Жаңалықтар

XLV бөлім

Түз кезiп, түсi қашқан аңшының мерт болған қаншық қасқырдың күшiктерiн алған пәнделiк сезiмiн жырға сыйғызу, психологиялық шешiм табу—ақындыққа ғана емес, азаматтыққа да ауыр сын. Жарақаттың аузын жалап күшiктер, Шешесiнiң жылы қанын жатты емiп. Бiрте-бiрте мұзға айналып от дене, Көкжал дәурен өттi бастан,— деген жолдарды оқығанда төбе құйқаң шымырлайды. Қанмен бiрге күшiктердiң бойына сiңiп жатқан ашу-ыза, адами сезiмiңдi оятып, көңiлiңе аяныш ұялатады. Бөрiнiң бөлтiрiгiне деген, бейкүнә – мақұлық сәбиге деген аяныш! Үлгi кiсi кезiп жүрген қиянды, Қас жауы екен қасқырлардың зиянды. Бiрақ та ол Апасынан айырылған Жетiмдердi Өлтiруге ұялды. Жан тебiрентерлiк терең философия. Батылдығы мен батырлығын әлсiздiң алдында айшықтандыра көрсетiп, былайғы жұртқа “бiрегей” тұлғасын танытқыш тасырларға тәлiм-тағылым сынды. Олжастың “Шыңғыстауға жатыр таяу сазарып” (“Вблизи Чингизских гор его могила”) деген орыс тiлiнде жазылған өлеңдердiң iшiндегi Абайға қойылған ең мықиты ескерткiш сынды. Абай ұлттық поэзиямыздың жарық жұлдызы[1]. Шыңғыстауға жатыр таяу сазарып Сарғалдақпен шегеленген мазары. Осы жерде жолығады түнерiп, Тарқағанда қызық думан-базары. Қайғы-шерден басталмаған жоқ сәрi, Қуарған шөп, тамбай көктiң кәусәрi. Зәр секiлдi, у секiлдi кәдiмгi Гүл атаулы сап-сары… Шыңғыстауда жатыр мазар сазарып,— деп қысқа ғана өлеңге Ұлы Абайдың—Ұлы ақынның орны толмас бөлектiгiн көрсеттi. Жай ғана сөзбен сомдап керемет ескерткiш жасай бiлген ақын. Мыстан жасалған ескерткiштерге қарағанда, мына өлең ескерткiштi көп адамдар тебiренiп оқиды да, осы жыр жолдарына тағзым етедi. Сахараның ыстық-суыққа бірдей төзiмдi табиғаттың өзi шыңдаған ақын. О.Сүлейменов “Мәмбет батырдың дар алдындағы дұғасы” деген өлеңiнде: Айқаста жортып айшылық, Кеңiрдектен кекке малшынып, Шайқас десе, елiрген Ер едiм-ай. О, тоба-ай! Ер үстiнде туып ем, Бұралқы иттей бұғаулы Күлкi боп күллi шаһарға, Жер үстiнде келемiн,— деген жолдар сырт тiлдiң бояуымен түскен қазақы таным. Ақын Мәмбет батырдың дұғасы ретiнде жаза отырып, қазақ халқының арасындағы көре алмаушылықтың басым екендiгiн айқара ашып көрсетедi. Додалайды бiр-бiрiнiң түбiтiн, Ерiккен көп төбеттер, деген жолдар арқылы осыны байқауға болады. Кейде осынау бұрқ-сарқ атқылаған ақындық қуат өлеңнiң аясына сыймай, эстетикалық прозаға ауысады, ақынның орнына аузынан от шашқан шешен екпіндетiп, термелеп сөйлеп кетедi. Олжастың сөз саптауының өткiрлiгiн айқара ашып көрсетедi.   [1] Ахметова З. Шуақты күндер.—Алматы: Жалын, 1987.—77-бет.  
18.06.2013 06:46 2985

Түз кезiп, түсi қашқан аңшының мерт болған қаншық қасқырдың күшiктерiн алған пәнделiк сезiмiн жырға сыйғызу, психологиялық шешiм табу—ақындыққа ғана емес, азаматтыққа да ауыр сын.

Жарақаттың аузын жалап күшiктер,

Шешесiнiң жылы қанын жатты емiп.

Бiрте-бiрте мұзға айналып от дене,

Көкжал дәурен өттi бастан,—

деген жолдарды оқығанда төбе құйқаң шымырлайды. Қанмен бiрге күшiктердiң бойына сiңiп жатқан ашу-ыза, адами сезiмiңдi оятып, көңiлiңе аяныш ұялатады. Бөрiнiң бөлтiрiгiне деген, бейкүнә – мақұлық сәбиге деген аяныш!

Үлгi кiсi кезiп жүрген қиянды,

Қас жауы екен қасқырлардың зиянды.

Бiрақ та ол

Апасынан айырылған

Жетiмдердi

Өлтiруге ұялды.

Жан тебiрентерлiк терең философия. Батылдығы мен батырлығын әлсiздiң алдында айшықтандыра көрсетiп, былайғы жұртқа “бiрегей” тұлғасын танытқыш тасырларға тәлiм-тағылым сынды.

Олжастың “Шыңғыстауға жатыр таяу сазарып” (“Вблизи Чингизских гор его могила”) деген орыс тiлiнде жазылған өлеңдердiң iшiндегi Абайға қойылған ең мықиты ескерткiш сынды. Абай ұлттық поэзиямыздың жарық жұлдызы[1].

Шыңғыстауға жатыр таяу сазарып

Сарғалдақпен шегеленген мазары.

Осы жерде жолығады түнерiп,

Тарқағанда қызық думан-базары.

Қайғы-шерден басталмаған жоқ сәрi,

Қуарған шөп, тамбай көктiң кәусәрi.

Зәр секiлдi, у секiлдi кәдiмгi

Гүл атаулы сап-сары…

Шыңғыстауда жатыр мазар сазарып,—

деп қысқа ғана өлеңге Ұлы Абайдың—Ұлы ақынның орны толмас бөлектiгiн көрсеттi. Жай ғана сөзбен сомдап керемет ескерткiш жасай бiлген ақын. Мыстан жасалған ескерткiштерге қарағанда, мына өлең ескерткiштi көп адамдар тебiренiп оқиды да, осы жыр жолдарына тағзым етедi.

Сахараның ыстық-суыққа бірдей төзiмдi табиғаттың өзi шыңдаған ақын. О.Сүлейменов “Мәмбет батырдың дар алдындағы дұғасы” деген өлеңiнде:

Айқаста жортып айшылық,

Кеңiрдектен кекке малшынып,

Шайқас десе, елiрген

Ер едiм-ай. О, тоба-ай!

Ер үстiнде туып ем,

Бұралқы иттей бұғаулы

Күлкi боп күллi шаһарға,

Жер үстiнде келемiн,—

деген жолдар сырт тiлдiң бояуымен түскен қазақы таным. Ақын Мәмбет батырдың дұғасы ретiнде жаза отырып, қазақ халқының арасындағы көре алмаушылықтың басым екендiгiн айқара ашып көрсетедi.

Додалайды бiр-бiрiнiң түбiтiн,

Ерiккен көп төбеттер,

деген жолдар арқылы осыны байқауға болады.

Кейде осынау бұрқ-сарқ атқылаған ақындық қуат өлеңнiң аясына сыймай, эстетикалық прозаға ауысады, ақынның орнына аузынан от шашқан шешен екпіндетiп, термелеп сөйлеп кетедi. Олжастың сөз саптауының өткiрлiгiн айқара ашып көрсетедi.

 



[1] Ахметова З. Шуақты күндер.—Алматы: Жалын, 1987.—77-бет.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға