Жаңалықтар

LІII бөлім

Қазақ батыры Дүйiмқара да олардан қалыспайды, бұл да тайсақтауды, жалтақтауды бiлмейтiн жанкештiнiң өзi. Ол талай мәрте түрiкмен ауылдарының үстiне қанды құйындай түйiлiп өткен. Екi тайпа ел осылай жаулықта өмiр сүрiп жатады. Жөнейiт даланың қатал заңдарының құлақ кестi құлындай. Қартайғанына бiр қынжылса, тайпаласында бас көтерер батырлардың азайып бара жатқанын көрiп тағы күйзеледi. Аттың құлағында ойнап, қанжар мен қылышты қапысыз қатар сермейтiн үлкен ұлы қыршын кетсе, төңiрегiне төбелеспен аты шыққан ортаншысы да бүгiнде жат жердiң топырағын жастанып жатыр. Ал кенже ұлы Дәулеттiң—елдiң бәрiне сүйкiмдi көрiнетiн серi жiгiттiң бала жастан қолына дутар ұстап, ән-күйге әуес болғанын Жөнейiт мұлдем тұсiне алмас едi. Осы Ұлының көкiрегiне жауға деген өшпендiлiк отын тұтату үшiн Жөнейiт оны Темiр бабасының моласы басына түнетуге алып барады. ұрыс-керiске әуел бастан икемi жоқ талантты бозбала әкесiнiң айтқанын iстемеймiн деп ақыры мерт болады… Жөнейiт қартайған шағында алыс-жұлыспен өткен өмiрiнiң пәлендей опа бермегенiне, адам баласының өшпендiлiкпен, кекшiлдiкпен, ызақорлықпен, жiкшiлдiкпен баянды өмiр сүре алмайтынына көзi жете бастайды. Бiрақ қапа-қайғыға белшесiнен батқан, ыза-кектен ақылынан алжасқан кәрiнiң бұдан әрiге өресi жетпейдi. Қолға түскен күйшi қазақ та осы жөнiнде қинала ойлайды, бұл да адам баласының айуандық iстер үшiн емес,  өз нәсiлiн көбейтiп, тыныштықта өмiр кешу үшiн жарық дұниеге келгенiн күй тiлiмен жеткiзедi. “Адам қашан өзiнiң алақандай төрiне көңiлi толғанда ғана пейiлi кеңитiнiн, кiсiнiң өз пейiлi кеңiмей тұрып, жер де, ел де кеңiмейтiнiн, шаншылған бас пен шашылған сүйектердiң ешбiр елге ешқашан да шекара бола алмайтынын, өзiң ешкiмдi аямасаң, өзiңдi де ешкiм аямайтынын” күйшi домбырасымен айтады. Мұны бәрi де ұғады. Құдай алдында да, адам алдында да түк жазығы жоқ, бейшара домбырашыға Жөнейiттiң кәдiмгiдей жаны аши бастаса да, ол күйшiнi басын қылтитып қара жолдың бойына көмдiредi. Бұлай iстеуге белгiлi бiр себептер бар едi. Бiрiншiден, Жөнейiттiң ата жауы Дүйiмқара олар қанша сарыла күтсе де келмедi. “Атақты күйшiсiн солай азаптап көмiп кетсек, бұл жай, сөз жоқ, Дұйiмқара құлағына шалынбай қоймайды. Содан бұл қорлыққа шыдамаған ол қалай да бiр соғады,”—деп жорамалдайды. Бұл—даланың жабайы стратегиясы. Екiншiден, күйшiнi аман-есен елiне қайтарса, Жөнейiттi басқалар, яғни қас дұшпаны оның жаугершiлiктен жүрегi шайлыққаны, жауының алдында тiзе бүккенi деп табалайды. Бұл—сол уақыт шындығы, әрi заман трагедиясы. Повесть Жөнейiттiң өлiмiмен аяқталады. Жөнейiт өлiмi—күйшiнiң соңғы халымен сабақтас. Жатса да, тұрса да кәрi батырдың көз алдынан да, көңiл алаңынан да кұйшiнiң шашылып қалған сүйегi кетпей қояды. Жөнейiт психологиялық аурудан көз жұмады.  
18.06.2013 11:20 2265

Қазақ батыры Дүйiмқара да олардан қалыспайды, бұл да тайсақтауды, жалтақтауды бiлмейтiн жанкештiнiң өзi. Ол талай мәрте түрiкмен ауылдарының үстiне қанды құйындай түйiлiп өткен.

Екi тайпа ел осылай жаулықта өмiр сүрiп жатады. Жөнейiт даланың қатал заңдарының құлақ кестi құлындай. Қартайғанына бiр қынжылса, тайпаласында бас көтерер батырлардың азайып бара жатқанын көрiп тағы күйзеледi. Аттың құлағында ойнап, қанжар мен қылышты қапысыз қатар сермейтiн үлкен ұлы қыршын кетсе, төңiрегiне төбелеспен аты шыққан ортаншысы да бүгiнде жат жердiң топырағын жастанып жатыр. Ал кенже ұлы Дәулеттiң—елдiң бәрiне сүйкiмдi көрiнетiн серi жiгiттiң бала жастан қолына дутар ұстап, ән-күйге әуес болғанын Жөнейiт мұлдем тұсiне алмас едi. Осы Ұлының көкiрегiне жауға деген өшпендiлiк отын тұтату үшiн Жөнейiт оны Темiр бабасының моласы басына түнетуге алып барады. ұрыс-керiске әуел бастан икемi жоқ талантты бозбала әкесiнiң айтқанын iстемеймiн деп ақыры мерт болады…

Жөнейiт қартайған шағында алыс-жұлыспен өткен өмiрiнiң пәлендей опа бермегенiне, адам баласының өшпендiлiкпен, кекшiлдiкпен, ызақорлықпен, жiкшiлдiкпен баянды өмiр сүре алмайтынына көзi жете бастайды. Бiрақ қапа-қайғыға белшесiнен батқан, ыза-кектен ақылынан алжасқан кәрiнiң бұдан әрiге өресi жетпейдi. Қолға түскен күйшi қазақ та осы жөнiнде қинала ойлайды, бұл да адам баласының айуандық iстер үшiн емес,  өз нәсiлiн көбейтiп, тыныштықта өмiр кешу үшiн жарық дұниеге келгенiн күй тiлiмен жеткiзедi.

“Адам қашан өзiнiң алақандай төрiне көңiлi толғанда ғана пейiлi кеңитiнiн, кiсiнiң өз пейiлi кеңiмей тұрып, жер де, ел де кеңiмейтiнiн, шаншылған бас пен шашылған сүйектердiң ешбiр елге ешқашан да шекара бола алмайтынын, өзiң ешкiмдi аямасаң, өзiңдi де ешкiм аямайтынын” күйшi домбырасымен айтады. Мұны бәрi де ұғады.

Құдай алдында да, адам алдында да түк жазығы жоқ, бейшара домбырашыға Жөнейiттiң кәдiмгiдей жаны аши бастаса да, ол күйшiнi басын қылтитып қара жолдың бойына көмдiредi. Бұлай iстеуге белгiлi бiр себептер бар едi. Бiрiншiден, Жөнейiттiң ата жауы Дүйiмқара олар қанша сарыла күтсе де келмедi. “Атақты күйшiсiн солай азаптап көмiп кетсек, бұл жай, сөз жоқ, Дұйiмқара құлағына шалынбай қоймайды. Содан бұл қорлыққа шыдамаған ол қалай да бiр соғады,”—деп жорамалдайды. Бұл—даланың жабайы стратегиясы. Екiншiден, күйшiнi аман-есен елiне қайтарса, Жөнейiттi басқалар, яғни қас дұшпаны оның жаугершiлiктен жүрегi шайлыққаны, жауының алдында тiзе бүккенi деп табалайды. Бұл—сол уақыт шындығы, әрi заман трагедиясы. Повесть Жөнейiттiң өлiмiмен аяқталады. Жөнейiт өлiмi—күйшiнiң соңғы халымен сабақтас. Жатса да, тұрса да кәрi батырдың көз алдынан да, көңiл алаңынан да кұйшiнiң шашылып қалған сүйегi кетпей қояды. Жөнейiт психологиялық аурудан көз жұмады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға