Екібастұз тұрғындарына бес мыңнан астам жылу батареялары жеткізілді

 primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Екібастұздағы жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жедел штаб жылу радиаторларын ауыстыру бойынша жұмысты ұйымдастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Пәтерлердегі ішкі жылу беру жүйесін қалпына келтіру үшін тұрғындар байланыс орталығына 74-00-41 нөмірі бойынша хабарласа алады.

Сонымен қатар өтінішті 87076279332 және 87757100291 WhatsApp нөмірлеріне қалдыруға болады. Қазіргі уақытта 5 200 жылу батареясы жеткізілді.

Сонымен қатар Екібастұздағы ТЖ салдарын жою үшін 36 бригада (290 адам) және 52 техника жұмылдырылған.

Қалпына келтіру жұмыстарының барысы – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

Естеріңізге сала кетсек, 27 қараша күні сағат 1:20 шамасында Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шыққан болатын.  

Оқи отырыңыз