Жаңалықтар

XLІІІ бөлім

Олжас поэзиясы – көп қырлы поэзия. Ол әлемдiк поэзия өнерiнiң қылаусыз қанық жұлдызы. Ақынның поэзиясын зерттеп, қарастыруда, негiзiнен “Арғымақтар” мен “Мешiн жылы” кiтаптары негiзгi мәнге ие. Осы екi еңбектi негiзге ала отырып, Олжас поэзиясының қыры мен сырын, идеясын, оның көркемдiк ерекшелiктерiн аша түсу. О.Сүлейменовтiң алғашқы өлеңдер жинағына, яғни “Арғымақтар” атты кiтабына поэзия табалдырығын алғаш аттаған өлеңдерi енген. О.Сүлейменовтiң өлеңдерiн қазақ тiлiне тәржiмалаған—Қ.Мырзалиев. О.Сүлейменов “Арғымақтар” атты өледер жинағы арқылы поэзияға арғымақтың арынымен, ереуiл сезiммен енген ақын. Олжас поэзиясында көптеген тақырыптар көтерiлген. Ондай тақырыптардың қатарына махаббат, табиғат, туған жер, еркiндiк, бостандық, достық т.б. тақырыптарын атап өтуге болады. Олжас поэзиясы оқушысын ең алдымен ереуiл сезiммен, күрескерлiк пафосы мен елiктiрiп алып кетедi. Күрес—Олжас поэзиясының басты тақырыбы, бас қаһарманы, өзектi идеясы болып келедi. Олжас Сүлейменов поэзиясына өзек болған әйгiлi өткен мен бүгiн, Батыс пен Шығыс сияқты өзектi идеялар талай рет жырланып, сан рет сөз болып жұргенiне қарамастан, әлгiндей ақиқаттың өзiндей турашыл, ақиқаттың өзiндей өткiр талантпен жырланғанда, бұрын-соңды атымен сөз болмаған, алғаш рет жас қазақ ақынның аузынан шығып отырғандай соны естiледi. Өйткенi ақиқат қашан да соны. Ақиқаттың мекенi—жүрек. Олжас та осындай ақын. Ақын жүрегiн баурайтын ынт-шынтын сап ышқынтқан сүйенiшпен, арқасына аяздай батқан шын күйiнiш қана. Ақынның қоғамдық болмыстың тұңғиығына да, асқарына да бiрдей ұмтылған өзгеше еңбегiнiң жалғыз-ақ өлшемi бар. Ол оның адам жүрегiне қаншалықты жақындай алғаны. Жыр жүректен шығып, жүрекке жетуi қажет. Олжас бүгiнгi күн тақырыбын күнi бүгiнгi көз алдыңда көлеңдеп тұрған көк желек қана деп емес, тамыры терең, дiңгегi берiк ата бәйтерек деп ұғады. Ол бүгiнгi ой, бүгiнгi сырды сол бәйтеректiң сонау тамырынан өрбiп, өзегiн бойлап, өрлеп келе жатқан шырын нәрiнен iздейдi. Олжас—сыршыл. Ол бiрақ сыршылдықтың тiлi – күйректiк, күңгiрттiк деп бiлмейдi. Олжас Сүлейменов “Арғымақ” атты кiтабынан кейiн қияндағыны жақын қылатын ұшқыр сәйгүлiк – Олжас шығармашылығында өлеңнен-өлеңге, кiтаптан-кiтапқа көшiп отыратын дәстүрлi поэтикалық тұлғаға айналды. Алғашқы кiтапта арғымақтың арынын қызықтасақ, кейiнгi кiтаптардан арғымақ мiнiп, алыс сапарларға жол кешкен азамат ұлдық ойы мен сырына қаныға бастаймыз. Олжастың арғымағы – ұшқырлықтың, алапат күштiң символы. Ол таусылмас, сарқылмас тiршiлiктiң өзiндей мәңгiлiк қозғалыстың, тынымсыз уақыттың өз бейнесi тәрiздi. Сонда Олжастың бұл өлеңiнде көтерiлген негiзгi идея, негiзгi мәселе – өткен мен бүгiннiң күресi.
18.06.2013 06:42 3534

Олжас поэзиясы – көп қырлы поэзия. Ол әлемдiк поэзия өнерiнiң қылаусыз қанық жұлдызы. Ақынның поэзиясын зерттеп, қарастыруда, негiзiнен “Арғымақтар” мен “Мешiн жылы” кiтаптары негiзгi мәнге ие. Осы екi еңбектi негiзге ала отырып, Олжас поэзиясының қыры мен сырын, идеясын, оның көркемдiк ерекшелiктерiн аша түсу.

О.Сүлейменовтiң алғашқы өлеңдер жинағына, яғни “Арғымақтар” атты кiтабына поэзия табалдырығын алғаш аттаған өлеңдерi енген. О.Сүлейменовтiң өлеңдерiн қазақ тiлiне тәржiмалаған—Қ.Мырзалиев. О.Сүлейменов “Арғымақтар” атты өледер жинағы арқылы поэзияға арғымақтың арынымен, ереуiл сезiммен енген ақын.

Олжас поэзиясында көптеген тақырыптар көтерiлген. Ондай тақырыптардың қатарына махаббат, табиғат, туған жер, еркiндiк, бостандық, достық т.б. тақырыптарын атап өтуге болады.

Олжас поэзиясы оқушысын ең алдымен ереуiл сезiммен, күрескерлiк пафосы мен елiктiрiп алып кетедi. Күрес—Олжас поэзиясының басты тақырыбы, бас қаһарманы, өзектi идеясы болып келедi.

Олжас Сүлейменов поэзиясына өзек болған әйгiлi өткен мен бүгiн, Батыс пен Шығыс сияқты өзектi идеялар талай рет жырланып, сан рет сөз болып жұргенiне қарамастан, әлгiндей ақиқаттың өзiндей турашыл, ақиқаттың өзiндей өткiр талантпен жырланғанда, бұрын-соңды атымен сөз болмаған, алғаш рет жас қазақ ақынның аузынан шығып отырғандай соны естiледi. Өйткенi ақиқат қашан да соны. Ақиқаттың мекенi—жүрек. Олжас та осындай ақын. Ақын жүрегiн баурайтын ынт-шынтын сап ышқынтқан сүйенiшпен, арқасына аяздай батқан шын күйiнiш қана. Ақынның қоғамдық болмыстың тұңғиығына да, асқарына да бiрдей ұмтылған өзгеше еңбегiнiң жалғыз-ақ өлшемi бар. Ол оның адам жүрегiне қаншалықты жақындай алғаны. Жыр жүректен шығып, жүрекке жетуi қажет.

Олжас бүгiнгi күн тақырыбын күнi бүгiнгi көз алдыңда көлеңдеп тұрған көк желек қана деп емес, тамыры терең, дiңгегi берiк ата бәйтерек деп ұғады. Ол бүгiнгi ой, бүгiнгi сырды сол бәйтеректiң сонау тамырынан өрбiп, өзегiн бойлап, өрлеп келе жатқан шырын нәрiнен iздейдi.

Олжас—сыршыл. Ол бiрақ сыршылдықтың тiлi – күйректiк, күңгiрттiк деп бiлмейдi.

Олжас Сүлейменов “Арғымақ” атты кiтабынан кейiн қияндағыны жақын қылатын ұшқыр сәйгүлiк – Олжас шығармашылығында өлеңнен-өлеңге, кiтаптан-кiтапқа көшiп отыратын дәстүрлi поэтикалық тұлғаға айналды. Алғашқы кiтапта арғымақтың арынын қызықтасақ, кейiнгi кiтаптардан арғымақ мiнiп, алыс сапарларға жол кешкен азамат ұлдық ойы мен сырына қаныға бастаймыз.

Олжастың арғымағы – ұшқырлықтың, алапат күштiң символы. Ол таусылмас, сарқылмас тiршiлiктiң өзiндей мәңгiлiк қозғалыстың, тынымсыз уақыттың өз бейнесi тәрiздi. Сонда Олжастың бұл өлеңiнде көтерiлген негiзгi идея, негiзгi мәселе – өткен мен бүгiннiң күресi.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға