Жаңалықтар

LІI бөлім

Кекiлбаевтың творчестволық жолы қазақ әдебиетшiлерi өз халқының өткенi мен тарихтың көмескi беттерiн жапатармағай жаза бастаған тұсқа сәйкес келдi. Романтикалық ерлiк, өнегелерге толы сол бiр құпия заманаларға үңiле отырып, өздерiне қажеттi материалдар мен шабыт көзiн тапқан базбiр авторлар қаламынан туған ондаған романдар мен повестердi қазiр сыншыларымыз жанрлық жағынан iрiктегенде бiрде тарихи, бiрде тарихи-этнографиялық, бiрде хроникалық деп атап жұр. Ал, шынында, соның көбiсi өткен өмiрдi құрғақ қызықтайтын арзан экзотика, беллетристикаға айналған этнография дәрежесiнен аспай жатты. Прозашы Ә.Кекiлбаев, бiздiңше, тарихқа басқадай жолмен барды. “Күй”, “Ханша-дария хикаясы”, “Шыңырау”, “Бәсеке” атты повестерiнде автор ежелгi аңыз-әңгiмелердi шебер пайдалана отырып, өткен күннiң жарқын да қаһарлы бейнесiн, моральдық бейнесiн жасайды, бүгiнгi күннiң көкейтестi мәселелерiн қозғайды. Мәскеудiң “Молодая гвардия” баспасынан шыққан Ә.Кекiлбаевтың “Дала балладалары” (1975) кiтабына жазған алғы сөзiнде Ә.Нұрпейiсов былай дейдi: “Ол өзiнiң шығармаларында атақты тарихи тұлғалар есiмiн саудаға салмайды. Ол өз халқының өткен тұрмысын әспеттеу, әйтпесе мансұқ ету секiлдi мiнезден де аулақ. Адам өмiрiнiң әлеуметтiк сыр-сипаттарын философиялық, психологиялық тұрғыдан терең көрсетуi бұл повестердiң шыншылдық қасиетiн ерекше көтере тұскен”. Ә.Кекiлбаевтың көркемдiк палитрасының қуат мен қасиетi де осында—ол ежелгi аңыз-әңгiмелердi бүгiнгi күннiң елегiнен өткiзiп, тарихи-философиялық тұрғыдан екшеп отырады, сол аңыз-әңгiмелерден күллi адам баласына ортақ адамшылық тамырларды тауып отырады. Өткен күндер шындығына бүгiнгi күннiң жарық сәулесiн түсiредi. Кекiлбаевтың суреткер ретiндегi ерекшелiгiнiң пiр парасын осы төңiректен iздеуiмiз керек. Демек, сыншыларымыздың оның “тарих пен бүгiнгi күннiң маңызды мәселелерiн” (Ш.Айтматов) қозғап, “әлеуметтiк iрi идеяларды өзек ететiнiн” (Ә.НҰрпейiсов), “адам баласының болмысы мен оның iс-әрекетiнiң себеп-салдарын iздеп, үнемi ой толғайтынын” (А.Руденко-Десняк) атап көрсетуi шындыққа әбден сай келедi. “Күй” повесi—ежелгi тайпалар арасындағы талас-тартыс, араздық туралы, қатыгездiң пен надандық жайлаған замандағы кейбiр ұсқынсыз әдет-ғұрыптар туралы жазылған шығарма деймiз. Ата-бабадан мирас болып келе жатқан абырой-атақ, ар-намысты қайткенде аяққа таптатпау, дұшпан сөзiн бастан асырмау секiлдi ежелгi ұғымдарды арқаланған батырлар мен дуалы ауыздардың барша өмiрi ру намысын жыртудан аспаған заманның кескiнi көрiнедi. Автор қазақ даласы мен түрiкмен құмдарының ғажайып суретiн салуға құнарлы тiл де, ұтымды детальдарды да таба бiледi, бiрақ осынау күн нұрына шомылған зеңгiр аспан астын мекендеген екi бауырлас жұрт ол кездерде өзара сыйыса алмай, ұғыса алмай талай тауқыметтi бастан кешiрiптi. Талай замандар бойы осы далада зорлық-зомбылықтың неше алуан түрi: алып кету, шауып кету, жер дауы, жесiр дауы “патшалық” құрған. Жаулықтың тамыр жайып кеткенi соншалық, жазықты мен жазықсызды айырып жату мүмкiн емес-тi. Жұрт аузында “кек қайтару” деген қатал сөз бар. осы сөз елдiң есiн алып, iшiн мұздатқан. Тiптi аза-қаза үстiнде де еркек атаулы қарына қанжар байлап жүрудi әдет еткен. Той-томалақта ән айтып, домбыра шертудi ұмыта бастаған. Түрiкмен рубасы Жөнейiттiң қатал қабағынан жақыны да, жаты да қорқады. Жөнейiттiң iнiсi Көкбөрi де қан аңсаған қатыгездiң өзi, мұның да бар өмiрi жортуыл үстiнде өткен.
18.06.2013 11:20 3265

Кекiлбаевтың творчестволық жолы қазақ әдебиетшiлерi өз халқының өткенi мен тарихтың көмескi беттерiн жапатармағай жаза бастаған тұсқа сәйкес келдi. Романтикалық ерлiк, өнегелерге толы сол бiр құпия заманаларға үңiле отырып, өздерiне қажеттi материалдар мен шабыт көзiн тапқан базбiр авторлар қаламынан туған ондаған романдар мен повестердi қазiр сыншыларымыз жанрлық жағынан iрiктегенде бiрде тарихи, бiрде тарихи-этнографиялық, бiрде хроникалық деп атап жұр. Ал, шынында, соның көбiсi өткен өмiрдi құрғақ қызықтайтын арзан экзотика, беллетристикаға айналған этнография дәрежесiнен аспай жатты.

Прозашы Ә.Кекiлбаев, бiздiңше, тарихқа басқадай жолмен барды. “Күй”, “Ханша-дария хикаясы”, “Шыңырау”, “Бәсеке” атты повестерiнде автор ежелгi аңыз-әңгiмелердi шебер пайдалана отырып, өткен күннiң жарқын да қаһарлы бейнесiн, моральдық бейнесiн жасайды, бүгiнгi күннiң көкейтестi мәселелерiн қозғайды. Мәскеудiң “Молодая гвардия” баспасынан шыққан Ә.Кекiлбаевтың “Дала балладалары” (1975) кiтабына жазған алғы сөзiнде Ә.Нұрпейiсов былай дейдi: “Ол өзiнiң шығармаларында атақты тарихи тұлғалар есiмiн саудаға салмайды. Ол өз халқының өткен тұрмысын әспеттеу, әйтпесе мансұқ ету секiлдi мiнезден де аулақ. Адам өмiрiнiң әлеуметтiк сыр-сипаттарын философиялық, психологиялық тұрғыдан терең көрсетуi бұл повестердiң шыншылдық қасиетiн ерекше көтере тұскен”.

Ә.Кекiлбаевтың көркемдiк палитрасының қуат мен қасиетi де осында—ол ежелгi аңыз-әңгiмелердi бүгiнгi күннiң елегiнен өткiзiп, тарихи-философиялық тұрғыдан екшеп отырады, сол аңыз-әңгiмелерден күллi адам баласына ортақ адамшылық тамырларды тауып отырады. Өткен күндер шындығына бүгiнгi күннiң жарық сәулесiн түсiредi. Кекiлбаевтың суреткер ретiндегi ерекшелiгiнiң пiр парасын осы төңiректен iздеуiмiз керек. Демек, сыншыларымыздың оның “тарих пен бүгiнгi күннiң маңызды мәселелерiн” (Ш.Айтматов) қозғап, “әлеуметтiк iрi идеяларды өзек ететiнiн” (Ә.НҰрпейiсов), “адам баласының болмысы мен оның iс-әрекетiнiң себеп-салдарын iздеп, үнемi ой толғайтынын” (А.Руденко-Десняк) атап көрсетуi шындыққа әбден сай келедi.

“Күй” повесi—ежелгi тайпалар арасындағы талас-тартыс, араздық туралы, қатыгездiң пен надандық жайлаған замандағы кейбiр ұсқынсыз әдет-ғұрыптар туралы жазылған шығарма деймiз. Ата-бабадан мирас болып келе жатқан абырой-атақ, ар-намысты қайткенде аяққа таптатпау, дұшпан сөзiн бастан асырмау секiлдi ежелгi ұғымдарды арқаланған батырлар мен дуалы ауыздардың барша өмiрi ру намысын жыртудан аспаған заманның кескiнi көрiнедi. Автор қазақ даласы мен түрiкмен құмдарының ғажайып суретiн салуға құнарлы тiл де, ұтымды детальдарды да таба бiледi, бiрақ осынау күн нұрына шомылған зеңгiр аспан астын мекендеген екi бауырлас жұрт ол кездерде өзара сыйыса алмай, ұғыса алмай талай тауқыметтi бастан кешiрiптi. Талай замандар бойы осы далада зорлық-зомбылықтың неше алуан түрi: алып кету, шауып кету, жер дауы, жесiр дауы “патшалық” құрған. Жаулықтың тамыр жайып кеткенi соншалық, жазықты мен жазықсызды айырып жату мүмкiн емес-тi. Жұрт аузында “кек қайтару” деген қатал сөз бар. осы сөз елдiң есiн алып, iшiн мұздатқан. Тiптi аза-қаза үстiнде де еркек атаулы қарына қанжар байлап жүрудi әдет еткен. Той-томалақта ән айтып, домбыра шертудi ұмыта бастаған. Түрiкмен рубасы Жөнейiттiң қатал қабағынан жақыны да, жаты да қорқады. Жөнейiттiң iнiсi Көкбөрi де қан аңсаған қатыгездiң өзi, мұның да бар өмiрi жортуыл үстiнде өткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға