушы, 1988.

9.      Сыдықов Т. Парасат безбенi немесе Ә.Кекiлбаевтың көркемдiк әлемi. // Қазақ тiлi мен әдебиетi, 2002, № 2.

10.  Мағазбекқызы С. Ә.Кекiлбаев шығармасындағы тарихи фабула және көркемдiк шешiм. // Қазақ тiлi мен әдебиетi. 1995, № 7.

11.  Елеукенов Ш. От фольклора до романа-эпопеи (Идейне-эстетическое и жанровое своеобразие казахского романа), Алма-ата, Жазушы, 1987.

12.  Әшiмбаев С. Шындыққа сүйiспеншiлiк. Алматы, 1993.

13.  Дүйсенбаева Ж. Ә.Кекiлбаевпен сұхбат. // Ұлт тағлымы, 2001, № 3

14.  Байбосынова Е. Әбiш Кекiлбаевтың публицистикасындағы қоғамдық-саяси  лексика. // ХҚТУ Хабаршысы, 2001, № 4-5.

15.  Оразалин Н. Аңыз бен ақиқаттың алып кеңiстiгi. // Қазақ әдебиетi. 1999, 3 желтоқсан.

16.  Отарәлиев М. Ә.Кекiлбаев-ғұлама ойшыл. // Ұлт тағлымы. 2001, № 3.

 



[1] Р.Бердiбай. Тарихи роман. Алматы, Санат, 1997. 194-201 беттер.

[2] Іирабаев С. “¶ркер” романы. Кiтапта: Уаєыт жёне єаламгер. 12-кiтап. Алматы: Жазушы, 1986.—69-бет.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға