Жаңалықтар

750 мыңнан астам оқушы буллингке қарсы республикалық флешмобқа қатысты

750 мыңнан астам оқушы буллингке қарсы республикалық флешмобқа қатысты
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 19.09.2024 23:29 440

Еліміздің барлық өңірлерінде «Менің мектебім буллингке қарсы!» тақырыбында республикалық флешмоб өтті. Оған 750 мыңнан астам оқушы қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Флешмоб барысында білім алушылар бірыңғай әуенге би билеп, кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг мәселесіне назар аудартты. Әрбір мектеп флешмобты өз аумағында ұйымдастырып, би қимылдарын оқушылар өздері ойда шығарған. Акцияға тек оқушылар емес, олардың сынып жетекшілері де қатысты. Осылайша балалар буллингке қарсы өз ұстанымдарын білдіріп қана қоймай, осы маңызды мәселе бойынша қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосты.

Буллинг –  әлемдегі өзекті мәселелердің бірі. Бүгін мектеп оқушылары флэшмобқа белсенді қатысты, сол арқылы біз қоғамның назарын балалардың қауіпсіздігі мәселесіне аудардық деп ойлаймын. Оқушылар акцияға қатысып қана қоймай, қоғамның хабардарлығын арттыруға нақты үлес қосты, — дейді «Өркен» БӘАҰҒПИ бірінші вице-президенті Елена Сәкенова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға