Алматыда көше бойындағы дәретханада өрт шықты

 Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматы қаласы Жетісу ауданында көше бойындағы дәретхана өртенді. Оқиға К.Қазыбаев көшесі бойында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өрт жақын жерде жиналып тұрған құрылыс материалдарына және жұмыс істемейтін мұнара кранының кабинасына дейін өткен. Қызыл жалын аумағы - 10 шаршы метр.

Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.  

Оқи отырыңыз