Жаңалықтар

Майя өркениеті

Майя өркениеті Майя — құшағына бiрнеше ұлтты басқан, тiлi мен дәстүрi, құдайы ортақ ұлыс. Сол кезеңде тамыры бiр бiрнеше жұрттың бiрiккен ошағын майялар деп атаған. Бірақ олар жайлы зерттеуер көп уақыт жүргізілмеген.    Майя өркениеті мекендеген аймақ қызылмен шектелген, қарамен — мезоамерикалық өркениеттер аймағы   Өйткенi, халықтардың мекен еткен жерi — Мезоамериканың ну джунглилерi мен манго ормандарының iшiнде болды. Сонымен бірге бұл өркениеттi түбiрiмен зерттеймiн деп қадам басқан адамның алдынан тағы бiр дерек тұрады: Ол майялардың iшiнде жүзге тарта ұлыс болғанымен олардың өзi бiрнеше тармаққа бөлiнетiнi.      Майялардың негiзiнен атақонысы болып саналатын жер — Мексиканың, Гватемаланың, Белиз бен Гондурастың, Сальвадордың шалғай қалың орманды өлкелерi едi. Ал, бүгiнде ол аймақта соңғы бiр-екi ғасырда көшiп барған ұлты мен тегi алуан түрлі америкаланған жұрттар мекен етуде.   Әрине, майялар өз атамекенiн тастамаған. Бiрақ оларды ығыстырып шығарды, қарсылық көрсеткендерiн атып, асып, бұл ұлысты тарих бетiнен жоғалтуға ұмтылыс жасаған американдық саясат өз дегенiне жеттi. Бұл зерттеу жүргiзiлмеудiң бiр себебi.   Екiншiден, олардың бiзге жеткен тастағы жазбалары мүлдем түсiнiксiз болды. Қаншама ғалым көз майын тауысқанымен оқылуы мүмкiн болмады. Ал, 1990 жылдан бергi уақытта ғана жанкештiлiкпен жазбаға үңiлген зерттеушiлер тастағы мәтiннiң бiрен-саранын ғана оқуға мүмкiндiк алып, Гватемала джунглилерiндегi археологиялық жаңалықты үндiстер ұлысының арқауы болған ежелгi мәдениет пен руханият деп баға бердi.      Ал, бұған дейінгi зерттеулерге қарасақ, осыған дейiн Чичен-Ица, Копан, Ушмаль, Тикаль тәрiздi қалалары ашылған. Және мұның үндiстердiң ежелгi мәдениетi мен тарихы және жылнамаларынан хабар беретiн мүмкiндiк тудырған. Осы қалалардың бiрiне жақын зираттан, атап айтсақ, Гватемаланың солтүстiк-батысында орналасқан Вака атты ежелгi қаладан табылған бұдан 1200 жыл бұрынғы әмiршi әйелдiң қабiрi екенiне көз жеткiзiлген. Оның жерлеу рәсiмiндегi шараларына қарап майялар өркениетiне қатысты бiршама деректi ұшырастыруға болады.   Өйткенi, ол жауынгерлiк дулыға кигiзiлiп жерленген. Соған қарап ғалымдар бұл әйел әскери адам болған деген де пiкiр айтуда. Жорамалға сенсек, мұндай мәртебеге ие болған әйел жоғарғы шендi қолбасшы, немесе әскер басы болуы тиiстi.   Зиратта сонымен қатар теңiз мысығының сүйектерi де табылыпты. Ежелгi түркi өркениетiнде өлген адамға деген құрмет үшiн жылқы малын көрге бiрге көмсе, бұл халықтарда да құрбандық шалу риторикасы болса керек. Жалпы, зерттеушiлердiң пiкiрiнше, осы Майя жұрты мен Түркi халықтарының арасында ұқсастық өте көп. Майялардың Ушмаль қаласының аты "Үш рет қайта салынған" дегенді білдіреді.      Майя өркениетiнде құрбандық шалу — екi түрлi болған. Бiрi құдайға шалатын құрбандық, екiншiсi өлген адамға құрмет көрсету үшiн шалынатын құрбандық.   Көз жұмған кiсiге деген құрбандықты мал мен аң атқарса, құдайға деген құлшылықтарында қолға түскен жаудың тұтқындарын шалатын болған. Әсiресе, дiни мейрамдар қарсаңында арнайы сақталған тұтқындарын өлiм жазасына кесiп, құдай алдындағы мiндетiн өтейтiн болған.   Мәдени даму Майя халықтарында да болған. Бұдан шамамен 2000 жыл бұрын өмiр сүрген Сиваль қаласының орнын зерттегенде қазба жұмысын зерттеушiлер бұл жердегi мұрағаттарға қарап, қала классикалық дәуiрдi бастан кешкен деген тоқтамға келген.   Сәулет құрылыстары мен сарай салу өнерi осындай тоқтамға келтiредi екен. Көлемi бес-алты метрден асатын сарай қабырғалары мен алып мүсiндер сонымен қатар күрделi жазбалармен де өрнектелген. Бiрақ осынау жазбалардың оқылмай келген де себебi бар.   Әлем кiтап оқуға бет бұрған кездiң басы саналатын ХVII ғасырда Еуропада шiркеу мен дiн басылар тарапынан мұндай түсiнiксiз және мистикалық құдiретке ие жазуларды оқуға мүлдем тиым салынды. Сондай кедергiлердiң салдарынан Сиваль қаласындағы жазбаларды оқуға мүмкiндiк 1950 жылдарда ғана туды.   Мұның нәтижесiнде Майя халықтарының тек жауынгерлiктi ғана баптап қоймай, дәрiгерлiкпен, iсмерлiкпен, қолөнермен, сондай-ақ, астрономиямен шұғылданғанын байқаған.   Майялардың iшiндегi жиi-жиi болатын шабуыл — олардың даму мүмкiндiгiне де кедергi келтiрдi. Зерттеушiлер тiптi Майя халықтарының ыдырап кету себебiн ең бiрiншi соғысқұмарлығына қатысты сабақтастырады.   Олардың соғысқұмар болғандығының тағы бір дәлелі, зираттар мен қазба жұмыстарында табылған соғыс құралдарымен қатар, тiптi, мүсiн және архитектуралық заттарының өзiнен қиналып өлгелi жатқан тұтқындардың бейнесiн жасағаны дәлелдейдi.   Майя жұлдызшылары бүгiнге жеткен Григориан күнтiзбесiнен бұрын уақытты дәлме-дәл есептейтiн грек пен римдiктердiң ойына да келмеген уақыт санауды ашқаны соңғы кездерде белгiлi болып жатыр.   Мұның бiр мысалы, iнжiр ағашының қабығынан жасалған қағаздардағы жазбалары үлкен ойшылдықты айқындайды. Дегенмен бұл жазбалар толық жетпеген. Майя өркениетiнен бiзге жеткен бiр таңсық нәрсе — ол ас үй.   Бұршақ пен какаоны пайдалану нәтижесiнде жасаған көбiктi шокаладтарын қазба жұмыстары дәлелдесе, олардың табиғи каучуктен жасалған доптарына қарап, қазiргi заманғы футбол ойыны майялықтарға тән деген де жорамал айтылуда. Салмағы 3,5 келi болатын ауыр доппен ойнау тек қана ойын емес, ер жiгiттердi сынау да болыпты. Осының нәтижесiнде талай адам жараланып, жеңiлiс тапқандарды өлтiру де кездескен.   Жалпы зерттеушiлер бұл өркениет жайында көп пiкiр айтады. Құрып кетуiнiң себептерi ретінде — 1)халық саны көбейiп, өздi-өзi соғысу түбiне жеткен, 2) ұзаққа созылған құрғақшылық, 3) Америка құрлығының ашылу кезеңi т.б. да атайды
05.12.2012 10:47 9974

Майя өркениеті

Майя — құшағына бiрнеше ұлтты басқан, тiлi мен дәстүрi, құдайы ортақ ұлыс. Сол кезеңде тамыры бiр бiрнеше жұрттың бiрiккен ошағын майялар деп атаған. Бірақ олар жайлы зерттеуер көп уақыт жүргізілмеген.

 

 Майя өркениеті мекендеген аймақ қызылмен шектелген, қарамен — мезоамерикалық өркениеттер аймағы

 

Өйткенi, халықтардың мекен еткен жерi — Мезоамериканың ну джунглилерi мен манго ормандарының iшiнде болды. Сонымен бірге бұл өркениеттi түбiрiмен зерттеймiн деп қадам басқан адамның алдынан тағы бiр дерек тұрады: Ол майялардың iшiнде жүзге тарта ұлыс болғанымен олардың өзi бiрнеше тармаққа бөлiнетiнi.

 

 

 Майялардың негiзiнен атақонысы болып саналатын жер — Мексиканың, Гватемаланың, Белиз бен Гондурастың, Сальвадордың шалғай қалың орманды өлкелерi едi. Ал, бүгiнде ол аймақта соңғы бiр-екi ғасырда көшiп барған ұлты мен тегi алуан түрлі америкаланған жұрттар мекен етуде.

 

Әрине, майялар өз атамекенiн тастамаған. Бiрақ оларды ығыстырып шығарды, қарсылық көрсеткендерiн атып, асып, бұл ұлысты тарих бетiнен жоғалтуға ұмтылыс жасаған американдық саясат өз дегенiне жеттi. Бұл зерттеу жүргiзiлмеудiң бiр себебi.

 

Екiншiден, олардың бiзге жеткен тастағы жазбалары мүлдем түсiнiксiз болды. Қаншама ғалым көз майын тауысқанымен оқылуы мүмкiн болмады. Ал, 1990 жылдан бергi уақытта ғана жанкештiлiкпен жазбаға үңiлген зерттеушiлер тастағы мәтiннiң бiрен-саранын ғана оқуға мүмкiндiк алып, Гватемала джунглилерiндегi археологиялық жаңалықты үндiстер ұлысының арқауы болған ежелгi мәдениет пен руханият деп баға бердi.

 

 

 Ал, бұған дейінгi зерттеулерге қарасақ, осыған дейiн Чичен-Ица, Копан, Ушмаль, Тикаль тәрiздi қалалары ашылған. Және мұның үндiстердiң ежелгi мәдениетi мен тарихы және жылнамаларынан хабар беретiн мүмкiндiк тудырған. Осы қалалардың бiрiне жақын зираттан, атап айтсақ, Гватемаланың солтүстiк-батысында орналасқан Вака атты ежелгi қаладан табылған бұдан 1200 жыл бұрынғы әмiршi әйелдiң қабiрi екенiне көз жеткiзiлген. Оның жерлеу рәсiмiндегi шараларына қарап майялар өркениетiне қатысты бiршама деректi ұшырастыруға болады.

 

Өйткенi, ол жауынгерлiк дулыға кигiзiлiп жерленген. Соған қарап ғалымдар бұл әйел әскери адам болған деген де пiкiр айтуда. Жорамалға сенсек, мұндай мәртебеге ие болған әйел жоғарғы шендi қолбасшы, немесе әскер басы болуы тиiстi.

 

Зиратта сонымен қатар теңiз мысығының сүйектерi де табылыпты. Ежелгi түркi өркениетiнде өлген адамға деген құрмет үшiн жылқы малын көрге бiрге көмсе, бұл халықтарда да құрбандық шалу риторикасы болса керек. Жалпы, зерттеушiлердiң пiкiрiнше, осы Майя жұрты мен Түркi халықтарының арасында ұқсастық өте көп. Майялардың Ушмаль қаласының аты "Үш рет қайта салынған" дегенді білдіреді.

 

 

 Майя өркениетiнде құрбандық шалу — екi түрлi болған. Бiрi құдайға шалатын құрбандық, екiншiсi өлген адамға құрмет көрсету үшiн шалынатын құрбандық.

 

Көз жұмған кiсiге деген құрбандықты мал мен аң атқарса, құдайға деген құлшылықтарында қолға түскен жаудың тұтқындарын шалатын болған. Әсiресе, дiни мейрамдар қарсаңында арнайы сақталған тұтқындарын өлiм жазасына кесiп, құдай алдындағы мiндетiн өтейтiн болған.

 

Мәдени даму Майя халықтарында да болған. Бұдан шамамен 2000 жыл бұрын өмiр сүрген Сиваль қаласының орнын зерттегенде қазба жұмысын зерттеушiлер бұл жердегi мұрағаттарға қарап, қала классикалық дәуiрдi бастан кешкен деген тоқтамға келген.

 

Сәулет құрылыстары мен сарай салу өнерi осындай тоқтамға келтiредi екен. Көлемi бес-алты метрден асатын сарай қабырғалары мен алып мүсiндер сонымен қатар күрделi жазбалармен де өрнектелген. Бiрақ осынау жазбалардың оқылмай келген де себебi бар.

 

Әлем кiтап оқуға бет бұрған кездiң басы саналатын ХVII ғасырда Еуропада шiркеу мен дiн басылар тарапынан мұндай түсiнiксiз және мистикалық құдiретке ие жазуларды оқуға мүлдем тиым салынды. Сондай кедергiлердiң салдарынан Сиваль қаласындағы жазбаларды оқуға мүмкiндiк 1950 жылдарда ғана туды.

 

Мұның нәтижесiнде Майя халықтарының тек жауынгерлiктi ғана баптап қоймай, дәрiгерлiкпен, iсмерлiкпен, қолөнермен, сондай-ақ, астрономиямен шұғылданғанын байқаған.

 

Майялардың iшiндегi жиi-жиi болатын шабуыл — олардың даму мүмкiндiгiне де кедергi келтiрдi. Зерттеушiлер тiптi Майя халықтарының ыдырап кету себебiн ең бiрiншi соғысқұмарлығына қатысты сабақтастырады.

 

Олардың соғысқұмар болғандығының тағы бір дәлелі, зираттар мен қазба жұмыстарында табылған соғыс құралдарымен қатар, тiптi, мүсiн және архитектуралық заттарының өзiнен қиналып өлгелi жатқан тұтқындардың бейнесiн жасағаны дәлелдейдi.

 

Майя жұлдызшылары бүгiнге жеткен Григориан күнтiзбесiнен бұрын уақытты дәлме-дәл есептейтiн грек пен римдiктердiң ойына да келмеген уақыт санауды ашқаны соңғы кездерде белгiлi болып жатыр.

 

Мұның бiр мысалы, iнжiр ағашының қабығынан жасалған қағаздардағы жазбалары үлкен ойшылдықты айқындайды. Дегенмен бұл жазбалар толық жетпеген. Майя өркениетiнен бiзге жеткен бiр таңсық нәрсе — ол ас үй.

 

Бұршақ пен какаоны пайдалану нәтижесiнде жасаған көбiктi шокаладтарын қазба жұмыстары дәлелдесе, олардың табиғи каучуктен жасалған доптарына қарап, қазiргi заманғы футбол ойыны майялықтарға тән деген де жорамал айтылуда. Салмағы 3,5 келi болатын ауыр доппен ойнау тек қана ойын емес, ер жiгiттердi сынау да болыпты. Осының нәтижесiнде талай адам жараланып, жеңiлiс тапқандарды өлтiру де кездескен.

 

Жалпы зерттеушiлер бұл өркениет жайында көп пiкiр айтады. Құрып кетуiнiң себептерi ретінде — 1)халық саны көбейiп, өздi-өзi соғысу түбiне жеткен, 2) ұзаққа созылған құрғақшылық, 3) Америка құрлығының ашылу кезеңi т.б. да атайды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға