Жаңалықтар

Мексикалықтардың тең жартысы кедейлікте өмір сүреді

Мексикада соңғы жылдары кедейлікте өмір сүріп жатқан тұрғындардың саны 53,3 миллионға артып, жалпы халықтың 45 пайызын құрады. Бұл жайында елдің әлеуметтік даму саласын зерттеуге үшін құрылған комиссия мәлімдеді.  Зерттеудің нәтижесіне көз жүгіртсек, соңғы екі жылда жарты миллионға жуық мексикалықтың жағдайы төмендеп кеткен. Ал, 11,5 миллион мексикалық тұрғын кедейліктің ең төменгі сатысында өмір үшін күрес жүргізуде дейді мамандар. Елде 18 жасқа дейінгі жастардың 21,2 миллионы күнін әзер көріп отырғандар. Олардың ішіндегі 4,7 миллионы тіпті, кедейліктің шегіне жеткен. Аталған комиссияның хатшысы Гонсало Ликонаның айтуынша, ең алдымен жастар арасындағы кедейшілікпен күрес жүргізу қажет. Өйткені, өскелең ұрпақ дұрыс тәрбие мен білім алмаса ертең олардың зиялы қоғамды қалыптастыруы екіталай. Ал, халықтың тек 20 пайызы ғана әлеуметтік тұрғыдан проблемасы жоқ дәулетті жандар. Baq.kz
30.07.2013 03:46 3257

Мексикада соңғы жылдары кедейлікте өмір сүріп жатқан тұрғындардың саны 53,3 миллионға артып, жалпы халықтың 45 пайызын құрады. Бұл жайында елдің әлеуметтік даму саласын зерттеуге үшін құрылған комиссия мәлімдеді. 

Зерттеудің нәтижесіне көз жүгіртсек, соңғы екі жылда жарты миллионға жуық мексикалықтың жағдайы төмендеп кеткен. Ал, 11,5 миллион мексикалық тұрғын кедейліктің ең төменгі сатысында өмір үшін күрес жүргізуде дейді мамандар.
Елде 18 жасқа дейінгі жастардың 21,2 миллионы күнін әзер көріп отырғандар. Олардың ішіндегі 4,7 миллионы тіпті, кедейліктің шегіне жеткен.
Аталған комиссияның хатшысы Гонсало Ликонаның айтуынша, ең алдымен жастар арасындағы кедейшілікпен күрес жүргізу қажет. Өйткені, өскелең ұрпақ дұрыс тәрбие мен білім алмаса ертең олардың зиялы қоғамды қалыптастыруы екіталай.

Ал, халықтың тек 20 пайызы ғана әлеуметтік тұрғыдан проблемасы жоқ дәулетті жандар.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға