Жаңалықтар

«Қазақ тілін мазақ етті». Футбол федерациясы Черчесовтің сөзіне қатысты мәлімдеме жасады

«Қазақ тілін мазақ етті». Футбол федерациясы Черчесовтің сөзіне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/kff_team 15.10.2024 22:12 611

Қазақстан футбол федерациясы әлеуметтік желілерде жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тіліне құрмет көрсетпеуіне қатысты видеоға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жазбада видеоның үзіндісі көрсетілген. Негізі бұл сұрақты Францияның ПСЖ клубының формасын киіп жүрген қазақстандық журналист Бегасыл Сейітқанов баспасөз мәслихатында қойғаннан кейін бас бапкер әзілдеп жауап қайтарған болатын.

Станислав Черчесов қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайды, сонымен қатар қазақ тілін белсенді түрде оқып жатқанын мәлімдейміз, - делінген мәліметте.

Қазақстан мен Словения матчынан соң өткен баспасөз конференциясында тілшілердің бірі Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қоямын деп, мазаққа қалды. Бапкер тілшіге «сен француз тілінде сұраққойып жатсың ба?» деп кемсітіп, французша сөйлей бастады. Бұл жайты қоғам тарапынан наразылық туғызды. Министрлік бұл жағдайға бейжай қарамай, Қазақстан футбол федерациясына ресми хат жолдаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға