Жаңалықтар

LX бөлім

Баяндаушы мен қаһарманның “даусы” кейде кезектесiп, кейде қосылып кететiндей болады, әңгiмелеу аяғы монологқа жалғасады. Қаһарманның ой қатпарында жатқан, әншейiнде айтыла бермейтiн, тiптi ең жақын адамдарына да сездiрмейтiн құпиясы осындай жолмен ашылады. Автор суреттеудiң бұл тәсiлiн бұзбай, мiнездеудiң тысы мен iшiн қатар қамтиды. Соның арқасында қаһармандар тұлғасына нақтылық, нанымдылық бiтедi. Алмас хан бейнесiн алып қарайық. Шығармада оның сан соғыстарының көрiнiсi де, хабарламасы да емес, қорытындысы, тәжiрибесi ғана екшелiп ойша елестетiледi. Оның өзiнде де жорықтар, тәж бен тақ ұшiн таластар Алмас ханның өмiр мен өлiм, барлық пен жоқтық, жақсылық пен жамандық туралы ойларына, тұжырымдарына дәлелдеме, дәйектеме мысал секiлденiп қана тiзбектеледi. Демек, шығармада белгiлi оқиғалар барысы емес, сол оқиғалардың мазмұны мен сипаты айтылады, құбылыстардың себебi мен салдары ақыл таразысынан өтiп, өз бағасын алып жатады. Бұл реттен алып қарағанда, роман кейде философиялық толғаныстардан, ғибраттардан, ұласқаен ойлардан тұрғандай сезiледi. Алмас ханның жорықтан қайтып келе жатқанда өмiрдiң пәнилiгi туралы ойлары кейiннен iшiнен құрт шыққан қызыл алманың не хикмет екенiн бiле алмай дағдарған, күдiктенген халдарына жалғасады. Бiз бүкiл әлемдi тiтiреткен әмiршiнiң жойқын соғыстарының емес, кiшi ханшаны өзгеден қызғанған күйкi сезiмдерiнiң куәсi боламыз. Оның айналасындағы құбылыстарға талдау жасауы, қызғаныш пен сабыр, өктемдiк пен әдiлдiк, өкiнiш пен үмiт, қанағат пен шапағат, сезiмдерiн парасат таразысына сала бiлуi күрделi тұлғасын танытады. Адамның деңгейi iс-әрекеттен де, ой-пiкiрден де көрiне алады. Алмас ханның өткiр ақылы мен берiк еркiн оның ойына қызғаныш құрты түскен кезде, көзi жеткен қылмыстың лайықты жазасын ойлап қиялы сан тарапты шарлаған шақта анық елестетемiз. Алмас хан жасында күштiлердiң қорлығын, қуғынын көп көредi, тек кейiннен ғана өзiнiң ерлiгi, айласы, өжеттiгi арқасында жауларын бiртiндеп жеңiп, жарты әлемнiң билеушiсi дерлiк дәрежеге жетедi. Мұның алдында жаһанның қаншама үкiмдарлары бас иген. Ол аспан астында әмiрiмен илiкпейтiн пенде жоқ деп, өзiнiң құдiретiне мығым сенгенiне талай болған. Ханды сұлудың сиқырлы назы да, өзенше аққан адам қаны мен көз жасы да таңырқатуды не тебiрентудi қойған. Адам баласының тағдырын ойыншық қып үйренген, дүниеде қарсы келер, сес көрсетер жан бар деп ойлауды ұмытқан хан бiр мәселеден тығырыққа тiрелгендей, қатты тосылады. Ақырында ол кiшi ханшаның кiнәдан пәк, жас шебердiң ынтық болуы сырттай құмарлық болып, нәтижесiз қалғанына да көз жеткiзедi. Сонда да болса ол жай қарапайым адамның ханшаға сұқтанғанын, сол үшiн барлық өнерiн төгiп, ғажайып мұнара соққанын кешiре алмайды. Өзгелердiң ойы, еркi ғана емес, сезiмi де әмiрге бағынышты болу керек деп сенетiн ол, әлгiндей ғашықтыққа батылы барғаны үшiн жас шебер—Жаппардың көзiн ойып, тiлiн кестiрiп жазалатады. Алмас хан бұлай еткенде жеке басының қызғаныш құлы болып қана кетпейдi, мынадай асқан әсем мұнара басқа ешкiм, ешбiр жерде бұдан былай салынбасын деген пiкiрдi де қатар ойлайды. Ол әрбiр кескен жазасы халыққа қалай әсер ететiнiн, бұдан елге қандай аңыз, лақап, дақпырт тарайтынын да ескередi, жансыздарын жiберiп, базар аралатады, жұрттың өсегiне дейiн тыңдаттырады. Сөйтiп, ол өзiнiң шешiмдерiн жұрттың түсiнiгiне сәйкес үйлесiмдi етiп, аңызды қолдан жасауды көздейдi…  
18.06.2013 11:25 2787

Баяндаушы мен қаһарманның “даусы” кейде кезектесiп, кейде қосылып кететiндей болады, әңгiмелеу аяғы монологқа жалғасады. Қаһарманның ой қатпарында жатқан, әншейiнде айтыла бермейтiн, тiптi ең жақын адамдарына да сездiрмейтiн құпиясы осындай жолмен ашылады. Автор суреттеудiң бұл тәсiлiн бұзбай, мiнездеудiң тысы мен iшiн қатар қамтиды. Соның арқасында қаһармандар тұлғасына нақтылық, нанымдылық бiтедi.

Алмас хан бейнесiн алып қарайық. Шығармада оның сан соғыстарының көрiнiсi де, хабарламасы да емес, қорытындысы, тәжiрибесi ғана екшелiп ойша елестетiледi. Оның өзiнде де жорықтар, тәж бен тақ ұшiн таластар Алмас ханның өмiр мен өлiм, барлық пен жоқтық, жақсылық пен жамандық туралы ойларына, тұжырымдарына дәлелдеме, дәйектеме мысал секiлденiп қана тiзбектеледi. Демек, шығармада белгiлi оқиғалар барысы емес, сол оқиғалардың мазмұны мен сипаты айтылады, құбылыстардың себебi мен салдары ақыл таразысынан өтiп, өз бағасын алып жатады.

Бұл реттен алып қарағанда, роман кейде философиялық толғаныстардан, ғибраттардан, ұласқаен ойлардан тұрғандай сезiледi. Алмас ханның жорықтан қайтып келе жатқанда өмiрдiң пәнилiгi туралы ойлары кейiннен iшiнен құрт шыққан қызыл алманың не хикмет екенiн бiле алмай дағдарған, күдiктенген халдарына жалғасады. Бiз бүкiл әлемдi тiтiреткен әмiршiнiң жойқын соғыстарының емес, кiшi ханшаны өзгеден қызғанған күйкi сезiмдерiнiң куәсi боламыз. Оның айналасындағы құбылыстарға талдау жасауы, қызғаныш пен сабыр, өктемдiк пен әдiлдiк, өкiнiш пен үмiт, қанағат пен шапағат, сезiмдерiн парасат таразысына сала бiлуi күрделi тұлғасын танытады. Адамның деңгейi iс-әрекеттен де, ой-пiкiрден де көрiне алады. Алмас ханның өткiр ақылы мен берiк еркiн оның ойына қызғаныш құрты түскен кезде, көзi жеткен қылмыстың лайықты жазасын ойлап қиялы сан тарапты шарлаған шақта анық елестетемiз. Алмас хан жасында күштiлердiң қорлығын, қуғынын көп көредi, тек кейiннен ғана өзiнiң ерлiгi, айласы, өжеттiгi арқасында жауларын бiртiндеп жеңiп, жарты әлемнiң билеушiсi дерлiк дәрежеге жетедi. Мұның алдында жаһанның қаншама үкiмдарлары бас иген. Ол аспан астында әмiрiмен илiкпейтiн пенде жоқ деп, өзiнiң құдiретiне мығым сенгенiне талай болған. Ханды сұлудың сиқырлы назы да, өзенше аққан адам қаны мен көз жасы да таңырқатуды не тебiрентудi қойған.

Адам баласының тағдырын ойыншық қып үйренген, дүниеде қарсы келер, сес көрсетер жан бар деп ойлауды ұмытқан хан бiр мәселеден тығырыққа тiрелгендей, қатты тосылады. Ақырында ол кiшi ханшаның кiнәдан пәк, жас шебердiң ынтық болуы сырттай құмарлық болып, нәтижесiз қалғанына да көз жеткiзедi. Сонда да болса ол жай қарапайым адамның ханшаға сұқтанғанын, сол үшiн барлық өнерiн төгiп, ғажайып мұнара соққанын кешiре алмайды. Өзгелердiң ойы, еркi ғана емес, сезiмi де әмiрге бағынышты болу керек деп сенетiн ол, әлгiндей ғашықтыққа батылы барғаны үшiн жас шебер—Жаппардың көзiн ойып, тiлiн кестiрiп жазалатады. Алмас хан бұлай еткенде жеке басының қызғаныш құлы болып қана кетпейдi, мынадай асқан әсем мұнара басқа ешкiм, ешбiр жерде бұдан былай салынбасын деген пiкiрдi де қатар ойлайды. Ол әрбiр кескен жазасы халыққа қалай әсер ететiнiн, бұдан елге қандай аңыз, лақап, дақпырт тарайтынын да ескередi, жансыздарын жiберiп, базар аралатады, жұрттың өсегiне дейiн тыңдаттырады. Сөйтiп, ол өзiнiң шешiмдерiн жұрттың түсiнiгiне сәйкес үйлесiмдi етiп, аңызды қолдан жасауды көздейдi…

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға