Жаңалықтар

ФИФА тарихы

ФИФА (фр. Fédération Internationale de Football Association — 'FIFA) — Футбол Қауымдастықтарының Халықаралық Федерациясы, халықаралық басқару ұйымы. Бас кеңсесі Швейцариялық Цюрихте орналасқан, бұл ұйымды Йозеф «Зепп» Блаттер (Joseph Blatter) басқаруда. ФИФА ірі халықаралық футбол додаларын, негізінен 1930 жылдан бері ұйымдастырылатын ФИФА әлем кубогін, басқарып, ұйымдастыруға жауап бередi. ФИФА-ға 208 ассоциация мүшелері кiредi, бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелер санынан 16-ға, ал Халықаралық олимпиада комитетi мүшелері санынан 3-ке артық. Тарихы ХХ ғасырдың басында халықаралық футбол додалары көбейген соң, олардың бәрін ұйымдастырын және басқаратын ұйым құру керектігі сезілді. Басында бұл жұмысты ағылшын футбол федерациясы бақылаған. Содан кейін басқа жеті Еуропа мемлекеті 1904 жылы маусымның 21 Парижде ФИФА ұйымын құрған. Бұл ұйымның бірінші президенті болып Робер Герен сайланды. ФИФА ұйымдастырған бірінші турнир 1906 жылы өтті. Бірақ бұл шаралар онша сәтті болмағандықтан, Геренді ағылшын Дэниел Вулфолл ауыстырды. Келесі футбол турниры 1908 жылғы Лондондағы Олимпиадада өткен. Ондағы бір қиыншылық — Олимпиадаға кәсіпқой футболшылардың қатысуы. Ал 1909 жылдан бастап ФИФА-ға басқа құрлық өкілдері кіре бастады: ОАР — 1909 жылы, Аргентина — 1912 жылы, АҚШ — 1913 жылы. Бірінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде көптеген футболшылар соғысқа аттанды, ал қалғандарына турнирлер өткізу өте қиын болды. Соғыстан кейін Вулфолл қайтыс болды, ал оның орның голландиялық Карл Хиршман басты. Бірінші Дүниежүзілік Соғыс нәтижесінде ФИФА-дан британиялық барлық футбол федерациялар шығып кеткен. Екінші Дүниежүзілік Соғыстан кейін өзінің дамуындағы жаңа кезеңіне өтті. ФИФА-да енді барлық құрлықтан өкілдер болған. Ұлыбритания мен КСРО ұйымға қосылды. Футболдың дамуына телетрансляциялар көп ұлес қосқан. Қазір ФИФА жақанды ұйымға айналды. Оның үлкен қаржылық кірістері телетрансляция және түрлі футбол өнімдерін сатудан тұрады. ФИФА Президенттері    Аты Елі Басқарған уақыты 1. Робер Герен Франция 1904—1906 2. Дэниэл Вулфолл Англия 1906—1918 3. Жюль Римэ Франция 1921—1954 4. Рудольф Сильдрейерс Белгия 1954—1955 5. Артур Дрюри Англия 1955—1961 6. Стенли Роуз Англия 1961—1974 7. Жоао Авеланж Бразилия 1974—1998 8. Зепп Блаттер Швейцария 1998-қазіргі уақытқа дейін Құрылымы ФИФА 6 конфедерацияға бөлінген. Олар әр құрлық деңгейінде футбол додаларының ұйымдастыруымен шұғылданады. Әр мемлекеттің ұлттық футбол қауымдастығы ФИФА-ның және өз құрлығының конфедерациясының мүшесі болады. Бірнеше елдің қауымдастықтары белгілі себептермен басқа құрлықтың конфедерациясына кірген. Конфедерациялар тізімі: ·         Азия футбол конфедерациясы — Азия және Аустралия. ·         Африка футбол конфедерациясы — Африка. ·         КОНМЕБОЛ — Онтүстік Америка футбол конфедерациясы — Онтүстік Америка. ·         КОНКАКАФ — Солтүстік және Орталық Америка, Кариб бассейнің елдерінің футбол конфедерациясы — Солтүстік Америка және Орталық Америка. ·         Океания футбол конфедерациясы — Океания. ·         УЕФА — Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы — Еуропа. Азия мен Еуропа құрлықтарының екеуінде де орналасқан мемлекеттер конфедерациясын өздері таңдаған. Олар ішінде Ресей, Түркия, Қазақстан, Израиль. УЕФА-ға соңғы мемлекет,Черногория, 2007 жылы қосылған. Гайана және Суринам КОНКАКАФ мүшелері болғанымен, олар Онтүстік Америкада орналасқан. Аустралия 2006 жылдан бастап Океаниядан Азия футбол конфедерациясына көшті. Себебі Аустралия құрамасының құрлықтың басқа командаларынан тым мықты болғаны. Қазіргі уақытта ФИФА-ға 208 ұлттық қауымдастық кірген. Ай сайын ерлер және әйелдер ұлттық құрамаларының рейтингі жарияланады.   Дереккөзі: kk.wikipedia.org
17.05.2013 08:10 5993

ФИФА (фр. Fédération Internationale de Football Association — 'FIFA) — Футбол Қауымдастықтарының Халықаралық Федерациясы, халықаралық басқару ұйымы.

Бас кеңсесі Швейцариялық Цюрихте орналасқан, бұл ұйымды Йозеф «Зепп» Блаттер (Joseph Blatter) басқаруда. ФИФА ірі халықаралық футбол додаларын, негізінен 1930 жылдан бері ұйымдастырылатын ФИФА әлем кубогін, басқарып, ұйымдастыруға жауап бередi.

ФИФА-ға 208 ассоциация мүшелері кiредi, бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелер санынан 16-ға, ал Халықаралық олимпиада комитетi мүшелері санынан 3-ке артық.

Тарихы

ХХ ғасырдың басында халықаралық футбол додалары көбейген соң, олардың бәрін ұйымдастырын және басқаратын ұйым құру керектігі сезілді. Басында бұл жұмысты ағылшын футбол федерациясы бақылаған. Содан кейін басқа жеті Еуропа мемлекеті 1904 жылы маусымның 21 Парижде ФИФА ұйымын құрған. Бұл ұйымның бірінші президенті болып Робер Герен сайланды.

ФИФА ұйымдастырған бірінші турнир 1906 жылы өтті. Бірақ бұл шаралар онша сәтті болмағандықтан, Геренді ағылшын Дэниел Вулфолл ауыстырды. Келесі футбол турниры 1908 жылғы Лондондағы Олимпиадада өткен. Ондағы бір қиыншылық — Олимпиадаға кәсіпқой футболшылардың қатысуы.

Ал 1909 жылдан бастап ФИФА-ға басқа құрлық өкілдері кіре бастады: ОАР — 1909 жылы, Аргентина — 1912 жылы, АҚШ — 1913 жылы.

Бірінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде көптеген футболшылар соғысқа аттанды, ал қалғандарына турнирлер өткізу өте қиын болды. Соғыстан кейін Вулфолл қайтыс болды, ал оның орның голландиялық Карл Хиршман басты. Бірінші Дүниежүзілік Соғыс нәтижесінде ФИФА-дан британиялық барлық футбол федерациялар шығып кеткен. Екінші Дүниежүзілік Соғыстан кейін өзінің дамуындағы жаңа кезеңіне өтті. ФИФА-да енді барлық құрлықтан өкілдер болған. Ұлыбритания мен КСРО ұйымға қосылды. Футболдың дамуына телетрансляциялар көп ұлес қосқан. Қазір ФИФА жақанды ұйымға айналды. Оның үлкен қаржылық кірістері телетрансляция және түрлі футбол өнімдерін сатудан тұрады.

ФИФА Президенттері 

 

Аты

Елі

Басқарған уақыты

1.

Робер Герен

Франция

1904—1906

2.

Дэниэл Вулфолл

Англия

1906—1918

3.

Жюль Римэ

Франция

1921—1954

4.

Рудольф Сильдрейерс

Белгия

1954—1955

5.

Артур Дрюри

Англия

1955—1961

6.

Стенли Роуз

Англия

1961—1974

7.

Жоао Авеланж

Бразилия

1974—1998

8.

Зепп Блаттер

Швейцария

1998-қазіргі уақытқа дейін

Құрылымы

ФИФА 6 конфедерацияға бөлінген. Олар әр құрлық деңгейінде футбол додаларының ұйымдастыруымен шұғылданады. Әр мемлекеттің ұлттық футбол қауымдастығы ФИФА-ның және өз құрлығының конфедерациясының мүшесі болады. Бірнеше елдің қауымдастықтары белгілі себептермен басқа құрлықтың конфедерациясына кірген. Конфедерациялар тізімі:

·         Азия футбол конфедерациясы — Азия және Аустралия.

·         Африка футбол конфедерациясы — Африка.

·         КОНМЕБОЛ — Онтүстік Америка футбол конфедерациясы — Онтүстік Америка.

·         КОНКАКАФ — Солтүстік және Орталық Америка, Кариб бассейнің елдерінің футбол конфедерациясы — Солтүстік Америка және Орталық Америка.

·         Океания футбол конфедерациясы — Океания.

·         УЕФА — Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы — Еуропа.

Азия мен Еуропа құрлықтарының екеуінде де орналасқан мемлекеттер конфедерациясын өздері таңдаған. Олар ішінде Ресей, Түркия, Қазақстан, ИзраильУЕФА-ға соңғы мемлекет,Черногория, 2007 жылы қосылған.

Гайана және Суринам КОНКАКАФ мүшелері болғанымен, олар Онтүстік Америкада орналасқан.

Аустралия 2006 жылдан бастап Океаниядан Азия футбол конфедерациясына көшті. Себебі Аустралия құрамасының құрлықтың басқа командаларынан тым мықты болғаны.

Қазіргі уақытта ФИФА-ға 208 ұлттық қауымдастық кірген. Ай сайын ерлер және әйелдер ұлттық құрамаларының рейтингі жарияланады.

 

Дереккөзі: kk.wikipedia.org

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға