Алсудың әкесі Р. Сафин Ресейдің қазақ диаспорасы тұратын ауылында мешіт салмақшы
31.07.2013 03:24
3745
Әйгілі Ресей әншісі Алсудың әкесі саясаткер әрі кәсіпкер Ралиф Сафин Ресейдің Усть-Канск ауданының қазақ диаспорасы тұратын Тұрата ауылында мешіт салмақшы. Бұл туралы Islamnews-қа сілтеме жасап muftyat.kz сайты хабарлайды.
Сайттың жазуына қарағанда, мешіт КСРО батырлары Қыдран Туғамбаев пен Жәнібек Елеуісовтің құрметіне тұрғызылады. РФ Федерация Кеңесіндегі Алтай республикасының өкілі Ралиф Сафин бұл туралы Тұрата ауылында өткен қазақша күрес турнирінде мәлімдеген екен. Алтайдың бұл ауылында негізінде қазақтар тұрады.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға