Екібастұзда 500-дей жұмысшы жылуды қалпына келтіріп жатыр

Қалада тәулік бойы жөндеу жұмыстары жүргізілуде
primeminister.kz
Фото: primeminister.kz 04.12.2022 06:41 278

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы апаттың салдарын жою жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыста жылуды қалпына келтіру жұмыстарына 7 ірі кәсіпорын жұмылдырылғаны атап өтілді. Олардың әрқайсысына көппәтерлі тұрғын үйлер бекітілген.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 484 адам жұмылдырылғаны белгілі болды.

Еске салсақ, 27 қарашада Екібастұздағы ЖЭО-да апат орын алып, қала тұрғындары жылусыз қалған еді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдары жойылғанша Екібастұзда болады.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар