Жаңалықтар

Екібастұзда кварталішілік желілер мен жылу қондырғылары қалпына келтірілді — Олег Крук

Кезекті жедел штабта жылу беруде қиындық туындаған үйлер аталды
Екібастұзда кварталішілік желілер мен жылу қондырғылары қалпына келтірілді — Олег Крук
Фото: primeminister.kz 04.12.2022 20:50 2065

Екібастұз қаласын жылумен қамту бойынша кезекті жедел штабта қаладағы 11 үйге жылу берілмегені айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Жертөлелердегі барлық үйлердің жылу қондырғыларына жылу тасымалдағыштар жеткізілді. Өкінішке орай, кейбір үйлерде ПИК жылу жүйесін дұрыс қоспаған, соның салдарынан көптеген үйде батареяларды ауыстыруға тура келеді. Ең проблемалы үйлер Сәтпаева 8, Мәшһүр Жүсіп 52, Әуезов 47, 46, 46а және Шешембекова 19а», - деді Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Олег Крук.

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин ауа райының қолайсыздығына қарамастан, басқа қаладан кәсіпорын жұмысшылары келіп көмек көрсетіп жатқанын тілге тиек етті.

Айтуынша, дәл қазіргі таңда 11 үй әлі жылу жүйесіне қосылмаған.

«Барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қаламыздың кәсіпорындары үйлерді қарамағанына алып бақылау үстінде. Тұрғындармен тығыз байланыстамыз. Жылу жүйесіндегі ақаулықты анықтап, жұмыс жасап жатырмыз. Кәсіпорын басшыларымен суықта үздіксіз жұмыс істеп жатқан жұмыскерлерге сыйақы беру ойда бар», - деді ол.

Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған. Бұған дейін Екібастұзда жылу электр орталығындағы бірнеше қазанагрегат тоқтап, тұрғындар жылусыз қалғандығы туралы жазған болатынбыз. Екібастұз ЖЭО апаттың себебіне қатысты түсініктеме берді. ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Екібастұздағы құбырлардың тозығы жеткенін айтты. Бүгін қаласының жылу желілерінде болған апатқа байланысты жергілікті билік ТЖ режимін жариялады. Екібастұзда орталық жылу берудің тоқтап қалуынан хабардар болған Президент қала тұрғындарының жағдайына алаңдаушылық білдіріп, Премьер-Министр Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды. Жылудың болмауына байланысты Екібастұздың 123 тұрғыны эвакуацияланды. Үкімет бірқатар проблемалық энергетикалық нысандарды мемлекет меншігіне қайтару мәселесін пысықтауда. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің Павлодар облысындағы бөлімшелері апаттың алғашқы күндерінен коммуналдық қызметтерге көмекке жұмылдырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын толық жою жөніндегі жұмыстарды бақылау үшін Екібастұзда болады.  Қазіргі уақытта 5200 жылу батареясы жеткізілді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға