Жаңалықтар

Жапониядағы феодалдық құрылыс

  Жапониядағы феодалдық құрылыс Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы аяқталды. Бұл кезеңде Жапонияда мұрагерлік жер иелігі қалыптасты. Жер иеліктері - сёэн деп аталды. Мұрагерлік жер иеліктері салықтан босатылды. Мұнда шаруалардың екі түрі жұмыс істеді. Біріншісі бас бостандығы жоқ, тәуелді шаруа болды, екіншісі мемлекеттік шаруа деп аталды. Тәуелді шаруалар феодалдар жерінде қызмет атқарып, жер иелеріне толық тәуелді болды. Мемлекеттік шаруалар император сарайына тиісті жерде жұмыс істеді. Қызмет жасаумен қатар, император қазынасына салық та төлеп отырды. Жапон қоғамында феодалдардың да бірнеше әлеуметтік тобы болды. Ең ірі феодалды даймё деп атады. Даймё қарауында кішігірім жер иеленушілер болды. Ірі және орташа феодалдардың жер иеліктерінде оларға бағынышты әскери адамдар - самурайлар қызмет атқарды. Самурай жапон феодалдық қоғамындағы негізгі кәсіби, әскери топ болды. Самурайлар да кейіннен ұсақ жер иелеріне айналды. Олар жерді өздерінің бастьщтарынан сыйлыққа алу негізінде иеленді. Саяси құрылысы Жапонияда VII ғасырдан бастап орталық императорлық өкімет билігі орнады. Ең жоғарғы билік және барлық жер иелігі микадо қолында болды. ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында Жапонияда императорлық билік біртіндеп әлсіреп, жаңа әлеуметтік топ - сегундар билігі күшейді. Сегун - микадоның бірінші министрі немесе оның уәзірі қызметін атқарды. 1192 жылдан бастап сегундардың саяси билігі күшейіп, император елдегі діни басшы ретінде ғана сақталып калды. Солтүстік жапон феодалы Минамото самурайлардың күшімен император әскерін жеңіп шығады. Ел астанасы Киото қаласын басып алып, сегундардың үстемдігін орнатады. Жапонияда көп уақытқа дейін минамото әулетінен шыққан сегундар билік құрды. Минамото жасақшылары қарсыластардан тартып алған жерлерді өзара бөліске салып, кейін олардың көбі ірі феодалдар - даймёларға айналды. Үстемдік етуші феодалдар табы - «әскери-поместьелік» жер иелері (буси, самурай) елдің негізгі жер бөлігін қолында ұстап, өздерінің мемлекеттік басқару әкімшілігін құрды. Сөйтіп ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында Жапонияда мұрагерлік биліктің екі түрі болды. Бірі - императорлық,екіншісі - сегундық. Мемлекеттің басында сегун тұрды. Ол әскери өкімет басшысы әрі самурайлардың қолбасшысы болды. 1199 ж. Минамото өлген соң үкімет билігін Ходзе Токимаса иеленді. Жапонияда әскери-феодалдық мемлекет құрылды. Шаруалардың жағдайы Шаруаларды қанау бұрынғыдан да күшейе түсті. Феодалдар әр түрлі сылтаулар тауып, жаңа салықтар енгізіп отырды. Феодалдар арасындағы қырқыстар да шаруалар тұрмысын тұралата түсті. Шаруашылықтар өзара соғыстардан күйзеліске ұшырады. Мұның бәрі шаруалар наразылығын күшейтіп, көтеріліс жиі болып тұрды. 1428 жылы ең ірі көтеріліс Киото қаласының маңында болды. Олар қарыздарды жоюды талап етіп, өсімқорларға қарсы шықты. Көтеріліс «самурайлар жойылсын» ұранымен өтті. 1441 жылғы шаруалар көтерілісін кедейленген самурайлар - рониндерде қолдады. Ямасиро ауылында көтерілісшілер жеңіске жетіп, 7 жылға жуық өз биліктерін орнатқан кездері де болды. Олар өз өскерін құрып, халық жиналысын шақырып, өздерінің заңдарын бекітіп отырды. Халық жиналысы 36 адамнан тұрды. Олар салық мөлшерін анықтап, шіркеу иелеріне салықты ұлғайтты. Шаруалар көтерілісі XVI ғасырда да тоқтаған жоқ. 1532 жылы Киото, Харима, Исэ, Тайба қалаларында кедейлер көтерілісі болды. XVI ғасырда Жапонияда сегундық билік әлсіреп, феодалдық бытыраңқылық елдің бірнеше дербес кінәздікке бөлінуіне дейін жеткізді. Қалалардың дамуы ХІ-ХІІІ ғасырларда Жапонияда қалалар саны өсті. Қалалар қолөнер орталығына айналды. Жапония қолөнершілері ертеден жібек матадан киім-кешектер тігетін. Жапондар ата-бабасынан бері темірден, алтыннан, күмістен әр түрлі заттар жасай Самурай. білген. Күні бүгінге дейін жапон семсері әлемге әйгілі болып келеді. Жапон семсері көп елдерге шығарылып отырған. Мысалы, 1483 жылы шетелге 67 мың семсер сатылған. Жапондар Корея, Қытай, Филиппин аралдарымен сауда-саттық қатынас жасап отырған. Елдегі ірі калалар - астанасы Киото, Сакаи, Хиого, Хаката, Нагасаки т.б. Біртұтас мемлекеттің құрылуы Жапонияның бір орталыққа бағынатын күшті мемлекетке айналуына, феодалдық құрылысты нығайтуға феодалдар мүдделі болды. Олар мұндай үкімет өзара қырқысты, шаруалар көтерілістерін тоқтатады, өсімқор буржуазияның өсіп бара жатқан беделін шектейді деп үміттенді. XVI ғасырдың соңы Жапонияда капитализмнің белгісі - сауда буржуазиясы қалыптаса бастаған кез болатын. 1568-1582 жылдары елді біріктіру ісін феодал Ода Нобунага басқарды. Аз ғана уақыттың ішінде ол орталық Хонсю аралы жерін өзіне бағындырды. 1573 жылы Асикага әулетінің ең соңғы сегунын биліктен кетіреді. Ода Нобунага 1580 жылы Жапонияның жартысын біріктірді. Жапонияның ең бай қаласы Сакаиды бағындырды. Нобунаганың ісін алға апарған досы Тоётоми Хидэёси (1583-1598) елді біріктіру ісін жалғастырды. Хидэёси елде қатаң тәртіп орнатты. Ол шаруаларды жерге бекітетін, басы ауған жаққа кетуіне тыйым салатын заңдар шығарды. Сырт елдермен басқыншылық саясат жүргізіп, 1592 жылы Корея еліне екі рет жорық ұйымдастырды. Оңтүстік Корея жерін уақытша бағындырды. ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Жапонияның саяси құрылысы Жапонияда бір орталыққа бағынатын мемлекет орнағаннан кейін, елге шетелдіктердің келуіне тыйым салынды. Еуропалықтардың Жапониядағы істеріне үзілді-кесілді шек қойылды. Жапонияның басқа елдермен қатынасын осылай жасанды түрде үзіп тастау екі жарым ғасыр бойы сақталды. Бұл - феодалдық монархияның өсіп келе жатқан буржуазияға саяси шектеу қойып, феодалдық қоғамды сақтап қалуға жасаған шаралары еді. Жапонияның өзін-өзі оқшаулау саясаты халқының ұлттық ерекшелігінің дамуына жол ашты.
05.12.2012 10:52 31724

 

Жапониядағы феодалдық құрылыс

Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы

ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы аяқталды. Бұл кезеңде Жапонияда мұрагерлік жер иелігі қалыптасты. Жер иеліктері - сёэн деп аталды. Мұрагерлік жер иеліктері салықтан босатылды. Мұнда шаруалардың екі түрі жұмыс істеді. Біріншісі бас бостандығы жоқ, тәуелді шаруа болды, екіншісі мемлекеттік шаруа деп аталды. Тәуелді шаруалар феодалдар жерінде қызмет атқарып, жер иелеріне толық тәуелді болды. Мемлекеттік шаруалар император сарайына тиісті жерде жұмыс істеді. Қызмет жасаумен қатар, император қазынасына салық та төлеп отырды.

Жапон қоғамында феодалдардың да бірнеше әлеуметтік тобы болды. Ең ірі феодалды даймё деп атады. Даймё қарауында кішігірім жер иеленушілер болды. Ірі және орташа феодалдардың жер иеліктерінде оларға бағынышты әскери адамдар - самурайлар қызмет атқарды. Самурай жапон феодалдық қоғамындағы негізгі кәсіби, әскери топ болды. Самурайлар да кейіннен ұсақ жер иелеріне айналды. Олар жерді өздерінің бастьщтарынан сыйлыққа алу негізінде иеленді.

Саяси құрылысы

Жапонияда VII ғасырдан бастап орталық императорлық өкімет билігі орнады. Ең жоғарғы билік және барлық жер иелігі микадо қолында болды. ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында Жапонияда императорлық билік біртіндеп әлсіреп, жаңа әлеуметтік топ - сегундар билігі күшейді. Сегун - микадоның бірінші министрі немесе оның уәзірі қызметін атқарды. 1192 жылдан бастап сегундардың саяси билігі күшейіп, император елдегі діни басшы ретінде ғана сақталып калды. Солтүстік жапон феодалы Минамото самурайлардың күшімен император әскерін жеңіп шығады. Ел астанасы Киото қаласын басып алып, сегундардың үстемдігін орнатады. Жапонияда көп уақытқа дейін минамото әулетінен шыққан сегундар билік құрды. Минамото жасақшылары қарсыластардан тартып алған жерлерді өзара бөліске салып, кейін олардың көбі ірі феодалдар - даймёларға айналды. Үстемдік етуші феодалдар табы - «әскери-поместьелік» жер иелері (буси, самурай) елдің негізгі жер бөлігін қолында ұстап, өздерінің мемлекеттік басқару әкімшілігін құрды. Сөйтіп ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында Жапонияда мұрагерлік биліктің екі түрі болды. Бірі - императорлық,екіншісі - сегундық. Мемлекеттің басында сегун тұрды. Ол әскери өкімет басшысы әрі самурайлардың қолбасшысы болды. 1199 ж. Минамото өлген соң үкімет билігін Ходзе Токимаса иеленді. Жапонияда әскери-феодалдық мемлекет құрылды.

Шаруалардың жағдайы

Шаруаларды қанау бұрынғыдан да күшейе түсті. Феодалдар әр түрлі сылтаулар тауып, жаңа салықтар енгізіп отырды. Феодалдар арасындағы қырқыстар да шаруалар тұрмысын тұралата түсті. Шаруашылықтар өзара соғыстардан күйзеліске ұшырады. Мұның бәрі шаруалар наразылығын күшейтіп, көтеріліс жиі болып тұрды. 1428 жылы ең ірі көтеріліс Киото қаласының маңында болды. Олар қарыздарды жоюды талап етіп, өсімқорларға қарсы шықты. Көтеріліс «самурайлар жойылсын» ұранымен өтті. 1441 жылғы шаруалар көтерілісін кедейленген самурайлар - рониндерде қолдады. Ямасиро ауылында көтерілісшілер жеңіске жетіп, 7 жылға жуық өз биліктерін орнатқан кездері де болды. Олар өз өскерін құрып, халық жиналысын шақырып, өздерінің заңдарын бекітіп отырды. Халық жиналысы 36 адамнан тұрды. Олар салық мөлшерін анықтап, шіркеу иелеріне салықты ұлғайтты. Шаруалар көтерілісі XVI ғасырда да тоқтаған жоқ. 1532 жылы Киото, Харима, Исэ, Тайба қалаларында кедейлер көтерілісі болды. XVI ғасырда Жапонияда сегундық билік әлсіреп, феодалдық бытыраңқылық елдің бірнеше дербес кінәздікке бөлінуіне дейін жеткізді.

Қалалардың дамуы

ХІ-ХІІІ ғасырларда Жапонияда қалалар саны өсті. Қалалар қолөнер орталығына айналды. Жапония қолөнершілері ертеден жібек матадан киім-кешектер тігетін. Жапондар ата-бабасынан бері темірден, алтыннан, күмістен әр түрлі заттар жасай Самурай. білген. Күні бүгінге дейін жапон семсері әлемге әйгілі болып келеді. Жапон семсері көп елдерге шығарылып отырған. Мысалы, 1483 жылы шетелге 67 мың семсер сатылған. Жапондар Корея, Қытай, Филиппин аралдарымен сауда-саттық қатынас жасап отырған. Елдегі ірі калалар - астанасы Киото, Сакаи, Хиого, Хаката, Нагасаки т.б.

Біртұтас мемлекеттің құрылуы

Жапонияның бір орталыққа бағынатын күшті мемлекетке айналуына, феодалдық құрылысты нығайтуға феодалдар мүдделі болды. Олар мұндай үкімет өзара қырқысты, шаруалар көтерілістерін тоқтатады, өсімқор буржуазияның өсіп бара жатқан беделін шектейді деп үміттенді. XVI ғасырдың соңы Жапонияда капитализмнің белгісі - сауда буржуазиясы қалыптаса бастаған кез болатын. 1568-1582 жылдары елді біріктіру ісін феодал Ода Нобунага басқарды. Аз ғана уақыттың ішінде ол орталық Хонсю аралы жерін өзіне бағындырды. 1573 жылы Асикага әулетінің ең соңғы сегунын биліктен кетіреді. Ода Нобунага 1580 жылы Жапонияның жартысын біріктірді. Жапонияның ең бай қаласы Сакаиды бағындырды. Нобунаганың ісін алға апарған досы Тоётоми Хидэёси (1583-1598) елді біріктіру ісін жалғастырды. Хидэёси елде қатаң тәртіп орнатты. Ол шаруаларды жерге бекітетін, басы ауған жаққа кетуіне тыйым салатын заңдар шығарды. Сырт елдермен басқыншылық саясат жүргізіп, 1592 жылы Корея еліне екі рет жорық ұйымдастырды. Оңтүстік Корея жерін уақытша бағындырды.

ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Жапонияның саяси құрылысы

Жапонияда бір орталыққа бағынатын мемлекет орнағаннан кейін, елге шетелдіктердің келуіне тыйым салынды. Еуропалықтардың Жапониядағы істеріне үзілді-кесілді шек қойылды. Жапонияның басқа елдермен қатынасын осылай жасанды түрде үзіп тастау екі жарым ғасыр бойы сақталды. Бұл - феодалдық монархияның өсіп келе жатқан буржуазияға саяси шектеу қойып, феодалдық қоғамды сақтап қалуға жасаған шаралары еді. Жапонияның өзін-өзі оқшаулау саясаты халқының ұлттық ерекшелігінің дамуына жол ашты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға