Жаңалықтар

Тәуелсіз, егемен Қазақстанды құру жағдайындағы ұлттық сананың қалыптасуы

«...Қазақстан территорясының тұтастығын бұзуды көздейтін айлалы әрекетке қарсы шығып отырмыз», - дейді хат авторлары. Кең-байтақ қазақ жеріне көз алартушылар көбейді. Қазақстанның солтүстік облыстарын бөліп әкетуге негізделген айлалы әрекеттер іштен де, сырттан да жүргізіле бастады. Қазақ жеріне сырттан көз алартушылар туралы қайраткер-қаламгер Әбіш Кекілбаев соншалықты дәл, әрі құнды тарихи ой айтты: «Сонау сексен тоғыздың күзінде «Московские новости» газетінде Г. Попов Қазақстанға көп территорияны Сталин озбырлықпен тартып әперді десе, дәл сол тектес пиғылды тоқсаныншы жылдың жазында А. Солженицын қоздатты. Тоқсаныншы жылдың желтоқсанында президенттіктен кетіп бара жатып М. Горбачев Қазақстан тың игеру кезінде Ресейдің бес облысын иемденіп кетті деп жар салды. Жуырда «Правда» газетінің бетінде дәл осы алуандас пікірді Ресейдің халық депутаты М. Челноков қайталады. Бұл төрт «даулы» ауыздың әр жағында ...төрт пиғыл тұр: біреулеріне бұрынғы Кеңестер Одағының орнына ұлттық сипатқа атымен мән бермейді-міс, Америка Құрама Штаттары сияқты Еуразия Құрама Штаттары керек; екіншілеріне сәл жаңартылған немесе тіптен жаңартылмаған баяғы Ресей империясы керек; үшіншілеріне Кеңес Одағы керек; төртіншілеріне ешқандай жақсартылмаған да, жаңартылмаған да кешегі Кеңестер Одағы керек...». Міне дәл осындай қиын-қыстау күн туғанда, «Егемен Қазақстан» газеті зиялы қауымның да, қарапайым халық өкілдерінің де нағыз мінберіне айнала алды. Тәуелсіз, егемен Қазақстанды құру жағдайындағы ұлттық сананың қалыптасуы қазақ этносының тарихи өткенін зерделеудің мейлінше қажеттілігін танытады. Соңғы кезге дейін қазақ этносының тарихы жекелеген индивидиумдар мен тарихи үрдістер субъектілері тұрғысынан қаралған жоқ. Қоғамдық-саяси қайраткерлердің, ұлттық зиялы қауым өкілдерінің, тіпті халық арасында танымал белгілі адамдардың есімдері әуелі патша режимінің, содан соң 30-жылдардағы тоталитарлық жүйенің саналы жүргізілген шаралары негізінде әдейі ұмыттырылып, жадымыздан өшірілді. Сөйтіп, еліміздің тарихына қатысты айтулы оқиғалар кеңес идеологиясының ыңғайымен айтылып, қазақтың, сол сияқты империяға қараған басқа да ұлттар мен ұлыстардың өткен жолы жете ашылмай, сыңар жақ баяндалып келді. Міне осы олқылықтардың орны 1990-жылдар баспасөзінде толықтырыла бастады. Қазақтың «жабулы қазан» күйінде жатқан арғы-бергі тарихының ақтаңдақ беттерінің құпиясы ашыла бастады.
28.07.2013 16:17 4303

«...Қазақстан территорясының тұтастығын бұзуды көздейтін айлалы әрекетке қарсы шығып отырмыз», - дейді хат авторлары.

Кең-байтақ қазақ жеріне көз алартушылар көбейді. Қазақстанның солтүстік облыстарын бөліп әкетуге негізделген айлалы әрекеттер іштен де, сырттан да жүргізіле бастады.

Қазақ жеріне сырттан көз алартушылар туралы қайраткер-қаламгер Әбіш Кекілбаев соншалықты дәл, әрі құнды тарихи ой айтты: «Сонау сексен тоғыздың күзінде «Московские новости» газетінде Г. Попов Қазақстанға көп территорияны Сталин озбырлықпен тартып әперді десе, дәл сол тектес пиғылды тоқсаныншы жылдың жазында А. Солженицын қоздатты. Тоқсаныншы жылдың желтоқсанында президенттіктен кетіп бара жатып М. Горбачев Қазақстан тың игеру кезінде Ресейдің бес облысын иемденіп кетті деп жар салды. Жуырда «Правда» газетінің бетінде дәл осы алуандас пікірді Ресейдің халық депутаты М. Челноков қайталады.

Бұл төрт «даулы» ауыздың әр жағында ...төрт пиғыл тұр: біреулеріне бұрынғы Кеңестер Одағының орнына ұлттық сипатқа атымен мән бермейді-міс, Америка Құрама Штаттары сияқты Еуразия Құрама Штаттары керек; екіншілеріне сәл жаңартылған немесе тіптен жаңартылмаған баяғы Ресей империясы керек; үшіншілеріне Кеңес Одағы керек; төртіншілеріне ешқандай жақсартылмаған да, жаңартылмаған да кешегі Кеңестер Одағы керек...».

Міне дәл осындай қиын-қыстау күн туғанда, «Егемен Қазақстан» газеті зиялы қауымның да, қарапайым халық өкілдерінің де нағыз мінберіне айнала алды.

Тәуелсіз, егемен Қазақстанды құру жағдайындағы ұлттық сананың қалыптасуы қазақ этносының тарихи өткенін зерделеудің мейлінше қажеттілігін танытады. Соңғы кезге дейін қазақ этносының тарихы жекелеген индивидиумдар мен тарихи үрдістер субъектілері тұрғысынан қаралған жоқ. Қоғамдық-саяси қайраткерлердің, ұлттық зиялы қауым өкілдерінің, тіпті халық арасында танымал белгілі адамдардың есімдері әуелі патша режимінің, содан соң 30-жылдардағы тоталитарлық жүйенің саналы жүргізілген шаралары негізінде әдейі ұмыттырылып, жадымыздан өшірілді.

Сөйтіп, еліміздің тарихына қатысты айтулы оқиғалар кеңес идеологиясының ыңғайымен айтылып, қазақтың, сол сияқты империяға қараған басқа да ұлттар мен ұлыстардың өткен жолы жете ашылмай, сыңар жақ баяндалып келді. Міне осы олқылықтардың орны 1990-жылдар баспасөзінде толықтырыла бастады. Қазақтың «жабулы қазан» күйінде жатқан арғы-бергі тарихының ақтаңдақ беттерінің құпиясы ашыла бастады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға