Жаңалықтар

XLVІІ бөлім

Адамзат баласының әлем кеңiстiгiне – ғарышқа тұңғыш қадам жасап ұшқан күнi—Олжас ақынның да талант кемесiнiң көкке жұлдыз болып атылып, жарқырап туған күнi. Дүниенiң адам ақыл-ойының ұшқырлығына, даналығына бас иген күнi. Адамзаттың алғашқы ғарышкерi Ю.Гагарин жұмыр жердi айналып құсша самғап жүр. Жер бетiнде үш миллион жыл ғұмыр кешкен Гало-сапинистiң (саналы адам) бiр нәсiлi бiздiң жыл санауымызға дейiн, одан кейiн бiрнеше ұрпақтар ғұмыр кешкен, атасы—күйек болған жер, шешесi—келiн болған жұмыр Жердiң жұдырықтай ғана екенiн өз көзiмен көрдi. Гагариннiң ғарыш кемесi мен Жер – Ананың ара қашықтығы 88 километр екен. Сексен сегiз дегенiмiз—радистердiң тiлiнде “Мен сенi сүйемiн” деген сөз екен. Бiр-бiрiне жау екi тап, бiр-бiрiне қас екi қоғамдық жүйе, бiр-бiрiмен алакөз екi пенде: “Мен сенi сұйемiн,”—деп көкке көз сүзiп тұр. Бұл екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн, дiлi басқа, тiлi басқа—адам баласының ұлыстың ұлы күнiнде тоқайласып, бiр ой, бiр сезiммен құшақтаса табысуы едi[1]. Атақты факторист Рей Бредбери адамның ғарышқа көтерiлуiн балықтың судан құрлыққа шығуымен пара-пар құбылыс деп айтып өткен болатын. Аспаннан жыр жауып тұр. Бұл не? Бұған дейiн Жамбыл атамыздың “Ленинградтық өрендерiм” атты өлеңi ғана листовкамен тараған едi. Адамзат шежiресiнде айдарынан жел ескен арқалы ақындар жетiп артылады. Бiрақ ақындық тағдыры, шығармашылық ғұмырбаяны адамзат тарихының жұлдызды сәтiмен тұспа-тұс келiп, бiр-ақ күнде танылып, аты-жөнi бiр-ақ мезетте ел-жұрттың аузына iлiккен ақын кемде-кем. Өзi жер бетiнде қалып, бiр үмбетiн ғарышқа жiберген бiздiң халық әлгi парақтарды оқып көрiп, таң-тамаша қалды. Өлең! Ұлы мәртебелi цивилизация мен оның алғашқы анасы – һәм ару қызы сұлу поэзия екенiң бiрi, егiздiң сыңарындай жарыса сөйлеп тұр. Жоқ, Шығыс, Жоқ, Батыс та. Жыр – Отаным! Бар кешiң, Бар әдемi бұла таңың. Жоқ, Шығыс, Жоқ, Батыс та, Кәдуiлгi Егiздей екi Ұл бар. Ұлы атаның Қылады атамекен тарлық кiмге, Тұрады сол ойдан Ол қарғып түнде. Батыс жоқ, Шығыс та жоқ, Жер дейтұғын Бiр-ақ сөз, Ұлы сөз бар барлық тiлде! Бүкiл адамзат атынан тiршiлiк атаулының жаратушысы, панасы Жер-Анаға тұңғыш рет сырттан қарап, оның үстiндегi қым-қуыт тiрлiктерге көз тiгедi: планетамыздың әр тұсындағы бiрi қауiп-қатерлi, бiрi күдiктi, ендi бiрi көңiлге сенiм ұялатар сан-қилы көрiнiстерге шамырқанса, бiрде күйзеледi, ал ендi бiрде қуана шалқиды. Сөйтiп, Жер-Ана перзентi қаншама таңғажайып, қаншама сұлу болса да ғарышты ғана қызықтамай, жердегi тiршiлiкке орала бередi. Жер-Ананың тыныштығын, оның үстiндегi тiршiлiк деген ғажап жаратылыстың шырқы бұзылмауын тiлейдi. Егер бiр заманда ағылшынның ұлы ақыны Радияр Киплинг дүниенi жаулаушы тұрғыдан қарап, өктемси сөйлеп: “Запад есть—Запад, Восток есть—Восток!”—деп жұмыр жердi екiге бөлiп, Батыс пен Шығысты бiр-бiрiне қарама-қарсы қойған болса, ғарышқа көтерiлген Олжас ақын ол пiкiрдi мүлде қостамайды, қайта оның жаңсақ екенiн, жұмыр Жер еш бөлiнбес, адамзаттың бәрiне ортақ тiршiлiк ұясы деп айтқан болатын[2]. [1] Ақсұңқарұлы С. Антипоэзия // “Қазақ әдебиетi”, 2003, 21-27 єараша, 4-бет. [2] Нарымбетов Ә. Уақыт шындығы—көркемдiк кепiлi.—Алматы: Жазушы, 1989.  
18.06.2013 06:51 2668

Адамзат баласының әлем кеңiстiгiне – ғарышқа тұңғыш қадам жасап ұшқан күнi—Олжас ақынның да талант кемесiнiң көкке жұлдыз болып атылып, жарқырап туған күнi. Дүниенiң адам ақыл-ойының ұшқырлығына, даналығына бас иген күнi. Адамзаттың алғашқы ғарышкерi Ю.Гагарин жұмыр жердi айналып құсша самғап жүр. Жер бетiнде үш миллион жыл ғұмыр кешкен Гало-сапинистiң (саналы адам) бiр нәсiлi бiздiң жыл санауымызға дейiн, одан кейiн бiрнеше ұрпақтар ғұмыр кешкен, атасы—күйек болған жер, шешесi—келiн болған жұмыр Жердiң жұдырықтай ғана екенiн өз көзiмен көрдi. Гагариннiң ғарыш кемесi мен Жер – Ананың ара қашықтығы 88 километр екен. Сексен сегiз дегенiмiз—радистердiң тiлiнде “Мен сенi сүйемiн” деген сөз екен. Бiр-бiрiне жау екi тап, бiр-бiрiне қас екi қоғамдық жүйе, бiр-бiрiмен алакөз екi пенде: “Мен сенi сұйемiн,”—деп көкке көз сүзiп тұр. Бұл екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн, дiлi басқа, тiлi басқа—адам баласының ұлыстың ұлы күнiнде тоқайласып, бiр ой, бiр сезiммен құшақтаса табысуы едi[1].

Атақты факторист Рей Бредбери адамның ғарышқа көтерiлуiн балықтың судан құрлыққа шығуымен пара-пар құбылыс деп айтып өткен болатын.

Аспаннан жыр жауып тұр. Бұл не? Бұған дейiн Жамбыл атамыздың “Ленинградтық өрендерiм” атты өлеңi ғана листовкамен тараған едi. Адамзат шежiресiнде айдарынан жел ескен арқалы ақындар жетiп артылады. Бiрақ ақындық тағдыры, шығармашылық ғұмырбаяны адамзат тарихының жұлдызды сәтiмен тұспа-тұс келiп, бiр-ақ күнде танылып, аты-жөнi бiр-ақ мезетте ел-жұрттың аузына iлiккен ақын кемде-кем.

Өзi жер бетiнде қалып, бiр үмбетiн ғарышқа жiберген бiздiң халық әлгi парақтарды оқып көрiп, таң-тамаша қалды. Өлең! Ұлы мәртебелi цивилизация мен оның алғашқы анасы – һәм ару қызы сұлу поэзия екенiң бiрi, егiздiң сыңарындай жарыса сөйлеп тұр.

Жоқ, Шығыс,

Жоқ, Батыс та.

Жыр – Отаным!

Бар кешiң,

Бар әдемi бұла таңың.

Жоқ, Шығыс,

Жоқ, Батыс та,

Кәдуiлгi

Егiздей екi Ұл бар.

Ұлы атаның

Қылады атамекен

тарлық кiмге,

Тұрады сол ойдан

Ол қарғып түнде.

Батыс жоқ,

Шығыс та жоқ,

Жер дейтұғын

Бiр-ақ сөз,

Ұлы сөз бар

барлық тiлде!

Бүкiл адамзат атынан тiршiлiк атаулының жаратушысы, панасы Жер-Анаға тұңғыш рет сырттан қарап, оның үстiндегi қым-қуыт тiрлiктерге көз тiгедi: планетамыздың әр тұсындағы бiрi қауiп-қатерлi, бiрi күдiктi, ендi бiрi көңiлге сенiм ұялатар сан-қилы көрiнiстерге шамырқанса, бiрде күйзеледi, ал ендi бiрде қуана шалқиды. Сөйтiп, Жер-Ана перзентi қаншама таңғажайып, қаншама сұлу болса да ғарышты ғана қызықтамай, жердегi тiршiлiкке орала бередi. Жер-Ананың тыныштығын, оның үстiндегi тiршiлiк деген ғажап жаратылыстың шырқы бұзылмауын тiлейдi. Егер бiр заманда ағылшынның ұлы ақыны Радияр Киплинг дүниенi жаулаушы тұрғыдан қарап, өктемси сөйлеп: “Запад есть—Запад, Восток есть—Восток!”—деп жұмыр жердi екiге бөлiп, Батыс пен Шығысты бiр-бiрiне қарама-қарсы қойған болса, ғарышқа көтерiлген Олжас ақын ол пiкiрдi мүлде қостамайды, қайта оның жаңсақ екенiн, жұмыр Жер еш бөлiнбес, адамзаттың бәрiне ортақ тiршiлiк ұясы деп айтқан болатын[2].



[1] Ақсұңқарұлы С. Антипоэзия // “Қазақ әдебиетi”, 2003, 21-27 єараша, 4-бет.

[2] Нарымбетов Ә. Уақыт шындығы—көркемдiк кепiлi.—Алматы: Жазушы, 1989.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға