Жаңалықтар

Бибігүл Жексенбай, «Жетінші арна» төрайымы: «Журналистердің көбі телеарнаға жұлдыз

Бүгінде қазақ тележурналистерінің сауаттылығына сын айтатын көрермен көп. «Тілі жұтаң, тістеніп сөйлейді» деп айыптап жүр халық. Бәлкім орынды сын шығар, осы орайда біз танымал журналист, «Жетінші арна» директорлар кеңесінің төрайымы Бибігүл Жексенбай ханымды әңгімеге тарттық. - Сіз журналистиканы спорт тақырыбынан бастаған мамансыз. Алайда, көп ұзамай бұл саладан қол үздіңіз. Жалпы, қазақтың журналист қыздары спорт тақырыбын жатсынатын секілді. Себебін қалай түсіндірер едіңіз? - Тек қазақ журналистикасында ғана емес, өзге елдерде де спорт тақырыбын өмір бойы серік ететін журналист қыздар санаулы. Жалпы, бір тақырыпты ұзақ уақыт алып жүру үшін оны жан-тәніңмен сүюің керек. Ал, спорт қыздардан гөрі ер азаматтардың табиғатына жақын. Өз басыма келер болсам, студент кезімде журналистиканы спорттан бастағаным рас. Амангелді Сейітханмен бір топта оқитынбыз, спортты жазуға сол үгіттеді. Мойындаймын, аталған тақырыпты қызыққанымнан жазған жоқпын, шәкіртақыға қосымша қаламақы болсын дегенмін. Ол кезде бүгінгідей басылымдар көп емес, «Жас Алаш», «Өркен», «Спорт» сынды санаулы газеттер ғана болатын. Спортты жазатын журналистер де аз еді, жұрттың барлығы өзге тақырыптарға қалам тербеп жүрген. Содан кейін де болар, мені жұмысқа тез қабылдады. Спорттан хабарым аз болғандықтан Ұлттық кітапханаға барып, бұл тақырып жайында жазылған шетел басылымдарын түгел оқитынмын. Тіпті, Серік Қонақбаевтың бүкіл өмірбаянын, кімге қандай сұхбат бергенін түгел жаттап алдым. Одан кейін көгалдағы хоккей жайында көп оқыдым. Шынымды айтсам, бұрын мұндай спорт түрінің барын білмеппін. Мұстафа Өзтүрік Қазақстанға келген кезінде ол кісімен жақын танысып, депутаттыққа сайлауға түскен кезінде сенімді өкілі болудың сәті түсті. Қысқасы, спорт тақырыбына мен кездейсоқ барған журналистпін. Бәлкім содан да болар, бұл саланы ұзақ алып жүрмеуімнің себебі. Жалпы, менің ойымша, әрбір журналист өзі қызыққан тақырыптан ауытқымау керек. Бір саланы тереңірек зерттеп, өміріне серік етсе өз ісінен нәтиже шығарары анық. - Бибігүл Жексенбайды қазақ көрермендері «Хабар» арнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасы арқылы таныды. Ал, қазір бір мекеменің басшысыз, яғни шенеуніксіз. Жаныңызға қайсы өмір жақын, бұрынғы журналист кезіңізді сағынбайсыз ба? - Бала кезімнен журналист болуды армандағандықтан жаныма журналист болу жақын. Дегенмен, өмір болған соң өзгерістердің болуын да қалайсың. Әркімнің табиғаты әр түрлі ғой, біреулер журналист болып бастап, журналист болып аяқтағанды ұнататын шығар. Ал, менің жаным өзгерістердің болып тұрғанын қалайды. Сондықтан, әкімшілік қызметті ұсынған кезде одан бас тартқаным жоқ, келістім. - Басшы болсаңыз да жазудан қол үзбеген шығарсыз... - Әкімшілік қызметте болғандықтан қазір көп жағдайда қызметкерлердің жұмысын қадағалаймын, олардан жоғары рейтингті талап етемін. Ал, егер өзім де ішінара шығармашылықпен айналыссам өте сапалы өнім әзірлеуіме тура келеді. Менің жасаған жұмысымның рейтінгі қызметкерлерімдікінен төмен болмауы керек. Ал, сапалы өнім жасау үшін үлкен еңбек пен ұзақ уақыт керек. Менде өкінішке қарай ондай ұзақ уақыт жоқ, әкімшілік жұмыстар бастан асады. Сондықтан да екі кеменің басын ұстап жүру қиындау. Дегенмен, ойымда жақсы идеялар бар, жаңа жобаларды жоспарлап жүрмін. Оларды жүзеге асыратын уақыт келеді әлі. - Жасыратыны жоқ, қазіргі қазақ телеарналарындағы журналистердің тілі жұтаң. Тіпті, әдебиетте жүрген үлкен ағаларымыз реніштерін жиі білдіретін болып кетті. Ал, бұл орайда Сіздің ұялатын жағдайыңыз жоқ, өйткені сіз өз ісіңіздің білікті маманы болдыңыз. Қазір «7 арна» журналистерінің сауаттылығын жіті қадағалайсыз ба? Оларға қандай талап қоясыз? - Ия, өте жұтаң. Бірақ тек қазақ журналистерінің арасында деп айтпаймын, бұл проблема Ресейде де, Украинада да және өзге де елдерде бар. Мұны ХХІ ғасырдағы ақпараттық кеңістіктің тым жылдам дамып кетуінің салдарынан деп ойлаймын. Электронды ақпарат құралдары көбейгендіктен адамдар газет оқудан, журнал оқудан, кітап оқудан қалып барады. Жастар мақаланы, әдеби шығарманы толық оқудан қалған, басын бастап, соңында жазылған пікірлерді көзбен бір шалып шыға салады. Бастысы, ішіндегі мазмұнын біліп алсам болды деп. Ал, рахаттанып, көз майын тауысып кітап оқу ХХ ғасырда қалып қойды. Мұны мен тоқсаныншы жылдардағы дағдарыстан, халықтың басына түскен қиындықтан деп білемін. Өйткені, ол кезде ұстаздар, ата-аналар балаларды дұрыстап оқытуға шамалары келген жоқ, жан бағу үшін өзді-өзімен болып кетті барлығы. Ал, сол кезде білім алған, мектепте оқыған балаларыңыз – қазіргі журналистер. Олардың әдебиетке деген махаббаты біздікіндей болған жоқ. Мен туылған ауыл Шығыс Қазақстан облысының ең шалғайында орналасқан елдімекен еді. Мектепте оқитын кезімде әке-шешем газеттерді айтпағанда, 12 түрлі журнал жаздыртып алатын. Бүгінгідей ол кезде де міндеттейтін жазыласыңдар деп. Соларды оқып өстік. Тіпті, «Махаббат қызық мол жылдарды» әке-шешемнен тығылып оқитынмын, бауға барып. Одан біздің ұрпақ жаман болған жоқ. Бүгінгі жастардың бойында осы әдебиетке деген махаббаттың болмауынан тілдері жұтаң болып қалды. Өз қарамағымда жұмыс істейтін журналистерге де үнемі айтып отырамын, айына тым құрығанда бір кітапты оқыңдар деп. Ол болмаған күннің өзінде қазақ тілді журналдар, газеттер оқыңдар деймін. Сонымен қатар, біз журналистерді бірінің қатесін бірі табуға міндеттейміз. Кезекші болған тілші өзге әріптестері жазған жаңалықтарды қарап, сын-пікірін айтуы тиіс. «Хабар» арнасында да, «Қазақстан» арнасында да жұмыс істегенімде осындай жүйе қалыптасқан болатын. Жалпы, бұл кемшілікпен барынша күресіп келеміз. Бірақ, журналист ең алдымен өзіне артылған жауапкершілікті түсіну керек, көрермен көңілінен шығатын мәтін жазуы керек. - Журналистиканы дикторлық деп түсінетін жастар да көп, әсіресе қыздар. Телеарнада диктор болып, жұлдызға айналсам деген оймен келіп жатады. Сауатсыз, тілі жұтаң журналистердің көбеюі осыдан деп ойламайсыз ба? - Бұл аурумен қыздар ғана емес, біздің жігіттер де ауырады. Ойлайды, экранға шықсам танымал болып кетемін деп. Алайда, көгілдір экран тек сыртқы сұлулығыңды ғана емес, бүкіл ішкі жан дүниеңді, болмысыңды халыққа көрсететін айна. Мұндайлар алдымен осыны біліп алғаны жөн. Біз кастинг өткізген кезде сымбатты жастар көп келеді. Келбеттері келіскенімен, жаза алмай тынады көпшілігі. Берілген мәтінді экран алдына шығып оқып беремін деп ойласа керек. Алайда, қазіргі талап басқа, бұрынғыдай жай ғана диктор деген мамандық жоқ. Журналист әрі диктор болуы керек, әрі ток-шоуды жүргізе білуі керек, әрі жаңалықтарға мәтін жазатын тілші бола білуі керек. Оның саясаттан, экономикадан және өзге де салалардан хабары болуы тиіс. Жасыратыны жоқ, жоғарғы оқу орындарында журналист мамандарға беріп жатқан білімнің деңгейі де төмен қазір. Студенттердің еріншектігі сонша, дипломдық жұмыстарын интернеттен сөзбе-сөз көшіріп ала салады. Жарайды, ала қойсын интернеттен, бірақ ең болмаса тақырыбын өзгертуге болады ғой. Біз кезінде дипломдық жұмысымызды машинкадан өзіміз отырып теретінбіз. Қазіргілер тіпті теруге ерінеді. Сауатты мамандар алу үшін ең алдымен жоғарғы оқу орындарына талапты күшейтуіміз керек. Әсіресе, шығармашылық емтихан босаңсып кеткен қазір. Бұрын біз оқуға түсер алдында үш ай бойы мақала жазып, альбом жасайтынбыз. Ауызша және жазбаша емтиханнан кейін ұстаздар ой-өрісіміздің қаншалықты дамығандығын тексеретін. Дәл қазір де талапты тура осылай күшейтпесе болмайды, бәлкім емтиханға білікті журналист мамандарды шақырту керек шығар. - Бүгінгі қазақстандық телеарналарға ортақ бір пролема – сапасыз өнім, көшірме. «Жетінші арна», болсын, «Хабар» болсын, тіпті «Қазақстан» арнасы болсын шетелдің жобаларын қазақшаға аударып беріп жатады. Өзіміздің қазақы өнім жоқтың қасы. Кезінде жұрт «Шынның жүзін», «Ақ жүністі» Ұлттық арнадан асыға күтетін. Оларды жауып тастады да, алайда орнын басатын жоба жасай алған жоқ. Мұны қазақ телевизиясының тоқырауы дейміз бе, әлде өзге себептерін айтар ма едіңіз? - Мемлекеттік арналардың өз себептері бар шығар, мен коммерциялық арнаны басқарып отырғаннан кейін өз арнамыз жайында айтайын. Коммерциялық телеарнаның ең бірінші мақсаты – табыс табу. БАҚ – ол бизнестің бір тетігі. Акционерлер коммерциялық арнаны құрған кезде ең алдымен табыс табу жағын қарастырады. Ал, телеарнаға табысты рейтингі жоғары, шығыны аз тележобалар әкелетіні белгілі. Кейде өзіміз түсіреміз, кейде сатып ала саламыз дайын жобаны. Ең басты себеп осы. Жақында «Экстремалы» деген жаңа жоба түсірдік, Аргентинада. Мұны біздің алдымызда Еуропа арналары көрсеткен болатын. Жоба ол елдерде үлкен рейтинг жинады. Кейін Ресей көрсетті, оларда да рейтингі төмен болған жоқ. Демек, біздің арнамызда да «Экстремалы» өз көрермендерін табады деген сенімдеміз. Дәл осы жобаға жұмсаған қаражатқа осындай сапалы өнімді Қазақстанда түсіру мүмкін емес дер едім. Өйткені, техникалық мүмкіндік жоқ. Алдымен жобаны түсіретін алаң керек, 400-ге жуық үлкен электр шамдары қажет – мұның барлығы өте үлкен шығынды талап етеді. Оның үстіне, жарнамадан түсетін табыс аз, жарнаманың басым бөлігі «Еуразия» арнасының еншісінде. Табысымыз аз болғандықтан арзан әрі рейтингі жоғары өнімдерді іздейміз. Коммерциялық арналарда отандық тележобалардың болмауының ең негізгі себептері осы. Мемлекеттік арналарға келер болсам, олар мемлекеттің тапсырысын орындайды негізінен. Мәселен, Ресейде мемлекет жастар тәрбиесіне арналған, жалпы идеологияға арналған телеөнімдерге миллиондаған қаржы бөліп, мемлекеттік арналар оны айналдырып жатады. Ал, қазақстандық арналар отандық туындыларды көрсету үшін мемлекет оған тапсырыс беруі керек, қыруар қаражат бөлуге тиіс. Мысалы, қазір елімізде әскерден сарбаздар қашып кетіп жатыр, шекарашылардан да тыныштық кетті. Осындай жайттардың алдын алу үшін мемлекет әскер туралы, ішкі істер органдары туралы сапалы және көңілге қонымды телеөнімдерге тапсырыс беруі тиіс. Жастардың рухани қажеттілігін осындай тележобалар арқылы өтеуге болады. Мейлі, одан шығынға батсын, табыс таппай-ақ қойсын. Бірақ идеологиялық тұрғыдан келгенде мол пайда әкеледі мұндай фильмдер. Бәлкім, болашақта қаржымыз көбейген кезде қазақтілді, ұлттық дәстүрлерімізді насихаттайтын жобалар түсіріп жатармыз. Қазіргі таңда отандық өнімдердің рейтингі төмен болғандықтан шетелден сатып алуға немесе көшіріп алуға мәжбүрміз. Тағы да айтамын, оның басты себебі біздің арнаның коммерциялық болуынан. «Гэллоп медиа» деген халықаралық агенттік бар, біздің отандық телеарналардың рейтингін түзетін. Оның көрсеткіштеріне сенер болсақ, Қазақстанда қазақтілді бағдарламалардың рейтингі тым төмен. Бірақ, өз басым бұл агенттіктің жұмысына күмәнмен қараймын, қазақша арналардың рейтингін қолдан төмендетіп отыруы әбден мүмкін. Өйткені, онда жұмыс істейтін мамандардың барлығы орыстар және орыстілді қазақтар. Олар абоненттердің үйлеріне арнайы аппарат қойып, көрермендердің қандай арналарды, қандай бағдарламаларды көріп отырғандығын есепке алып отырады. Ал, орыстілді азаматтарға қазақтілді аудиториямен жұмыс істеу тиімсіз. Сондықтан мамандар орыстілді тұрғындардың үйіне аталған қондырғыларын алып барып орната салады. Мәселен, 200 отбасылы ауыл бар делік, соның ішіндегі 2-3 отбасы ғана орыстілді де қалғандары түгел қазақтар. Аталған агенттік қызмтекерлері бұл ауылға келеді де жаңағы 2-3 отбасының үйіне ғана аппаратын қойып кетеді. Сөйтеді де, бұл ауыл негізінен орысша бағдарламалар көреді деп жалпы рейтинг жасай салады. Бірақ, бәрібір алдағы уақытта отандық телеарналарда қазақы дүниелер көбейеді. Әсіресе соңғы 2-3 жылда телеарналардың тілі біраз қазақыланды. Мейлі, сапасы төмен шығар шетелдікінен, бірақ біз бұл сатыдан өтпесек болмайды. Көш жүре түзеледі демекші, қазақтілді өнімдердің сапасы да түзеледі ертең-ақ. Сол кезде біз өз өнімдерімізді шетел қазақтарына, өзге де түркі тілдес елдердің телеарналарына сататын боламыз. Мәселен, түріктердің «Сүлеймен» телехикаясы әлемнің жиырма шақты елінде көрсетіліп жатыр. Бір сериясының құны 20 мың евроға дейін барады. Демек, жоба өз шығынын жапты және иелеріне үлкен табыс алып келіп жатыр. Біз де сондай дүние ойлап табуымыз керек, шетелге шығаратын. Оның үстіне, көрермендердің де сұранысы өзгерген қазір. Бұрындары «Шынның жүзі», «Күлтөбе», «Бетпе-бет» сынды бағдарламаларға сұраныс көп болған болса, қазір жұрт негізінен әзіл-сықақ, жеңіл ток-шоуларды жиі көреді. - Қазір шетелдің жылаңқы телесериалдарынан құтыла алмай отырғанымызда қазақстандық арналар да енді дәл осындай көпсериалы телехикаяларды жарыса түсіріп жатыр. Алтын уақытты өлтіргеннен басқа мұндай өнімдердің пайдасының жоғы анық. Ендеше үлкен қаржыға сериал түсіргенше неге пайдалы және сапалы жоба түсірмеске? - Сіз өзіңіз қандай бағдарлама көргіңіз келеді телесериалдардың орнына? - Танымдық бағдарламалар, ток-шоулар. Не болса да көрерменге пайдасы тиетін жоба керек емес пе?! - Дұрыс. Бірақ, телесериал адамның миын демалдырады. Жұрт оны жұмыстан шаршап келгенде проблемаларын ұмыту үшін көреді негізінен. «Пәленше парамен ұсталды, пәлен адамды өлтіріп кетіпті, ана жерде жарылыс болыпты» деген сияқты ақпараттардан да адам шаршайды ғой. Оның үстіне телехикаяны бір рет сатып алғаннан кейін 2-3 жыл сайын айналдырып көрсете бересің. Ал, өзге жобалар бір көрсетілгеннен кейін маңыздылығын жоғалтады. Сапа жағын айтар болсам, алғашында қиындықтар көп болады, техника жағынан, әртістер жағынан. Бірақ, біз бұл белестен өтуіміз керек. Әртістеріміз де ысылады ойнай-ойнай. Бастысы тоқтатпау керек. Көрермендер тарапынан да қолдау керек. Біз жаңа өнім шыға салысымен оны дереу сынай жөнелеміз. Әрине, режиссер мұнан кейін қайта фильм түсіргісі келмей қалады. Керісінше, біз оның жақсы тұстарын айтар болсақ, ол рухтанады, шабыттанады. Келесі өнімін бұдан да жақсы етіп түсіреді. - Кезінде «Хабар» арнасында қызметте жүрген кезіңізде «Қазақтар» деген телецикл жарық көрген еді. Шеттегі қандастарымыздың жайын баяндайтын керемет бағдарлама десек те болады. Ал, қазір өкінішке қарай көш тоқтап қалды. Өзге елдердегі миллиондаған қандасымыз елге оралып үлгерген жоқ. Оларға тіпті, өзге ұлттарға сіңісіп кету қаупі тұр. Сізді өз ұлтыңыздың патриоты ретінде бұл мәселе алаңдатады ма? - Иә, «Қазақтар» сәтті шыққан жоба. Біз шет елдегі ағайындардың болымысын, тұрмыс-тіршілігін белгілі бір деңгейде көрсете білдік. Ол жобаның демеушісі «ҚазТрансОйл» компаниясы болды, қомақты қаражат бөлді. Кейін, араға біраз уақыт салып, осы циклдің жалғасы ретінде «Қандастар» деген жоба түсіргім келген. Бірақ, демеушілер табылған жоқ. Ірі компаниялар бірінен соң бірі бас тартты. Ал, телеарнаның мұндай ірі жоба түсіруге қаражаты жетпейді. Жеткен күннің өзінде қайтарымы болмай қалуы мүмкін. Дегенмен, әлі де үмітіміз үзілген жоқ, ірі компанияларға ұсыныстар жіберіп жатырмыз. Бәлкім қолдау табылып қалар. Көштің тоқтауына келер болсам, өз басым «оралман» деген сөз дұрыс айтылмаған деп ойлаймын. Бұл бір қазақ халқын жікке бөліп тастағандай. Қандастар, бауырлар деп айтқан жөн бе еді. Дегенмен, көштің алдағы уақытта қайта жанданатынына тек сеніммен қараймын. - Халықаралық қыз-келіншектер мен әйелдер мейрамы де келді. Бұл күнді атап өту отбасыңызда дәстүрге айналған ба? Мереке күні жолдасыңыздан не күтесіз? - Бала кезімізде 8 наурызды сағына күтетін едік. Өйткені, анам бұл мерекеде немесе туған күнімде маған үнемі қызыл аяқ киім алып беретін. Ал, қазір бұл мейрамды жанымызға жақын ортада қарсы алғымыз келеді. Үйдегі қалыптасқан дәстүр бойынша, жыл сайын 8 наурыз анамызды құттықтаудан басталатын. Өкінішке қарай, бұл жолы анама ақ тілегімді айта алмаймын, ол кісі жақында өмірден өтті. Дегенмен, бұл аналардың, әжелердің, барлық қыз-келіншектердің мерекесі болғандықтан, мейрамды дастархан басында жақын туыстарыммен бірге міндетті түрде атап өтеміз. - Уақыт тауып, сұхбаттасқаныңызға алғыс айтамыз! Еңбегіңіз жанып, шығармашылық табыстарға жетуіңізге тілектеспіз! Сұхбаттасқан Серғали Балажан. BAQ.KZ  
04.03.2013 10:47 5387

Бүгінде қазақ тележурналистерінің сауаттылығына сын айтатын көрермен көп. «Тілі жұтаң, тістеніп сөйлейді» деп айыптап жүр халық. Бәлкім орынды сын шығар, осы орайда біз танымал журналист, «Жетінші арна» директорлар кеңесінің төрайымы Бибігүл Жексенбай ханымды әңгімеге тарттық.

Бибігүл Жексенбай, «Жетінші арна» төрайымы: «Журналистердің көбі телеарнаға жұлдыз
- Сіз журналистиканы спорт тақырыбынан бастаған мамансыз. Алайда, көп ұзамай бұл саладан қол үздіңіз. Жалпы, қазақтың журналист қыздары спорт тақырыбын жатсынатын секілді. Себебін қалай түсіндірер едіңіз?

- Тек қазақ журналистикасында ғана емес, өзге елдерде де спорт тақырыбын өмір бойы серік ететін журналист қыздар санаулы. Жалпы, бір тақырыпты ұзақ уақыт алып жүру үшін оны жан-тәніңмен сүюің керек. Ал, спорт қыздардан гөрі ер азаматтардың табиғатына жақын.
Өз басыма келер болсам, студент кезімде журналистиканы спорттан бастағаным рас. Амангелді Сейітханмен бір топта оқитынбыз, спортты жазуға сол үгіттеді. Мойындаймын, аталған тақырыпты қызыққанымнан жазған жоқпын, шәкіртақыға қосымша қаламақы болсын дегенмін.
Ол кезде бүгінгідей басылымдар көп емес, «Жас Алаш», «Өркен», «Спорт» сынды санаулы газеттер ғана болатын. Спортты жазатын журналистер де аз еді, жұрттың барлығы өзге тақырыптарға қалам тербеп жүрген. Содан кейін де болар, мені жұмысқа тез қабылдады.
Спорттан хабарым аз болғандықтан Ұлттық кітапханаға барып, бұл тақырып жайында жазылған шетел басылымдарын түгел оқитынмын. Тіпті, Серік Қонақбаевтың бүкіл өмірбаянын, кімге қандай сұхбат бергенін түгел жаттап алдым. Одан кейін көгалдағы хоккей жайында көп оқыдым. Шынымды айтсам, бұрын мұндай спорт түрінің барын білмеппін.
Мұстафа Өзтүрік Қазақстанға келген кезінде ол кісімен жақын танысып, депутаттыққа сайлауға түскен кезінде сенімді өкілі болудың сәті түсті.
Қысқасы, спорт тақырыбына мен кездейсоқ барған журналистпін. Бәлкім содан да болар, бұл саланы ұзақ алып жүрмеуімнің себебі.
Жалпы, менің ойымша, әрбір журналист өзі қызыққан тақырыптан ауытқымау керек. Бір саланы тереңірек зерттеп, өміріне серік етсе өз ісінен нәтиже шығарары анық.

- Бибігүл Жексенбайды қазақ көрермендері «Хабар» арнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасы арқылы таныды. Ал, қазір бір мекеменің басшысыз, яғни шенеуніксіз. Жаныңызға қайсы өмір жақын, бұрынғы журналист кезіңізді сағынбайсыз ба?

- Бала кезімнен журналист болуды армандағандықтан жаныма журналист болу жақын. Дегенмен, өмір болған соң өзгерістердің болуын да қалайсың. Әркімнің табиғаты әр түрлі ғой, біреулер журналист болып бастап, журналист болып аяқтағанды ұнататын шығар. Ал, менің жаным өзгерістердің болып тұрғанын қалайды. Сондықтан, әкімшілік қызметті ұсынған кезде одан бас тартқаным жоқ, келістім.

- Басшы болсаңыз да жазудан қол үзбеген шығарсыз...

- Әкімшілік қызметте болғандықтан қазір көп жағдайда қызметкерлердің жұмысын қадағалаймын, олардан жоғары рейтингті талап етемін. Ал, егер өзім де ішінара шығармашылықпен айналыссам өте сапалы өнім әзірлеуіме тура келеді. Менің жасаған жұмысымның рейтінгі қызметкерлерімдікінен төмен болмауы керек. Ал, сапалы өнім жасау үшін үлкен еңбек пен ұзақ уақыт керек. Менде өкінішке қарай ондай ұзақ уақыт жоқ, әкімшілік жұмыстар бастан асады. Сондықтан да екі кеменің басын ұстап жүру қиындау. Дегенмен, ойымда жақсы идеялар бар, жаңа жобаларды жоспарлап жүрмін. Оларды жүзеге асыратын уақыт келеді әлі.

- Жасыратыны жоқ, қазіргі қазақ телеарналарындағы журналистердің тілі жұтаң. Тіпті, әдебиетте жүрген үлкен ағаларымыз реніштерін жиі білдіретін болып кетті. Ал, бұл орайда Сіздің ұялатын жағдайыңыз жоқ, өйткені сіз өз ісіңіздің білікті маманы болдыңыз. Қазір «7 арна» журналистерінің сауаттылығын жіті қадағалайсыз ба? Оларға қандай талап қоясыз?

- Ия, өте жұтаң. Бірақ тек қазақ журналистерінің арасында деп айтпаймын, бұл проблема Ресейде де, Украинада да және өзге де елдерде бар. Мұны ХХІ ғасырдағы ақпараттық кеңістіктің тым жылдам дамып кетуінің салдарынан деп ойлаймын. Электронды ақпарат құралдары көбейгендіктен адамдар газет оқудан, журнал оқудан, кітап оқудан қалып барады. Жастар мақаланы, әдеби шығарманы толық оқудан қалған, басын бастап, соңында жазылған пікірлерді көзбен бір шалып шыға салады. Бастысы, ішіндегі мазмұнын біліп алсам болды деп. Ал, рахаттанып, көз майын тауысып кітап оқу ХХ ғасырда қалып қойды.
Мұны мен тоқсаныншы жылдардағы дағдарыстан, халықтың басына түскен қиындықтан деп білемін. Өйткені, ол кезде ұстаздар, ата-аналар балаларды дұрыстап оқытуға шамалары келген жоқ, жан бағу үшін өзді-өзімен болып кетті барлығы. Ал, сол кезде білім алған, мектепте оқыған балаларыңыз – қазіргі журналистер. Олардың әдебиетке деген махаббаты біздікіндей болған жоқ.
Мен туылған ауыл Шығыс Қазақстан облысының ең шалғайында орналасқан елдімекен еді. Мектепте оқитын кезімде әке-шешем газеттерді айтпағанда, 12 түрлі журнал жаздыртып алатын. Бүгінгідей ол кезде де міндеттейтін жазыласыңдар деп. Соларды оқып өстік. Тіпті, «Махаббат қызық мол жылдарды» әке-шешемнен тығылып оқитынмын, бауға барып. Одан біздің ұрпақ жаман болған жоқ.
Бүгінгі жастардың бойында осы әдебиетке деген махаббаттың болмауынан тілдері жұтаң болып қалды. Өз қарамағымда жұмыс істейтін журналистерге де үнемі айтып отырамын, айына тым құрығанда бір кітапты оқыңдар деп. Ол болмаған күннің өзінде қазақ тілді журналдар, газеттер оқыңдар деймін.

Сонымен қатар, біз журналистерді бірінің қатесін бірі табуға міндеттейміз. Кезекші болған тілші өзге әріптестері жазған жаңалықтарды қарап, сын-пікірін айтуы тиіс. «Хабар» арнасында да, «Қазақстан» арнасында да жұмыс істегенімде осындай жүйе қалыптасқан болатын. Жалпы, бұл кемшілікпен барынша күресіп келеміз. Бірақ, журналист ең алдымен өзіне артылған жауапкершілікті түсіну керек, көрермен көңілінен шығатын мәтін жазуы керек.

- Журналистиканы дикторлық деп түсінетін жастар да көп, әсіресе қыздар. Телеарнада диктор болып, жұлдызға айналсам деген оймен келіп жатады. Сауатсыз, тілі жұтаң журналистердің көбеюі осыдан деп ойламайсыз ба?

- Бұл аурумен қыздар ғана емес, біздің жігіттер де ауырады. Ойлайды, экранға шықсам танымал болып кетемін деп. Алайда, көгілдір экран тек сыртқы сұлулығыңды ғана емес, бүкіл ішкі жан дүниеңді, болмысыңды халыққа көрсететін айна. Мұндайлар алдымен осыны біліп алғаны жөн.
Біз кастинг өткізген кезде сымбатты жастар көп келеді. Келбеттері келіскенімен, жаза алмай тынады көпшілігі. Берілген мәтінді экран алдына шығып оқып беремін деп ойласа керек. Алайда, қазіргі талап басқа, бұрынғыдай жай ғана диктор деген мамандық жоқ. Журналист әрі диктор болуы керек, әрі ток-шоуды жүргізе білуі керек, әрі жаңалықтарға мәтін жазатын тілші бола білуі керек. Оның саясаттан, экономикадан және өзге де салалардан хабары болуы тиіс.
Жасыратыны жоқ, жоғарғы оқу орындарында журналист мамандарға беріп жатқан білімнің деңгейі де төмен қазір. Студенттердің еріншектігі сонша, дипломдық жұмыстарын интернеттен сөзбе-сөз көшіріп ала салады. Жарайды, ала қойсын интернеттен, бірақ ең болмаса тақырыбын өзгертуге болады ғой. Біз кезінде дипломдық жұмысымызды машинкадан өзіміз отырып теретінбіз. Қазіргілер тіпті теруге ерінеді.
Сауатты мамандар алу үшін ең алдымен жоғарғы оқу орындарына талапты күшейтуіміз керек. Әсіресе, шығармашылық емтихан босаңсып кеткен қазір. Бұрын біз оқуға түсер алдында үш ай бойы мақала жазып, альбом жасайтынбыз. Ауызша және жазбаша емтиханнан кейін ұстаздар ой-өрісіміздің қаншалықты дамығандығын тексеретін. Дәл қазір де талапты тура осылай күшейтпесе болмайды, бәлкім емтиханға білікті журналист мамандарды шақырту керек шығар.

- Бүгінгі қазақстандық телеарналарға ортақ бір пролема – сапасыз өнім, көшірме. «Жетінші арна», болсын, «Хабар» болсын, тіпті «Қазақстан» арнасы болсын шетелдің жобаларын қазақшаға аударып беріп жатады. Өзіміздің қазақы өнім жоқтың қасы. Кезінде жұрт «Шынның жүзін», «Ақ жүністі» Ұлттық арнадан асыға күтетін. Оларды жауып тастады да, алайда орнын басатын жоба жасай алған жоқ. Мұны қазақ телевизиясының тоқырауы дейміз бе, әлде өзге себептерін айтар ма едіңіз?


- Мемлекеттік арналардың өз себептері бар шығар, мен коммерциялық арнаны басқарып отырғаннан кейін өз арнамыз жайында айтайын.
Коммерциялық телеарнаның ең бірінші мақсаты – табыс табу. БАҚ – ол бизнестің бір тетігі. Акционерлер коммерциялық арнаны құрған кезде ең алдымен табыс табу жағын қарастырады. Ал, телеарнаға табысты рейтингі жоғары, шығыны аз тележобалар әкелетіні белгілі. Кейде өзіміз түсіреміз, кейде сатып ала саламыз дайын жобаны. Ең басты себеп осы.
Жақында «Экстремалы» деген жаңа жоба түсірдік, Аргентинада. Мұны біздің алдымызда Еуропа арналары көрсеткен болатын. Жоба ол елдерде үлкен рейтинг жинады. Кейін Ресей көрсетті, оларда да рейтингі төмен болған жоқ. Демек, біздің арнамызда да «Экстремалы» өз көрермендерін табады деген сенімдеміз.
Дәл осы жобаға жұмсаған қаражатқа осындай сапалы өнімді Қазақстанда түсіру мүмкін емес дер едім. Өйткені, техникалық мүмкіндік жоқ. Алдымен жобаны түсіретін алаң керек, 400-ге жуық үлкен электр шамдары қажет – мұның барлығы өте үлкен шығынды талап етеді.
Оның үстіне, жарнамадан түсетін табыс аз, жарнаманың басым бөлігі «Еуразия» арнасының еншісінде. Табысымыз аз болғандықтан арзан әрі рейтингі жоғары өнімдерді іздейміз. Коммерциялық арналарда отандық тележобалардың болмауының ең негізгі себептері осы.
Мемлекеттік арналарға келер болсам, олар мемлекеттің тапсырысын орындайды негізінен. Мәселен, Ресейде мемлекет жастар тәрбиесіне арналған, жалпы идеологияға арналған телеөнімдерге миллиондаған қаржы бөліп, мемлекеттік арналар оны айналдырып жатады. Ал, қазақстандық арналар отандық туындыларды көрсету үшін мемлекет оған тапсырыс беруі керек, қыруар қаражат бөлуге тиіс. Мысалы, қазір елімізде әскерден сарбаздар қашып кетіп жатыр, шекарашылардан да тыныштық кетті. Осындай жайттардың алдын алу үшін мемлекет әскер туралы, ішкі істер органдары туралы сапалы және көңілге қонымды телеөнімдерге тапсырыс беруі тиіс. Жастардың рухани қажеттілігін осындай тележобалар арқылы өтеуге болады. Мейлі, одан шығынға батсын, табыс таппай-ақ қойсын. Бірақ идеологиялық тұрғыдан келгенде мол пайда әкеледі мұндай фильмдер.
Бәлкім, болашақта қаржымыз көбейген кезде қазақтілді, ұлттық дәстүрлерімізді насихаттайтын жобалар түсіріп жатармыз. Қазіргі таңда отандық өнімдердің рейтингі төмен болғандықтан шетелден сатып алуға немесе көшіріп алуға мәжбүрміз. Тағы да айтамын, оның басты себебі біздің арнаның коммерциялық болуынан.
«Гэллоп медиа» деген халықаралық агенттік бар, біздің отандық телеарналардың рейтингін түзетін. Оның көрсеткіштеріне сенер болсақ, Қазақстанда қазақтілді бағдарламалардың рейтингі тым төмен. Бірақ, өз басым бұл агенттіктің жұмысына күмәнмен қараймын, қазақша арналардың рейтингін қолдан төмендетіп отыруы әбден мүмкін. Өйткені, онда жұмыс істейтін мамандардың барлығы орыстар және орыстілді қазақтар. Олар абоненттердің үйлеріне арнайы аппарат қойып, көрермендердің қандай арналарды, қандай бағдарламаларды көріп отырғандығын есепке алып отырады. Ал, орыстілді азаматтарға қазақтілді аудиториямен жұмыс істеу тиімсіз. Сондықтан мамандар орыстілді тұрғындардың үйіне аталған қондырғыларын алып барып орната салады.
Мәселен, 200 отбасылы ауыл бар делік, соның ішіндегі 2-3 отбасы ғана орыстілді де қалғандары түгел қазақтар. Аталған агенттік қызмтекерлері бұл ауылға келеді де жаңағы 2-3 отбасының үйіне ғана аппаратын қойып кетеді. Сөйтеді де, бұл ауыл негізінен орысша бағдарламалар көреді деп жалпы рейтинг жасай салады.
Бірақ, бәрібір алдағы уақытта отандық телеарналарда қазақы дүниелер көбейеді. Әсіресе соңғы 2-3 жылда телеарналардың тілі біраз қазақыланды. Мейлі, сапасы төмен шығар шетелдікінен, бірақ біз бұл сатыдан өтпесек болмайды. Көш жүре түзеледі демекші, қазақтілді өнімдердің сапасы да түзеледі ертең-ақ. Сол кезде біз өз өнімдерімізді шетел қазақтарына, өзге де түркі тілдес елдердің телеарналарына сататын боламыз.
Мәселен, түріктердің «Сүлеймен» телехикаясы әлемнің жиырма шақты елінде көрсетіліп жатыр. Бір сериясының құны 20 мың евроға дейін барады. Демек, жоба өз шығынын жапты және иелеріне үлкен табыс алып келіп жатыр. Біз де сондай дүние ойлап табуымыз керек, шетелге шығаратын.
Оның үстіне, көрермендердің де сұранысы өзгерген қазір. Бұрындары «Шынның жүзі», «Күлтөбе», «Бетпе-бет» сынды бағдарламаларға сұраныс көп болған болса, қазір жұрт негізінен әзіл-сықақ, жеңіл ток-шоуларды жиі көреді.

- Қазір шетелдің жылаңқы телесериалдарынан құтыла алмай отырғанымызда қазақстандық арналар да енді дәл осындай көпсериалы телехикаяларды жарыса түсіріп жатыр. Алтын уақытты өлтіргеннен басқа мұндай өнімдердің пайдасының жоғы анық. Ендеше үлкен қаржыға сериал түсіргенше неге пайдалы және сапалы жоба түсірмеске?

- Сіз өзіңіз қандай бағдарлама көргіңіз келеді телесериалдардың орнына?

- Танымдық бағдарламалар, ток-шоулар. Не болса да көрерменге пайдасы тиетін жоба керек емес пе?!

- Дұрыс. Бірақ, телесериал адамның миын демалдырады. Жұрт оны жұмыстан шаршап келгенде проблемаларын ұмыту үшін көреді негізінен. «Пәленше парамен ұсталды, пәлен адамды өлтіріп кетіпті, ана жерде жарылыс болыпты» деген сияқты ақпараттардан да адам шаршайды ғой.
Оның үстіне телехикаяны бір рет сатып алғаннан кейін 2-3 жыл сайын айналдырып көрсете бересің. Ал, өзге жобалар бір көрсетілгеннен кейін маңыздылығын жоғалтады.
Сапа жағын айтар болсам, алғашында қиындықтар көп болады, техника жағынан, әртістер жағынан. Бірақ, біз бұл белестен өтуіміз керек. Әртістеріміз де ысылады ойнай-ойнай. Бастысы тоқтатпау керек. Көрермендер тарапынан да қолдау керек. Біз жаңа өнім шыға салысымен оны дереу сынай жөнелеміз. Әрине, режиссер мұнан кейін қайта фильм түсіргісі келмей қалады. Керісінше, біз оның жақсы тұстарын айтар болсақ, ол рухтанады, шабыттанады. Келесі өнімін бұдан да жақсы етіп түсіреді.

- Кезінде «Хабар» арнасында қызметте жүрген кезіңізде «Қазақтар» деген телецикл жарық көрген еді. Шеттегі қандастарымыздың жайын баяндайтын керемет бағдарлама десек те болады. Ал, қазір өкінішке қарай көш тоқтап қалды. Өзге елдердегі миллиондаған қандасымыз елге оралып үлгерген жоқ. Оларға тіпті, өзге ұлттарға сіңісіп кету қаупі тұр. Сізді өз ұлтыңыздың патриоты ретінде бұл мәселе алаңдатады ма?

- Иә, «Қазақтар» сәтті шыққан жоба. Біз шет елдегі ағайындардың болымысын, тұрмыс-тіршілігін белгілі бір деңгейде көрсете білдік. Ол жобаның демеушісі «ҚазТрансОйл» компаниясы болды, қомақты қаражат бөлді. Кейін, араға біраз уақыт салып, осы циклдің жалғасы ретінде «Қандастар» деген жоба түсіргім келген. Бірақ, демеушілер табылған жоқ. Ірі компаниялар бірінен соң бірі бас тартты. Ал, телеарнаның мұндай ірі жоба түсіруге қаражаты жетпейді. Жеткен күннің өзінде қайтарымы болмай қалуы мүмкін. Дегенмен, әлі де үмітіміз үзілген жоқ, ірі компанияларға ұсыныстар жіберіп жатырмыз. Бәлкім қолдау табылып қалар.
Көштің тоқтауына келер болсам, өз басым «оралман» деген сөз дұрыс айтылмаған деп ойлаймын. Бұл бір қазақ халқын жікке бөліп тастағандай. Қандастар, бауырлар деп айтқан жөн бе еді. Дегенмен, көштің алдағы уақытта қайта жанданатынына тек сеніммен қараймын.

- Халықаралық қыз-келіншектер мен әйелдер мейрамы де келді. Бұл күнді атап өту отбасыңызда дәстүрге айналған ба? Мереке күні жолдасыңыздан не күтесіз?

- Бала кезімізде 8 наурызды сағына күтетін едік. Өйткені, анам бұл мерекеде немесе туған күнімде маған үнемі қызыл аяқ киім алып беретін. Ал, қазір бұл мейрамды жанымызға жақын ортада қарсы алғымыз келеді.
Үйдегі қалыптасқан дәстүр бойынша, жыл сайын 8 наурыз анамызды құттықтаудан басталатын. Өкінішке қарай, бұл жолы анама ақ тілегімді айта алмаймын, ол кісі жақында өмірден өтті. Дегенмен, бұл аналардың, әжелердің, барлық қыз-келіншектердің мерекесі болғандықтан, мейрамды дастархан басында жақын туыстарыммен бірге міндетті түрде атап өтеміз.

- Уақыт тауып, сұхбаттасқаныңызға алғыс айтамыз! Еңбегіңіз жанып, шығармашылық табыстарға жетуіңізге тілектеспіз!

Сұхбаттасқан Серғали Балажан. BAQ.KZ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға