Жаңалықтар

Вице-министр қайғылы жағдайдан кейін Шерзаттың әкесімен сөйлескенін айтты

Вице-министр қайғылы жағдайдан кейін Шерзаттың әкесімен сөйлескенін айтты
Фото: әлеуметтік желі 15.10.2024 15:55 1055

ӨКҚ брифингінде Ішкі істер вице-министрі Бауыржан Әленов тергеу барысында Шерзаттың ата-анасына қысым көрсетілгені жөніндегі сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін зардап шеккен тараппен сөйлестім. Мен Шерзаттың әкесімен және оның адвокатымен сөйлескенде қысым болып жатқаны туралы сөз болмады. Бүгін тергеу жалғасады. Осы мәселеге қатысты мән-жай сол тергеуде белгілі болады.

Айта кетейік, марқұм Шерзаттың көршілері үй өртенгенге дейін 2-3 күн нөмірі жоқ белгісіз біреулер олардың үйін торуылдап жүргенін айтқан болатын.

Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Әленов осы мәселеге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға