Жаңалықтар

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Бұл туралы қала әкімі мәлім етті
Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды
Фото: exk.kz 28.11.2022 09:52 1876

Екібастұз қаласының жылу желілерінде болған апатқа байланысты жергілікті билік ТЖ режимін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Апат орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанға дейін ТЖ режимі енгізіледі», делінген Екібастұз әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында.

Қала билігінің мәліметінше, 17 көпқабатты тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 21 заңды тұлға нысаны сағат 01:30-дағы жағдай бойынша жылусыз қалды.

Энергетика министрлігі жылу құбырларының тозуының жоғары деңгейі туралы хабарла. Кейін министрлік Екібастұздағы апат ЖЭО-да емес, жылу желілерінде болғанын нақтылады.

Осыған байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа ел қалаларындағы проблемалық энергетикалық активтерді мемлекеттік меншікке қайтару мәселесін қарауды тапсырған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға