Жаңалықтар

XLІV бөлім

Халықтық поэтика арғымақ атты мiнсiз сұлулықтың үлгiсiне баласа, Олжас елiм деп еңiреген ерлердiң қолқанаты болған жүйрiктiң бейнесiн азаматтық идеалдың символы етiп көрсетедi. Арғымақ мiнген азамат жабығуға берiлмей, асыл арман мен абзал күреске құлшынады. Қыпшақтардың, ой-хой, құба жондары-ай, Жер тарпыған пырағын айт, пырағын! Шар айнадай суырына қомдап ай, Арғымақ жүр, Көк шалғынға—көк кiлемге Сүртiп болат тұяғын. Бершi менiң тақымыма бiреуiн Жетi қиян жер түбiне асайын. Арғымақтай аласұрған жүрегiм Тыпыршиды— Оны қалай басамын. Атылайын арғымақтың жалына Соңымда тек сақ-сақ күлiп дос қалсын,— деп, арғымақ атты суреттеу арқылы ер-азаматты ереуiл сезiмге бастайды. Олжас Сүлейменовтiң албырт жырының асау арғымақтың жалынына жабысып, айрылмайтыны да сондықтан. Арғымақ – ғұмыр, арғымақ—арман, құрыш-болат тұяқтың ерен екпiнi, сол екпiнмен көз алдыңда аунап бара жатқан дала –кеңiстiк. Қандай әсем, әсерлi сурет етiп өлеңнiң өн бойына өре бiлген. Дала қандай! Даладағы ат қандай! Нөсер шөпке белшесiнен батқандай. Құйғытсам бiр, Дала, Қала, Болады-ау Көз алдымда аунап бара жатқандай. От тигенде Асау қанға, Етiне, Арғымағым Шығып желдiң шетiне. Жалпы алғанда, ақынды толғандыратын тақырыптар ұшан-теңiз. Сондай тақырыптардың бiрi тылсым табиғат мәселесi. Олжас поэзиясында ең елеулi табиғат лирикасы екендiгiнде дау жоқ. Олжас өз өлеңдерiнде табиғатты жан-жақты суреттеп, тылсым дұниенiң қыр-сырын аша тұскен. Ондай өлеңдерi “Балалық, бау-бақша, аптап”, “Қара ағаш”, “Аққұба қыс, ашулы қыс”, “Тамыз айы”, “Құмның тұнi”, “Бетпақ дала жалаңаш-ау” және т.б. Осы өлеңдердiң қайсысын алып қарасақ та, бұрын жырланған табиғат лирикасы болғанымен, қазiр мағына-мазмұны жаңарып, жаңа қырынан көрiнген, баяғы қаз-қалпында қатып тұрып қалмаған, орынсыз қайталанбаған, қайта жаңа қырынан iлгерiлеу, даму үстiнде көрсетiлген. Олжас өз өлеңдерiнде табиғат пен адамның жан дүниесiн астастыра жан-жақты суреттеп көрсете бiлген. Аққұба қыс, ашулы қыс, ақ боран, Мен даланың перзентiмiн қап-қара. Ақылымнан алжастырсақ, Жынданып, Мен ғашықтың мiндетiн дәл атқарам. Құсам сенi Секiлдi бiр түпкi арман. Алып ұшқан албырт көңiл құптар ма? Өзiңнiң ақ бұрымыңды уыстап Ұстадым ба, Аққұба қыс, Құтқарман!  Ашулы қыс, ақ боран, долы-дүлей күшке төтеп бере алмаймын-ау деген күйректiк жоқ, қайта қасқиып қарсы тұратын дала перзентiнiң қасарысқан қайсарлығы, ерлiгi, өрлiгi. Ақындық мiнез, батырлық мiнез! Бiр адамның басына егiз өрiмдей жарасып, таласып бiткен болмыс! Ақын бұл өлеңiнде азаматтық болмыс пен табиғаттағы дүлей күштi астастыра, бiрлiкте суреттеп тамаша етiп көрсете бiлген.  
18.06.2013 06:44 4380

Халықтық поэтика арғымақ атты мiнсiз сұлулықтың үлгiсiне баласа, Олжас елiм деп еңiреген ерлердiң қолқанаты болған жүйрiктiң бейнесiн азаматтық идеалдың символы етiп көрсетедi. Арғымақ мiнген азамат жабығуға берiлмей, асыл арман мен абзал күреске құлшынады.

Қыпшақтардың, ой-хой, құба жондары-ай,

Жер тарпыған пырағын айт, пырағын!

Шар айнадай суырына қомдап ай,

Арғымақ жүр,

Көк шалғынға—көк кiлемге

Сүртiп болат тұяғын.

Бершi менiң тақымыма бiреуiн

Жетi қиян жер түбiне асайын.

Арғымақтай аласұрған жүрегiм

Тыпыршиды—

Оны қалай басамын.

Атылайын арғымақтың жалына

Соңымда тек сақ-сақ күлiп дос қалсын,—

деп, арғымақ атты суреттеу арқылы ер-азаматты ереуiл сезiмге бастайды. Олжас Сүлейменовтiң албырт жырының асау арғымақтың жалынына жабысып, айрылмайтыны да сондықтан.

Арғымақ – ғұмыр, арғымақ—арман, құрыш-болат тұяқтың ерен екпiнi, сол екпiнмен көз алдыңда аунап бара жатқан дала –кеңiстiк. Қандай әсем, әсерлi сурет етiп өлеңнiң өн бойына өре бiлген.

Дала қандай!

Даладағы ат қандай!

Нөсер шөпке белшесiнен батқандай.

Құйғытсам бiр,

Дала,

Қала,

Болады-ау

Көз алдымда аунап бара жатқандай.

От тигенде

Асау қанға,

Етiне,

Арғымағым

Шығып желдiң шетiне.

Жалпы алғанда, ақынды толғандыратын тақырыптар ұшан-теңiз. Сондай тақырыптардың бiрi тылсым табиғат мәселесi. Олжас поэзиясында ең елеулi табиғат лирикасы екендiгiнде дау жоқ. Олжас өз өлеңдерiнде табиғатты жан-жақты суреттеп, тылсым дұниенiң қыр-сырын аша тұскен. Ондай өлеңдерi “Балалық, бау-бақша, аптап”, “Қара ағаш”, “Аққұба қыс, ашулы қыс”, “Тамыз айы”, “Құмның тұнi”, “Бетпақ дала жалаңаш-ау” және т.б. Осы өлеңдердiң қайсысын алып қарасақ та, бұрын жырланған табиғат лирикасы болғанымен, қазiр мағына-мазмұны жаңарып, жаңа қырынан көрiнген, баяғы қаз-қалпында қатып тұрып қалмаған, орынсыз қайталанбаған, қайта жаңа қырынан iлгерiлеу, даму үстiнде көрсетiлген.

Олжас өз өлеңдерiнде табиғат пен адамның жан дүниесiн астастыра жан-жақты суреттеп көрсете бiлген.

Аққұба қыс, ашулы қыс, ақ боран,

Мен даланың перзентiмiн қап-қара.

Ақылымнан алжастырсақ,

Жынданып,

Мен ғашықтың мiндетiн дәл атқарам.

Құсам сенi

Секiлдi бiр түпкi арман.

Алып ұшқан албырт көңiл құптар ма?

Өзiңнiң ақ бұрымыңды уыстап

Ұстадым ба,

Аққұба қыс,

Құтқарман!

 Ашулы қыс, ақ боран, долы-дүлей күшке төтеп бере алмаймын-ау деген күйректiк жоқ, қайта қасқиып қарсы тұратын дала перзентiнiң қасарысқан қайсарлығы, ерлiгi, өрлiгi. Ақындық мiнез, батырлық мiнез! Бiр адамның басына егiз өрiмдей жарасып, таласып бiткен болмыс! Ақын бұл өлеңiнде азаматтық болмыс пен табиғаттағы дүлей күштi астастыра, бiрлiкте суреттеп тамаша етiп көрсете бiлген.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға