Жаңалықтар

Астанада құны 346 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Астанада құны 346 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Фото: © El.kz / Артем ЧУРСИНОВ 19.09.2024 22:19 385

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару департаментінің Астана қаласы бойынша Есіл ауданы әкімдігінің хаттамасы негізінде ЖШС-нің жер учаскесін ұзақ уақыт пайдаланбауы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Нәтижесінде құны 346 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше, ауыл шаруашылығымен айналысуға арналған жер учаскесінің аумағы 6,4862 га құрайды. .

Тексеру нәтижесінде ҚР Жер кодексінің 92-бабын бұзу фактісі расталған. 

Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен департаменттің талап арызы қанағаттандырылды, сот шешімі заңды күшіне енді,-делінген министрлік мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға