Жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» қоры 30 мың балаға көмек көрсетті

«Самұрық-Қазына» қоры 30 мың балаға көмек көрсетті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 16.10.2024 02:48 115

Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» КҚ арқылы биылғы 9 айда көмек алған бала саны осындай болып отыр.

Мәселен, қор ағымдағы жылы Балаларды қорғау күні «Samruk Charity Marathon» қайырымдылық марафонында краудфандинг тәсілін қолдану арқылы 1000-ға тарта азамат пен 30-дан астам компаниядан 126,7 млн теңге жинай алды. Нәтижесінде жаңа оқу жылы елорданың 5 бірдей мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылып, 150-ден астам ерекше бала қатарластарымен бірге мектепте оқуда. Қор басшылығы қоғам мен бизнес өкілдерін алдағы уақытта да осындай бастамаларға белсенді үн қосуға шақырады.

Бұдан бөлек, қор қолдауымен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жұмысы аясында өңірлерде 14 мыңнан астам жеткіншекке жоғары білікті дәрігерлер тегін әрі сапалы қызмет көрсетсе, саны 40-тан асқан оңалту орталықтары да мүгедектігі бар балалар мен олардың ата-аналарына тұрақты қол ұшын созуда. Жаз бойы танымдық және саяхат лагерьлері жұмыс істеп, өскелең ұрпақ үшін өзге де білім мен медицина, бұқаралық спорт пен мәдениет саласындағы жобалар жалғасын табуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға